жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Абай шаңырағы 2 сынып әдебиеттік оқу
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
«Абай шаңырағы»
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: |
Менің үйім |
|
Педагогтің аты-жөні |
Жакупова Шолпан Шугаевна |
|
Күні: |
|
|
Сынып: 2 |
Қатысушылар саны: 11 |
Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы |
1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. Менің үйім
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу; 2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және жауабын шығармадан таба білу; 2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу; |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша өз ойы мен сезімін тірек сөздерді, пайдалана отырып жеткізедімұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды және жауабын шығармадан таба біледі, мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазады. Көптеген оқушылар: қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және жауабын шығармадан таба біледі, оқулықты басшылыққа ала отырып, дайын суреттерден аппликациялық жұмыстарды құрастырады, талқылайды. Кейбір оқушылар: өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді,мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын өз бетімен анықтай алады, өз ойы мен сезімін жеткізеді. |
|
Бағалау крийтерилері |
-Мәтіннің мазмұны бойыншанақтылау сұрағын қояды -Өз ойын айту үшінтірек сөздерді қолданады
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Тапсырмаларды топта, жұпта орындау кезінде ынтымақтастыққа тәрбиелеу, шығармашылық жұмыс жазу кезінде еңбексүйгіштік құндылықтарын дарыту, өз ойларын еркін жеткізу арқылы ашықтыққа тәрбиелеу. Отанды, туған үйді сүю, ата-баба дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. |
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар «Менің ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрайды.
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Cабақтың басы
|
Нұсқау: Тақтаға киіз үй және жабдықтары мен қазіргі үй және жабдықтардың суреттерін іліп қоямын. Негіздеме: Оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып өз ойларын жеткізу барысында сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырамын. Оқушыларды сабаққа ынталандыру барысында тиімді тәсіл белсенді оқу тәсілін қолданылады. Топқа бөлу Киіз үй және жер үй суреттерден қиынды қағаздарды жинау арқылы екі топқа бөлемін. Тақырыпты болжау
Жауаптарды тыңдау барысында сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбын айтуға жетелеймін. -Біз бүгін киіз және жер үй мен ондағы заттар жайлы білеміз. «Абай шаңырағы» атты мәтіннің негізгі ойын анықтаймыз |
«Галлерияны шарлау» стратегиясы бойынша оқушылар галереяны аралап қарап, керекті ақпарат алады. Алған ақпараттарымен топпен ой бөліседі.
Құрастырған суреттерден топпен талқылайды. Мағынасын ашады. Сабақтың ортақ ойын анықтайды. |
|
Суреттер
Қима
суреттер |
Сабақтың ортасы
|
(ТА)1-тапсырма:Жұмбақ жасыру: Ұқсайтын шеңберге, Қабырғасы жиылып, керіледі. Жиһазы мол бөлме, Төбесінен жұлдыздар көрінеді. (Киіз үй) Бассаң бір түймесін, Есігің ашылған. Керемет күймесі, Кісіні тасыған. (Лифт) Нұсқау: Оқушыларға киіз үй мен лифт туралы сұрақтар қою арқылы сөздерге түсініктеме беремін. Саралау: Диалог және қолдау көрсету арқылы сөздердің мағынасын түсіне алмай отырған кейбір оқушылармен сұраққа жауап алу барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандырамын. (МТ) автор туралы мәліметтерді ұсынамын. Кәмен Оразалин Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауыңда дүниеге келген. -Белгілі абайтанушы, майдангер жазушы, қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы. -Ұлы Отан соғысының ардагері. -«Жексен» повесі 1950ж. «Ақжазық» 1957ж, «Көктем салқыны» романдары 1964ж, өзіңе ең жақын тартатын романы «Абайдан соң» 1972ж. - «Қазақ ССР-нің еңбеқ сіңірген мұғалімі», Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Парасат» ордені және көптеген ордендермен марапатталған. «Абай шаңырағы» мәтінді оқу. (Ө,Т)2-тапсырма «Төрттік» әдісі Нұсқау: Әр топтағы оқушылар төртке бөлінеді. Алдын ала оқушыларға критерийлер ұсынылады. Әр топ жеке-жеке қай тапсырманы орындайтынын сайлап алады. Сол оқушы топта жұмыстарын қорғайды. Абайдың шаңырағы тақырыбының қазақ тілінен тәуелдік жалғауына назар аударуларын ескертемін. І жақтағы тәулдеулі зат есім. Алайша-қой жүннін тоқылған тосеніш Сүйек төсек-жақтауларына сүйектен өрнек салып, әшекейленген ағаш төсек Негіздеме: Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу мақсатында мәтін мазмұнына байланысты диалог жасай отырып,тыңдалым-айтылым, оқылым дағдыларын дамытамын. Тапсырманы орындау барысында бір-бірінің пікірін құрметтеуге тәрбиелеймін. Саралау: Тапсырма беру арқылы тапсырма тәсілін қолданамын. Тапсырманы орындау барысыңда білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған карточкалар беремін. Сергіту сәті: Қыдырып қайтайық АКТ арқылы видеороликпен денені шынықтыру барысында музыкамен билетемін. (МК.Т) 4- тапсырма: Суреттерді топтастыр әдісі: Киіз үй және қазіргі заман үй жабдықтарымен суреттерді ажыратады. Нұсқау: Киіз үй және көп қабатты үй сонымен қатар үй жабдықтарының суреттерін араластырып таратып беремін. Негіздеме: Мұғалімнің көмегімен сурет, апликация,фото суреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жасату арқылы көркем еңбек пәнімен байланыстырамын. Тапсырманы қорғау барысында ой-өрісін дамыту, нақты, нақты жүйелі сөйлеуге дағдыландыра отырып сыни ойлау дағдысын дамытамын. Өздері орындаған жұмыстарына жауапкершілікпен қарауын қағадалаймын. Жауапкершілікке, ынтымақтастыққа тәрбелеймін. Саралаудың Дереккөздер тәсілі қолдана отырып, топта күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алатын кейбір оқушыларға баспадан щыққан суреттерді пайдалану арқылы аңағұрлым ауқымды ресурстар ұсынамын. 5-тапсырма: «Автор орындығы» әдісі Нұсқау: Оқушы өз бөлмесінің қандай болғаның қалайсын? Тақырыбында орындыққа отырып әнгімелеп береді.Бұл әдіс сабақты бекітуде тиімді. Негіздеме:Әңгімелеу барысында оқушылардың сыни ойлау дағдысы дамиды, пікір алмасуға қатыстыра отырып тындалым-айтылым дағдыларын дамытамын. Алған білімдері өмірде қажеттілігін түсінеді. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барысында оқушылардың әнгімелеуі әртүрлі болады. Топпен жұмыста өз ойларын еркін айтуға жетелеймін, ашықтық құндылықтарын дарытамын.
|
Оқушылар диалогқа түсу арқылы жалғастырып айтады
Бірінші оқушы оқиды, Екінші оқушы тыңдайды, Үшінші оқушы мағынасы қиын сөздерді жазады, Төртіншісі Абай атаның сипаттайтын сөздері түртіп отырады,
Сөздік жұмысты дәптерлеріне жазады.
Оқушылар сергіту жасайды
Үй жабдықтарын ажыратады Оқушылар топтастыру арқылы суреттерді қағазға жабыстыру арқылы апликациялық, шығармашылық жұмыс жасау барысында әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Тақырып бойынша әңгімелейді.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді
|
Тыңдалым Айтылым тапсырмасы арқылы дұрыс жауап берген Оқушыны бас бармақ көрсету арқылы Бас бармақ әдісімен бағалаймын.
(ҚБ) Сұраққа нақты жауап алу мақсатында оқушыларды «Жарайсың!» «Керемет!» «Тамаша!» деген сөздермен ауызша мадақтау арқылы ынталандырамын.
Бағалау: Қол шапалақ әдісі арқылы тапсырманы орындау барысында нақты, жүйелі сөйлеген оқушыны қол шапалақтау арқылы оқушылар бағалайды.
Ауызша мадақтау
|
Жұмбақты жасыру
Бес бармақ әдісі
АКТ-мен жұмыс
Оқулық
Оқулық, дәптер
Карточкалар
АКТ-мен жұмыс
Суреттерді топтастыр әдісі
Аппликациямен жұмыс(А3 қағаз, әртүрлі суреттер, желім),
«Автор орындығы» әдісі
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» кері байланыс. «Білемін»,
«Түсінемін», «Қолымнан келеді» . |
Оқушылар Сабақтан алған
білімі мен үйренгені туралы айтады. |
ҚБ:1-10 балдық жүйе . |
«Жетістік баспалдағы» |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген