400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Абай шығармаларынан үзінді» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Абай шығармаларынан үзінді»

Мақсаты: А. Құнанбаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Ақынның өнегелі өмірін үлгі ете отырып оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, ақынның өмірі мен шығармалары туралы слайдтар, қанатты сөздер, Абай шығармалары туралы шағын көрме, ақынның кітаптары.


1. А. Құнанбаевтың өмірбаяны.

2. Табиғатым – махаббатым. (ақынның жыл мезгіліне байланысты өлеңдерін оқыту)

3. Түйін сөз. (ақынның қарасөздерін оқыту)

4. «Ән салайық» (ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау)

5. Би: Шашу.

6. Қортындылау.


  1. А. Құнанбаевтың портреті

Абай Құнанбаевтың өмірбаяны


Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін

салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы

(бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс

тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай

деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ

зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе

тәрбиесін алады.

1-оқушы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Бұл сөзді тақсыр-ұқпас, таланты ұғар,

Көңілінің көзі ашық сергек үшін.


2-оқушы:

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес сырын көрмей.

Шу дегендей құлағың тосансиды,

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.


Мұғалім:

  • Оқушылар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Төрт жыл мезгілі бар.

Олай болса, кім қай жыл мезгілін ұнатады? Оқушылар алдарында төрт түсті фишкалар жатыр.

Жасыл – көктем

Қызыл – жаз

Ақ – қыс

Сары – күз

осы түстердің біреуін қолдарыңа алып, көрсетіңдер.

Жасыл түсті таңдағандар – I топ

Ақ түсті таңдағандар – II топ

Сары түсті таңдағандар – III топ

Мұғалім:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жербетінің ажары ол, сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.


Слайдтан 4 жыл мезгілдерін көрінісін көрсету.

Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне байланысты тапсырмаларды орындайды. Тапсырма:

  1. Жыл мезгіліне байланысты өлең оқиды.

  2. Алдарыңдағы әрбір жыл мезгілі байланысты берілген макетті пайдаланып әңгімелеу.

  3. Берілген жыл мезгіл туралы эссе жазу.

Түйін сөз.

Оқушыларға ақынның қарасөздерін кезек-кезек оқыту.


« Ән салайық »

Мұғалім:

Сонымен бірге Абайдың шығармаларының бірі оның композиторлығы. Олар «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңдері бар.


Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімді

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, деп жырлағандай Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берейік.


Қыздардың орындауында ән «Желсіз түнде жарық ай»

Ұлдардың орындауында ән «Көзімнің қарасы»


Би: «Шашу» қыздар тобы


Қорытынды.

Оқушылар бүгінгі сабағымызда ақын, композитор Абай аталарының шығармалары туралы бірнеше мәліметтер алды деп ойлаймын. Алған білімдеріңді тексеру үшін тақтаға назар аударайық.


DrawObject14 DrawObject13 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7

















Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Қонысова Қансұлу Алдабергенқызы

№142 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

Дербісек ауылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі