400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Абай шығармалырына иллюстрация жасау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Апта 14


Күні: 7 желтоқсан

14-cабақ

6-сынып. Оқушылар саны-24

Сабақтың тақырыбы:

Иллюстрация.Абай шығармалырына иллюстрация жасау



Жалпы мақсаты


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқушының қабілетін дамыта отырып, жеке

тұлға қалыптастыру, әдеби шығарма желісіне иллюстрация

жасауға бейімдеу.

Тәрбиелігі: адамгершілікке, сұлулыққа ( табиғат сұлулығын түсінуге,бейнелей білуге) тәрбиелеу;

Абай шығармаларын түсінудегі бейнелеу өнерінің ролі туралы айту.Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Оқу нәтижелісі:


Кітап графикасы туралы түсінік жалғасып, қалыптасады. Иллюстрацияның маңызын түсініп, оны сала білуге үйренеді.

Түйінді идеялар


Жасалу,салу жолдарын біледі,есте сақтайды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Үй тапсырмасын сұрау. «Галерея аралау» әдісі
















2.Топқа бөлу.





































3.Сыни тұрғыда ойлату (Суретшілер шығармаларын көрсету талдау арқылы тақырыпты ашу)

































5.Топқа тапсырма береді(суреттер беріледі)









































6.Сарамандық жұмыс жасату.







7. Диалог арқылы сабақты қортындылау


8.Бағалау

(формативті,жиынтық)





9.Үйге тапсырма беру





10.Рефлекция

Оқушылардың «Кітап графикасы» тақырыбындағы кітап макеттерін көріп тамашалау, бағалау. Өздеріне ұнаған кітап макетіне сынып оқушылары мен мұғалім ақылдаса отырып бағалау парақшасына арқылы баға береді.

Кітап графикасы - графиканың бір саласы. Кітап графикасына кітапты иллюстрациялау мен құрылымын үйлестіру (мұқаба, ішкі беті - титул және кітаптың басқы беттерін безендіру, т.б.) жатады. 

-Графика өнерінде қандай техника түрлерін пайдаланып сурет салады?

-Гравюраның түрлерін ата?

-Қолданбалы графика түрлеріне нелер жатады?

-Графика өнеріне үлес қосқан қазақ суретшілерін ата?


Топтың атаулары: (Қар ұшқыны,Жасыл жапырақ,гүл, сары жапырақ- суреттер таңдау арқылы топқа бөлу)

Қар ұшқыны-Қыс,

Жасыл жапырақ- Көктем,

Гүл- Жаз,

Сары жапырақ- Күз екенін ажыратып айту.







-Балалар, осы жыл мезгілдері туралы қандай ақынның өлең жолдарын білесіңдер? (Абай Құнанбаев)

Олай болса, әр топ өз тобының атына сай өлең жолдарын еске түсірейік. Жаз 

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.

Күз 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Қыс 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,

Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.



















Суреттерді көру арқылы қайсысы иллюстрацияға жататынын ажырату. Өтетін тақырыпты түсінеді

Бұл аңыз-ертегілерінің аттары қалай аталады?

«Маша және аю»

«Бауырсақ»

«Алтын сақа»

«Қобыланды батыр»

Сондай – ақ, халқымыз ел қорғаны батырлары қадір тұтқан, ардақтаған. Қылқалам шеберлері оларға да сан алуан иллюстрациялық суреттер салған. Мысалы, «Қазақ эпосы» кітабы батырларға арналған иллюстрациялық суреттер көп. Онда зор тұлғалы, тұлпар мінген Қобыланды батыр бейнесін салынған. Кең жазық дала, аспан. Қобыланды батырдың басқыншылар мен күреске шығуға аттанып бара жатыр. Халық оның жеңіске жететініне сенеді, өйткені ол батыл, ер жүрек, қайратты туған елін шексіз сүю.

Сендер де Қобыландыдан өз еліңді, жеріңді. Отаныңды яғни Қазақстаныңды сүюлерін керек. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деп ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай еліміздің сендерсіндер, осы естеріңде болсын. (Қобыланды батырдың иллюстрациясын көрсету) Сол сияқты иллюстрациялық суреттер қазақ ертегілер мен аңыздарыңда да көп. Иллюстрацияны әр уақыт мазмұнға қарап салу керек.

-Ал, енді осы кітаптарға кімдер сурет салғанын біле кетейік?

-Дұрыс айтасыңдар, суретшілер.

Кітап графикасына атақты суретшілеріміз Ә.Қастеев, Қ.Қожықов, Н. Смағұловтар көп еңбек сіңірген.


-Ал, енді біз бүгін Абай Құнанбаев ақын атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін тыңдай отыра , осы шығармаға иллюстрация салуды бастайық.






Топтық жұмыстарды бағалайды.

Топ жұмыстарын арнайы файлға жинақтап, оны кітаптың иллюстрациясы ретінде көрсету.



Бағалау парақшасы арқылы топ басшысы белгілер қойып, жиынтығы арқылы бағаланады.




Тақырыпты оқып келу,қара карандашпен иллюстрация салып келу..






«Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» -Абай Құнанбаев ақын атамыз айтқандай сендер де ертегі-аңыз кітаптар оқып келіңдер.

Дереккөздер және жабдықтар: Оқулықтар, кітаптар жиынтығы, суретшілер шығармалары. иллюстрациялар, суреттер салатын бояу жабдықтары, альбомы, ватмандар,стикерлер.






























Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы















Shape1

















Пәні: Бейнелеу өнері

Пән мұғалімі: Айкенова Светлана

















Мойынқұм ауылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі