Әбілхан Қастеев
(ашық сабақ)
Сыныбы:
3«б»
Күні:
03.02.2015ж
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың
тақырыбы: Әбілхан
Қастеев
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:қазақтың атақты суретшісі
Әбілхан Қастеев атамыздың өмірі мен
өнері туралы жаңа мәліметтер
беру. Салған суреттерімен
таныстыру.
Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық
білімділігін кеңейту, ой
өрісін дамытып, сөздік қорын
байыту. Сурет өнеріне деген
қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік:әр өнер саласын ерекше бағалай
білуге, оның қиындығы мен
қызығын түсіне білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ
жауап,баяндау,түсіндіру.
Сабақтың
көрнекілігі:үлестірмелі қима қағаз,Әбілхан Қастеевтің суреттері,
кроссворд, ребустар.
Сабақтың
барысы
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушы зейінін сабаққа аудару,
оқу құралдарын түгендеу. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу және топ
басшыларын тағайындау. Әр оқушыға жұлдыз тарату. Сабақ барысында ол
әр дұрыс жауабына смайлик алып отырады және соны жұлдызшаға
жапсырып отырады. Сабақты келесі өлең жолдарымен
бастау:
Қайырлы
күн,балалар
Қайырлы
күн,мұғалімдер
Тыныш болсын
түніміз
Ашық болсын
күніміз.
Қайылы таң достым,-1
оқушы
Қайырлы күн болсын,-2
оқушы
Аптаның әр күні,-3
оқушы
Сәттілікке толсын!-4
оқушы.
Біздің алар бағамыз кілең
бестік болсын!/бәрі оқушылар/
II.Үй тапсырмасын
сұрау.
Үйге берілген тапсырманы
бірнеше балаға әңгімелету. Өткен сабақ бойынша берілген сұрақтарға
жауап алу.
1.
Тапсырма
1. Лениногорск қаласының
бұрынғы аты? Риддер
2. Артистерді бастап келген
кім? Құрманбек Жандарбеков
3. Халық клубқа қалай жиналды?
Әміренің даусына
4. Артистер Риддер қаласына
қай жылы келді? 1934ж
5. Артистер мәдениет үйіне
барғанда есікте не тұр екен? Үлкен қара
құлып.
6. Халықты әнімен баурап алған
кім? Әміре Қашаубаев
7. Әміре атамыз қай қалады
қазақ әндерін әлемге паш еткен? Париж
қаласы
2.Тапсырма
Үш топқа үш сұрақ қою.
Берілген сөздердің мағынасын түсіндірту.
А)Аспанды қақ жарғандай
/күшті, қатты.
Ә)Тасыған қар суындай/
топырлай, бір-біріне жол бермей.
Б)Сеңдей соғылысады/ бір
сәтте, қаптап,ағылып.
3.
Тапсырма
Мұғалім сұрағы: Әміре
Қашаубаев атамыздан басқа тағы қандай қазақтың өнер адамдарын
білесіңдер?
Күтілетін жауаптар: Құрманғазы
Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова,
Жамбыл
Жабаев.
Мұғалім сұрағы: Қандай өнер
түрлерін білесіңдер атаңдаршы?
Күтілетін жауаптар: ақын,
жазушы, қол өнер шебері, әнші, күйші.
ІІІ. Жаңа сабаққа
көпір
Өнер туралы мақал мәтел
айту.5-оқушы мақал айтса “суретші” сөзі
шығады.
ІҮ. Жаңа
сабақ
Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
Суретші Әбілхан Қастеев атамыздың өмір жолын
баяндау.
Әбілхан Қастеев атамыз 1904ж
Жаркент қаласының Шежін ауылында дүниеге келді. Ата-анасы
диқаншылықпен мал бағумен айналысқан қарапайым адамдар. Әбілхан
атамыз сегіз жасында сиыр баққан, қой
баққан.
Сол күнінде ол табиғат
әсемдігіне ұзақ көз тіге қарап, таң шапағындағы және күн ұясына
батардағы қызыл түске ерекше қызыға қараған. Қойларын бір сәтке
иіріп қойып айналаны шарлап, асыл тастар іздейтінді шығарды.
Әжелерге ұршық жасап, қарындастарына моншақ жасап та беретін. Өсе
келе тастан мүсін жасайтын болды. Өзі қойын бағатын байлардың
мүсінін жасайтын. Мүсін жасаймын деп талай рет алдындағы қойларын
жоғалтып таяқ жеген күндері де болды. Оның сурет салуына табиғат
әсемдігінен басқа ана-әжелерінің текемет, алашаға салған
ою-өрнектері болды. Өз суреттерінде атамыз халқымыздың тұрмыс
тіршілігін ерекше бейнелеген. Әбілхан атамыз сөзге онша жоқ, көп
сөйлемейтін болған екен. «Иә» немесе «жоқ» деген сөздерді ғана
айтады екен. Бірақ оның не айтқысы келгенін салған суреттерден анық
байқауға болады. Оның алғашқы салған
суреттері
«Киіз үйдің ішкі көрінісі»,
«Мектепке»(суреттерін көрсету).Әбілхан атамыздан бұл өнерді қайдан
үйрендіңіз дегенде, ол кісі:
Таудың
бұлағынан,
Қойдың
құлағынан.
Апамның
киізінен
Ешкінің мүйізінен – деген
екен.
1945ж Әбілхан атамыз «Құрмет
белгісімен» награтталды. 1984ж суретші атамыздың 80 жасқа толуына
орай дербес көрмесі ашылды. Бұл кісіге арнап Алматы қаласында музей
ашылда және бұл кісінің атында көше бар. Ал жүз жылдығына орай
үлкен кітабі жарық көрді.
Кітаппен жұмыс. 154-155
беттегі мәтінді тізбектей оқыту.
Сергіту сәтін
орындау: Елді сүйген
баламыз
Білімнен нұр
шашамыз.
Әбілхан
атамыздай,
Өнерлі суретші
боламыз.
Біз талапты
баламыз,
Оқып білім
аламыз
Ү. Қортынды
бөлім:
Үш топқа үш түрлі тапсырма
беру.
І топ. Берілген сұрақтарға
жауап жазу.
ІІ топ. Кроссвордты
толтыру.
ІІІ топ. Ребусты
шешу.
Сынып болып табиғат суретін
салу, ол суретін өлең жолдарымен немесе мақалмен
қортындылау.
ҮІ. Бағалау
кезеңі:
Үш топ басшысы оз тобындағы
оқушылардың сабақ бойы жинаған смайликтерін санап баға
береді.
VII.Үйге тапсырма
беру: 154-155 беттегі мәтінді оқу,
әңгімелеу.
1. Лениногорск қаласының
бұрынғы аты?
2. Артистерді бастап келген
кім?
3. Халық клубқа қалай
жиналды?
4. Артистер Риддер қаласына
қай жылы келді?
5. Артистер мәдениет үйіне
барғанда есікте не тұр екен?
6. Халықты әнімен баурап
алған кім?
7. Әміре атамыз қай қалады
қазақ әндерін әлемге
паш еткен?
А)Аспанды қақ
жарғандай
Ә)Тасыған қар
суындай
Б) Сеңдей
соғылысады
С У
Р Е
Т ШІ
Әбілхан атамыз қай жылы
туылған?
Ол қандай отбасында
дүниеге келген?
Оның сурет салуына ісер
еткен не?
Әбілхан атамыз бағып
отырған қойларын қалай жоғалтып
алды?
Әбілхан
атамыздың
атымен аталған не
бар?
Әбілхан атамыз қай жерде
дүниеге келген?