400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті." 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдерімен іс тәжірибе алмасу мақсатында және жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 11 «Б»

Сабақтың тақырыбы:Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

оқушыларға Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жайында ақпарат беру, мемлекеттік емтиханға дайындық жасау, қысқарған сөздерді сөйлемде қолдана білуге дағдыландыру;

Дамытушылық:

оқушылар бойындағы Қазақстандағы орта, жоғары білім жөніндегі білімдерін дамытып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен танысып, қазақ тіліне құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, кітаппен жұмыс, түсініп оқыту.
Сабақтың көрнекі-құралдары: интерактивті тақта,оқулық, таратпа қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме ! Здравствуйте! Good morning, dear students!

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деп Елбасымыз айтқандай ,бүгін біздің сабағымыз үш тілде өтпек.

Топқа бөлу ( топ басшылары топ атаулары бар үш конвертті алады).

Мұғалім бағалау парағын топ басшыларына түсіндіреді.

ІShape1 І. Үй тапсырмасын тексеру: «Жалпы орта білім-үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей» мәтінінің мазмұнын айту.

ІShape2 топҚазақстан гимназия туралы айтады (ассоциация әдісі)

Shape4 Shape3

гимназия

Shape5

Shape6



ІІ топ Ресей лицей туралы айтады (фишбоун әдісі)




лицей




ІІІ топ Ұлыбритания гимназия мен лицейдің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайды.(ВЕН диаграмма әдісі)

гShape7 Shape8 имназия лицей






(үй тапсырмасы не мақсатпен берілді?)

Күтілетін нәтиже

Жалпы орта білім-үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгейлержайында ақпарат алу үшін.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Балалар, тақырыбымыздан көріп отырғандарыңыздай, бүгінгі сабағымыз жоғары оқу орнын таңдауға арналады.

Сабақты бастар алдында, эпиграфқа мән берейік. Бұл біздің Елбасымыздың соңғы жолдауынан.

Адами капитал – жаңғыру негізі. Н.Ә.Назарбаев

( Человеческий фактор – основа модернизации)


Қазақстандағы ең үлкен білім ошақтарының бірі –Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы мәлімет алайық.
1. Жаңа сөздермен жұмыс:

Талапкер- абитуриент- gradianter

Ғылыми – жаратылыстану- естественно - научный

Бағдарламалық –программный

Зерттеу университеті- исследовательский университет

Енгізу – внедрять

Талап – требование- demand

Ескеріліп отыр – учитывается

Беделді – уважаемый

Үздіксіз – безотрывный

Еңбек нарығы – трудовой рынок

Мүмкіндік – возможность-possibility

І топ (Қазақстан)- Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді қысқартып жазыңдар да, етістіктер мен сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті –( исследовательский университет).

Педагогикалық институтқа түскенде (абитуриент) білімі (учитывается).

Тараз Мемлекекеттік педагогикалық институтында модульдік технологиялар (внедрили)

ІІ топ (Ресей)-Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді қысқартып жазыңдар да, зат есімдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Қазақ – Түрік колледжі(естественно – научный) бағыттында оқытады.

Тараз Инновациялық Мемлекеттік Университет- ең (уважаемый) университеттердің бірі.

Қазақ Ұлттық Университеті үздіксіз білім беруде

ІІІ топ (Ұлыбритания) -Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерді қысқартып жазыңдар да, зат есімдерді қазақ, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.

(Абитуриент) Тараз Мемлекеттік Университетіне оқуға келді.

Медицина колледжінің (требования) өте қатал.

Физика – математикалық оқу орындары көп ( возможности) береді.

2. Негізгі бөлім.

Бүгін мен сіздерге Қазақстанның өкілі ретінде сіздерге Қазақстаннан жеделхат әкелдім. Сіздер жеделхатты қазақ және орыс тіліне аударыңыздар.

The republic of Kazakhstan invites you to theKazakh National University named by Abu – al – Farabi.

3. Кіріспе.Рахмет! Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барар алдында біз бұл университет туралы толық мәлімет алу керекпіз. Бұл университет ұлы ғұламаӘбу Насыр әл-Фараби атымен аталған . Сіздер Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білесіздер?

( оқушылардың жауаптарын үш тілде тыңдау).

4. Кітаппен жұмыс.

246 –бет 8 – сабақ.

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма.Мәтінді оқу, аудару.

Дәптермен жұмыс.

І топ (Қазақстан) – мәтінге 3 жеңіл, 3 күрделі сұрақ қою.

ІІ топ (Ресей) –төменде берілген сөйлемдерге тиісті сөздер мен сөз тіркестерін қойып жазыңдар.

Сұранысты ескере отырып, университетте ............ ашылды.

ҚазҰУ- дың зерттеу университетіне ... оқу орнының барлық қызметін қамтиды.

.... ең әуелі факультеттерден басталды.

Қазір олар ... тұрғыдағы негізге сай жасалған.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері: жаңа мамандықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, кластерлік.

ІІІ топ (Ұлыбритания) –мәтіннен қысқарған сөздерді теріп жазыңдар. Жасалу жолдарын түсіндіріп, сөйлемдер құраңдар.

2-тапсырма.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді толықтырып жазып сөйлем түрлерін ажыратыңдар.

Мен Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға бармақшымын, өйткені ...

Мен Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға бармаймын, өйткені ...

Маған Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұнайды , сондықтан ...

Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде медицина факультеті ашылса ,...

IV. Бекіту.

І топ (Қазақстан)- Сіздер Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өкілі ретінде басқа мемлекет өкілдерін оқуға шақырасыздар.


Күтілетін нәтиже

Мен сіздерді біздің Республикадағы ең үздік университеттердің бірі - Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға шақырғым келіп отыр, өйткені біздің университет факультеттері кластерлік негізге сай. Әр талапкердің сұранысы ескеріле отырып, жаңа мамандықтар ашылды. Мысалы: «химия және химиялық технология», «физика – техникалық», «биология және биотехнология», «география және табиғатты пайдалану» және т.б.

Біздің университетте үздіксіз білім алуға, әлемдік еңбек нарығында жоғары білікті маман болу үшін барлық мүмкіндік бар.


ІІ топ (Ресей)-Сіздер Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінебасқа мемлекет өкілі ретінде оқуға барғыларыңыз келетінін дәлелдеңіздер.


Күтілетін нәтиже

Мен Қазақстан Республикасындағы Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға барсам деймін , өйткені бұл университет факультеттері қазіргі заман талабына сай. Әр талапкердің сұранысы ескеріле отырып, жаңа мамандықтар ашылған . Мысалы: «химия және химиялық технология», «физика – техникалық», «биология және биотехнология», «география және табиғатты пайдалану» және т.б.

Бұл университетте үздіксіз білім алуға, әлемдік еңбек нарығында жоғары білікті маман болу үшін барлық мүмкіндік бар.


ІІІ топ (Ұлыбритания) – Сіздер Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінебасқа мемлекет өкілі ретінде оқуға барғыларыңыз келетінін дәлелдеңіздер.


Күтілетін нәтиже

Мен Қазақстан Республикасындағы Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға барсам деймін , өйткені бұл университет факультеттері қазіргі заман талапына сай. Әр талапкердің сұранысы ескеріле отырып, жаңа мамандықтар ашылған . Мысалы: «химия және химиялық технология», «физика – техникалық», «биология және биотехнология», «география және табиғатты пайдалану» және т.б.

Бұл университетте үздіксіз білім алуға, әлемдік еңбек нарығында жоғары білікті маман болу үшін барлық мүмкіндік бар.


V. Қорытынды.

Бүгін сабақта сіздер не білдіңіздер?

Сіздер қай жоғары оқу орнына барасыздар?


VІ. Үй тапсырмасы: «Мен қалаған жоғары оқу орны» тақырыбына шағын эссе жазу.


VІІ. Бағалау: жауап берген оқушылардың білімін топ басшылары , мұғалім бағалайды.

Мұғалімнің сөзі: «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. Сіздерде сондай қазақстандықтар болады деп ойлаймын.







































Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты қандай?

  2. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде талапкерлер қай бағытқа сұраныс артып отыр?

  3. Университетте қандай мамандықтар ашылды?

  4. Түбегейлі ауысу неден басталды?

  5. Университиетте қандай факультеттер бар?

  6. Мәтіндегі қысқартылған сөздерді атаңыздар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі