жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Абылай хан
|
Сабақ: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Абылай хан |
Мектеп: «Бірлік ЖОМ» |
||||||||||||||||||||
|
Күні: 21.11.2017ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенова Аманкул |
||||||||||||||||||||
|
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысқандар саны: 23 Қатыспағандар саны: 0 |
||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
Оқушылар қазақ тарихында үлкен рөл атқарған мемлекет қайраткері, қол бастаған Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейтеді. |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Мәтінге байланысты сөз тіркестерін жазады, таныс сөздерді құрады, қарапайым сипаттама сөздерді қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Мәтінге байланысты сипаттау тіркестері мен сөйлемдерді жазады; Таныс сөздер мен сөз тіркестерін тауып, қолданады; Жаңа сөздерді жазуға талаптанып, көркем жазады. Кейбір оқушылар: Сипаттайтын сөйлем жазады; Қызықты және сипаттамалық сөз орамдарын орынды қолданып жазады. |
||||||||||||||||||||
|
Бұрыннан бар білімдері |
Оқушылар ір түрлі мақсатта жазылған әдеби емес мәтіндермен таныс және жаңа сөздерді анықтау үшін көптеген стратегияларды біледі. |
||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|
||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 8 мин |
Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір-біріне ыстық лебіздер айту. Топқа бөліну: 1-топ: «Мұрагер» 2-топ: «Атамұра», 3-топ: «Шежіре» Үй тапсырмасын сұрау: М.Әуезов. Жолда «Өрмекшінің өрмегі» арқылы үй тапсырмасын сұрау Оқушыларға сұрақ қою арқылы жауап алу 1.М.Әуезов кім? Оның елге танымал қандай еңбек жолын білесің? Оқушылар жіпті қолдарына оратып, Мұхтар Әуезов пен "Абай жолы" романынан алынған үзінді бойынша алған білімдерін көрсетеді. Сергіту сәті |
Көңілді әуен Домбыра, киіз үй, кітап суреттері М.Әуезов суреті, жіп Би қимылдары |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 22 минут |
(Т) Бағытталған оқу ретін сақтай отырып, әңгімені топта оқу. Мәтінді оқыған кезде сөйлемдегі жаңа сөздерді қалдырып оқып, біткеннен кейін, мәтінге қайта оралып, жаңа сөздердің мағынасын болжау. (МК; Ұ;Т;Қ) Мәтінмен жұмыс. Негізгі ойды анықтай білу. Ой қорытып, кері байланыс жасай алу Оқушылар шығарманы оқып шығады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларға шығармадағы негізгі ойды анықтатады. Әрі қарай шығарма желісі бойынша топтарға топтық тапсырмалар ұсынады: Бүгінгі жаңа сабағымызда Абылай туралы білетініміэді жинақтап, тұжырымдап, оның ерліктерімен танысамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы.Себебі,әр топқа Абылай туралы материалдар жинақтау тапсырылған. Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмыстарын көрсетеді. I топ: «Мұрагер» тобына Абылайдың өмірбаяны берілген. Қазір осы топтың жұмысын тыңдаймыз. 1- оқушы: Біздің Мұрагер тобы Абылай ханға арнап «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты тақырыпта материалдар жинақтады. 2- оқушы Абылай 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Азан шақырып қойған аты- Әбілмансұр. 1723 жылы Жоңғарлармен шайқаста Абылайдың әкесі Уәли қаза табады. Дұшпандар оның үй ішін, туған туыстарын түгелдей қырып тастайды. Абылай хан үйінің сенімді көмекшісінің арқасында тірі қалады. Қашып шыққан Әбілмансұр өзінің аты-жөнін жасырады. 3- оқушы: Еліді жағалап жүріп Әбілмансұр Төле би ауылына келеді. Төле биге келіп сәлем береді. Оның киген киімі алба-жұлба, шашы өсіп кеткен болады. Төле би жөн сұраса, аты-жөнімді білмеймін. Атымды сіз қойсаңыз қарсы емеспін дейді. Төле би баланың тегін емес екендігін біліп оған «Сабалақ» деген ат қояды. Бірнеше жылдан соң ауылына Бөгенбай батырдың келгенін пайдаланып, Сабалақ биден рұқсат алып Жоңғарлармен болған шайқасқа қатысады. 4 -оқушы: Абылай 1781 жылы дүниеден өтеді. Абылай хан- қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, өз елін, туған халқын сүйе білген. Абылай тұлпар мініп ту ұстаған, Көңілі шапқан жауға суыспаған. Тұғырдан тоғыз түлек ақ сұңқардай, Тоятқа айдын-көлден қу ұстаған. Міне, балалар, «Мұрагер» тобы «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты газет шығарды. II топ. «Атамұра» тобына Абылайдың ерліктері тапсырылған. 1 -оқушы: біздің «Атамұра» тобы «Абылай бабам ерлігі» атты буклет дайындады. 2- оқушы: Абылай қазақты біріктіруге, оны жаудан қорғауға барынша күш салды. Талай шайқастарда өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті. 3 -оқушы: 1737 жылы Жоңғарлармен Қазақтар арасында үлкен шайқас болды. Шайқас бірнеше күнге созылды, кезек жекпе-жекке берілді. Жоңғар батыры мен шайқасқа түскен Әбілманұр жауға қарай «Абылайлап» шабады. Жекпе-жек Жоңғар батырының басын алумен аяқталады. 4- оқушы: 1771 жылы Абылайды қазақ халқы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Абылай хан болғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады. III топ. «Шежіре» тобына «Абылай мәңгі ел есінде» атты тақырыпта материалдар жинақтау тапсырылған. 1- оқушы: біздің «Шежіре» тобы «Абылай мәңгі ел есінде» атты альбом дайындады. 2- оқушы: «Атамұра» баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында «Абылай хан» атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды. 3- оқушы: Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды. 4 -оқушы :Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашылды. 5- оқушы: Ел басы Н.Назарбаев Көкшетау қаласының бас алаңында орнатылған ұлы ханның ескерткішін ашты. 6- оқушы: Қазақ кино студиясы шетелдік әріптестермен біріге отырып «Көшпенділер» фильмін түсірді. Міне балалар үш топта өздеріне берілген тапсырмаларды толығымен орындап, біздерді Абылай хан туралы қосымша деректермен таныстырды. Енді сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызда біз сендермен Шоқан Уәлихановтың «Абылай хан» атты мәтінімен танысамыз. Алдымен Шоқан Уәлихановтың өмір баянына тоқталып өтейік - Шоқан Уәлиханов 1835 жылы дүниеге келген. -Туған жері Қостанай облысы,Құс мұрын өңірі .-Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. - Омбы кадет корпусында оқыған. - Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы. - «Ыстық көл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері бар. - 1865 жылы дүниеден өтеді. - Талдықорған өңірі «Алтын емел» баурайында жерленген Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің мәнерлеп оқуы). Сөздікпен жұмыс. Мәтінді оқушыларға іштей оқыту.Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру. «Мұрагер» тобына- мәтіннен 18 ғасырдағы қазақ елінің өмірін суреттейтін бөлікті табу. «Атамұра» тобына- Абылайдың ерлігін суреттейтін тұсты тауып оқу. «Шежіре» тобына- Абылайдың көршілес елдермен жасаған қарым-қатынасы туралы жазылған тұсты тауып оқу. Дәптермен жұмыс 1 топ. Абылай ханға мінездеме 2 топ. Қазақ елінің халін суреттейтін сөз тіркестерін жазу 3 топ. Қалден-Сереннің қазақ даласын жаулап алудағы мақсаты не? (Ж, Қ) Үлкен қағазға/параққа бас кейіпкердің суретін салу. Суреттің айналасына кейіпкердің сыртқы әлпетін бейнелейтін сөздерді, ал ішіне кейіпкердің мінезін сипаттайтын сөздерді жазу. Бірлесіп жазу әдісін қолдану. Венн диаграмма:
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жауап береді. -Шығармадаңы негізгі ойды мақалмен түйіндеңдер; - Шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындаңдар; -Бес жолды өлең құрастырыңдар; -Авторға хат жазыңдар; т.с.с. жасау. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығару. |
Ш.Уәлиханов, Абылай суреттері, буклет, газет Қағаз, маркер, т.б. Суреттер: батырлар суреті, Ахмет-Яссауи кесенесінің суреті Төле би суреті Газет Буклет Альбом Ш.Уәлиханов суреті |
|||||||||||||||||||
|
Қорытынды бөлім 10 минут |
Т;Қ) Постер жасап, қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау. Топтық жұмыстарын топта жариялау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады. |
|
|||||||||||||||||||
|
|
«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы. «ББҮ» кестесімен жұмыс.
Кестенің үшінші бөлігін толтыру. Жұбымен ой бөлісіп, талқылау. Топта жариялап, диалог құру арқылы ой бөлісу. Өзін-өзі бағалау: Үлгі негізінде
Ең жоғары балл – 3. Барлық балл – 12. 12-11 балл – «5» 10-9 балл – «4» 8-5 балл – «3» «ББҮ» кестесімен жұмыс «Өзін-өзі» бағалау |
|
|||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс денсаулық пен қауіпсіздік АКТ Құндылықтар |
|||||||||||||||||||
|
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
|
||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
|||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген