жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. "Абылайхан кезіндегі ішкі саясат"
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы |
Мектеп: Қарақойын ЖОББМ
|
||||||
Сағат саны: 1 сағат |
Күні: 22.10.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жанзаков Н.М.
|
|||||
Сынып: 8 (7)
|
Қатысқандар саны: 9 Қатыспағандар саны: 0 |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты |
||||||
Сабақтың түрі |
Ізденіс сабағы |
||||||
Зерттеу сұрағы |
Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты |
7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау |
||||||
Тарихи концепт (фокус) |
|
||||||
Сабақтың мақсаты |
Абылай ханның Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтаудағы ролін талдайды |
||||||
Бағалау критерийлері |
Білу мен түсіну – Абылай жүргізген сыртқы саясаттың мәнін түсінеді;
Сыни ойлау мен талдау- Абылай ханның Қазақ хандығының дербестігін сақтаудағы ролін талдайды;
Бағалау- Абылай ханның қазақ тарихында алатын орнына баға береді |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Абылай ханның сыртқы саясаты туралы ресурстармен танысады (оқылым, тыңдалым мен жазылым дағдылары) Пәнге қатысты лексика мен терминология Мәмлегер, дербестік, тәуелсіздік Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Абылай ханның көздеген мақсаты… Қазақ хандығындағы ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені… Абылай ханның ішкі саясатының басты бағыттары... |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Абылай ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады. |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс. |
||||||
Бастапқы білім |
ХVІІІ ғ Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты туралы біледі |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Басы
5 мин
|
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру. БЫМ Абылай хан суреті арқылы тақырыпқа шығу.
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы өткен тақырып еске түсіріліп, сабақ тақырыбы анықталады. Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырып алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі хабарланады. М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылып, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? |
Презентация
Қосымша-1 Сурет
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 3-том. – Алматы, 2010.
Абылай хан. Қасымбаев Ж. – Алматы: Аруна, 2011ж. |
|||||
Ортасы
10 мин
10 мин
10 мин |
Т Сыныпқа Абылай ханның жүргізген саясаты туралы ресурс бейнематериал көрсетіледі. Ұсынылған бейнематериал топтамасының әр қайсысынан тапсырмаға қатысты ақпараты бар тұстарды тыңдатуы және мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес қосымша ақпарат беруі қажет. Оқушылар бейнематериалды тыңдай отырып, талдау парағын толтырады. Жұмыс орындалып болғаннан кейін, мұғалім дұрыс жауаптарды ұсынып, орындалған тапсырмаға жұптық бағалау арқылы кері байланыс беріледі.(«Талдау парағы» дидактикалық материалда ұсынылған.)
Кері байланыс.Жұптардың бірін-бірі бағалауы.
Т Зерттеу мен талдау. «Қазақ хандығының дербестігін сақтауда Абылай хан жүргізген шаралардың қайсысы маңызды?» тақырыбында зерттеу-талдау жұмысы «Маңыздылық шкаласы» тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға мұғалім «Қазақ хандығының дербестігін сақтап қалу үшін не қажет деп ойлайсыздар?», «Осы кезде Абылай хан Қазақ хандығында қандай өзгерістер енгізді?» деген мұғалім сұрағына оқушылар өз болжам-жауаптарын береді. Сонан кейін алдын-ала бұл сұрақтарға жауап жазылған карточкалар дайындалып, оқушыларға таратылады. Оқушылар жинақтаған білімдер негізінде карточкалардағы тұжырымдарды маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырады. Сынып алдында орналастыру себебін түсіндіріп, қорғайды.
Оқушылар төмендегідей тұжырымдарды (карточкада жазылған) маңызына қарай «маңыздылық шкаласына» орналастырады.
Кері байланыс. Топтардың бір-бірін бағалауы.
Т Интерпретация. Оқушыларға игерген білімдері мен дағдыларын тиянақтау үшін топтарға «кластер құру» тапсырмасы ұсынылады. Абылай ханның тұлғалық келбетіне баға беріп, оны дәйектермен дәлелдейді.Топтар берілген уақыт ішінде дайындалып, сынып алдында қорғайды.
Мәселен, Абылай-дипломат Абылай-батыр Абылай- ақсүйек Абылай-заңгер Абылай-күйші Абылай-ұйымдастырушы т.б
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. |
Қосымша-2 Талдау парақшасы
Бейнемате-риал топтамасы https://www.youtube.com/watch?v=7woxf6RtxLo «Алып тұлғалар» Ұлы Қазақ ханы - Абылай хан
https://www.youtube.com/watch?v=yWvIjHV50wU Абылай хан қазақтың ұлы ханы
https://www.youtube.com/watch?v=BZ_Fg6w14iM Абылай хан
https://www.youtube.com/watch?v=G4Py3KFKWGw Біздің тарих" - Абылай хан. ( 2 сезон 102)
https://www.youtube.com/watch?v=pPtSGREExcM Абылай хандығы
Қосымша-3
Слаидқа көрсетіп немесе тақтаға жазып қою
Қосымша-4
|
|||||
Сабақтың соңы
5 мин |
Үйге тапсырма. «Өткен заманнан келген хат» Оқушыларға Абылай хан роліне еніп, «Қазіргі заманда нені өзгертер едім», «Нені құптаймын» деген мағынада хат жазуға тапсырма беріледі. Жазған хаттарына өзге сынып оқушылары жауап немесе комментарий бере алады.
Рефлексия. Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игергендерін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін. Үлгі:
-Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда ... қатты қиналдым.
|
Қосымша-5 Парақша-карточкалар |
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген