400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Access ДҚБЖ деректерін орналастыру және басқару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал информатика пән мұғалімдеріне керек. Тәжірибе алмасу барысында, ішінен керегін қолданады. Жалпы Access бағдарламасында тәжірибе жұмысын орындау, бағдарлама мүмкіндіктерін игеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі












Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары


Тақырыбы: «Access ДҚБЖ деректерін орналастыру және басқару»


Picture 2





Дайындаған: Күлмеханова Арай Тлекбергенқызы













Ақтау - 2019 жыл


Пәні:

­­­­­­­­­­Информатика

Мамандығы:

1201000 «Автомабиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Курс:

I

Сабақтың тақырыбы:

Access ДҚБЖ деректерін орналастыру және басқару

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:


Кестемен жұмыс істеу режімдерінің қолдану аймағын, кестені жасау әдістерін меңгерту;

Дамытушылық:

Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Бағдарламалармен жұмыс жасау дағдыларын дұрыс қалыптастырып, одан әрі дамыту;

Тәрбиелілігі:

Жылдамдыққа және жеке жұмыс жасауға баулу. Алған білімдерін еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, компьютер, MicrosoftAccess бағдарламасы, деңгейлік таратпа тапсырмалар. 

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру-көрсету, жеке, топтық жұмыс, кезеңдік тапсырмаларды орындау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар, кесте, сурет, үлестірмелі карточкалар

Пән аралық байланыс:

Математика, география, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (сабаққа оқушыларды жұмылдыру сәті) 

II. Үй тапсырмасын тексеру (Quizlet, LearninqApps.ord бағдарламалары арқылы қайталау сұрақтары)

III. Жаңа сабақты түсіндіру(жаңа тақырыпты қабылдау және меңгеру) 

IV. Жаңа сабақты бекіту(кезеңдік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін  практика жүзінде қолдану) 

V. Жаңа сабақты қорытындылау(білімдерді жинақтау және жүйелеу) 

VI. Бағалау(тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша бағалау) 

VII. Үйге тапсырма(үй тапсырмасын хабарлау) 


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Студенттермен амандасып, түгендеу;

- Студенттердің зейінін аудару, психологиялық ахуал туғызу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Quizlet бағдарламасы автоматты түрде топты 3топқа бөледі сол арқылы балалар (форма, макрос, запрос) орындарын табады, ары қарай берілген тапсырманы орындайды. Әрбір тапсырма соңынан топтарға стикер беріліп отырады, сабақ соңында топтар стикер саны арқылы бағаланады.

  2. LearninqApps.ord бағдарламасында «Біз қаншалықты білеміз» тапсырмасын орындайды.













  1. Microsoft Access бағдарламасында алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіру (презентация). 















1. MS Access дегеніміз не? Бұл мәліметтер базасы бағдарламасы. 
2. МБ-да кестелер деген не? МБ-да жазулар жиынтығынкестедепатайды. 
3. МБ-да өрістердеген не? МБ-да кестедегітікбағандарөрістердепаталады. 
4. МБ-да жазулардегеніміз не? МБ-да кестедегіжолдардыжазулардепатайды. 
5. МБ-ынқұрудыңқандайжәненешеқадамы бар? 
а) Кестенің құрылымын құру
б) Кестені ақпаратпен толтыру
6. МБ-да қандай нысандар бар? Кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, макростар, модульдер.

4)Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушы тақтаға шығып, тірек-сызбаны жауап беру арқылы толтырады

I II. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кестені конструктор көмегімен құру.







Сол кезде төмендегі суреттегідей кесте терезесі шығады.

Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады: 
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауғадеректер типі пайдаланылады. 
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру. 
Кестеде келесі өрістер бар: 
•
Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет. 
•
МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. 
•
Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. 
•
Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. 
•
Ақшалай (Денежный) – ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. 
•
Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет. 
•
Логикалық (Логический) – логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек. 
•
OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. 
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз. 
«Мәліметтер типі» өзі автоматы түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Солбелгігешертсек тип түрлерішығады, сәйкесіналынады. 

  1. <Конструктор> режиминде Жанр кестесінің құрылымын құру.

  2. Конструктор режиминде Страна кестесі құрылымын құру.

  3. Конструктор режимінде Видеокассеты кестесі құрылымын құру.

  4. Мәліметтер схемасына сәйкес кесте аралық байланыс құру.

  5. Көмекші кестені толтырыңыз.

  6. Видеокассеты кестесін толтыру үшін форма құрыңыз.

  7. Сұраныс және Есеп беруді пайдаланып, нәтиже алыңыз.

Енді сіз кестені толтыруға дайынсыз! 

IV. Жаңа сабақты бекіту:


А) Оқушылар мұғалім таратып берген парақтағы «MS Access бағдарламасында кестені Конструктор режимінде құру» деген практикалық жұмысты орындайды. 

Жұмыс 3 кезеңнен тұрады жалпы орындау уақыты 15 минут, осы уақыт ішінде 3 кезеңді(І, ІІ, ІІІ тапсырманы) толық орындаған студент өте жақсы, ал 2 кезеңді орындаған студент (І, ІІ тапсырманы) жақсы, тек 1 кезеңді (І тапсырманы) орындаған студент қанағаттанарлық деген көрсеткіш көрсеткендігі.


Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру» 
Мақсаты: 
- MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құруды үйрету
- MS Access бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
- Оқушыларды жылдамдыққа, жеке жұмыс жасауға баулу.


V. Сабақты қорытындылау және бағалау.


Сабақты қорытындылай келе, «Білмегенін сұрап үйренген–ғалым, арланып сұрамаған–өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?Сабақты қорытындылау мақсатында әрбір топ түйінді ойларын рэп түрінде айтып жеткізеді.


VI. Бағалау.

Сабақтың соңында топ оқушылары бағаланады және оларға үй тапсырмасы беріледі.


VI. Үй тапсырмасы.


Гетенің «Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, бүгінгі тақырыпта үйренгенімізді толықтыру мақсатында Шебер көмегімен 3 топтың тізімін құрып, ортақ байланыс жасау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі