15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Адал дос
Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп кмм №10 сабақ
Күні: 10.11.2016
Тақырып: Адал дос
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:түсіністікке,сыйластыққа, адалдыққа
Мұғалім: Елтаева Назым Жүнісақынқызы
Сыныбы: 4 г Оқушылар саны: 4 г
|
МАҚСАТЫ: Оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы "дұрыс әрекет" құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік:Оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сыйластық қасиеті туралы түсінік беру; Дамытушылық: Оқушылардың өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиетін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды достық жолында түсіністікке,сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстары: оқулық, дәптер,үнтаспа, слайд,суреттер, нақыл сөздер гүл кеспелері. |
|
Сабақтың барысы:
5-Т . ережесін еске түсіріп,ережеге бағыну. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық. Сабақта жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн Нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі Нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы Нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз Нұрға бөлініп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз Нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар Нұр мен мен сүйіспеншілік құралына айналды. Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей Нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы Нұрды туысқандырыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі Нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне Нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...» Осындай Нұрмен, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Осы тыныштық сәтінде өздеріңізге қандай әсер алдыңыздар? Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Рақмет. Әр күндерің шаттыққа толы нұрлы болсын. |
Е |
« Айнымас досы бар адам -ең бақытты адам. » Халық мақалы -Адал дос не үшін қажет деп ойлайсың? -Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алдады? Айнымас дос дегенді қалай түсінесің? - Айнымас досдеген адал дос деген түсінікті береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Жеке – жеке оқыту, дәптерге жаздырып, дәйек сөздің мән-мағынасын түсіндіріп кету. |
|
"Адалдықтың өтемі" мультфильм көрсету. -Балалар сендерге мультфильм ұнады ма? -Абзалдың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар? 1.Ісіне адал 2. Талапты 3.Ұқыпты 4.Көркем мінезді 5.Үлкенді құрметтей біледі. 6.Салмақты 7.Мейірімді 8.Сабырлы 9.Еңбекқор 10 Ақылды.
Мәтінмен жұмыс . Бірге оқыймыз. Сахналық көрініс Екі дос Ел аузынан Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына: -Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді. Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да: -Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді. -Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. -Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы. -Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді. Ә Сұрақтар: -Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? -Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен? -Сендердің де адал достарың бар ма? -Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар? Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас. |
|
Жағдаяттарды талдау. 1 топ .Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос.Ақылбексабақтан келген соң,түскі тамағын ішіп,үйдегі жұмыстарын бітіріп,ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты.Футбол алаңына барса,Асылбек те ойнап жүр екен.Олар ұзақ футбол ойнап,үйге кеш қайтты. Асылбек:-Мен ертең сабаққа бармаймын,үй тапсырмасын орындамадым.Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,-деп өз өтінішін Ақылбекке айтты....... -Ақылбек егер адал дос болса,қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 2 .топ .Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін "Өнерге қанат қаққандар” атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып,үлкен сенім артты.Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды.Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады. - Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? - Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер? 3. топ.Қаңтардың қара суығы.Мұхит екі шелекті қолына алып,өзеннен су алып,қорадағы қойларды суаруға бет алды.Шелегін суға толтырып,қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып,құлап түсті.Су үстіне төгілді.Орнынан әрең қозғалып,үйге кірді...... Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты. - Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?
Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар. Қуаныш . Күлкі Өзара сыйластық . Оқу Еңбек . Өзара көмек Шыншылдық . Сұлулық Сүйіспеншілік . Түсіністік Мейірімділік . Қамқорлық Кешірімділік . Адалдық Жауапкершілік . Әдептілік |
|
Дос болайық, бәріміз! Өлеңін жазған Хасенхан Талғатов Әнін жазған Ибраим Нүсіпбаев
Ә Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста Батыл бас,жас ұлан! Самға биік алысқа, Жұлдыздарға,ғарышқа, Бойда күш тасыған. |
|
|
Үй тапсырмасы Жұмыс дәптеріне Менің досым атты шағын шығарма жазу. |
|
-Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің
досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере
бір-бірлеріне ұсыну. . |
|
|
Сабақтың қорытынды сәті -Бүгін қандай сабақ өттік?(жауаптар тыңдалады) Демек,адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,қандай жағдайда болмасын досының жанынан табылатын нағыз жолдас.Адалдық деген-адамгершілік құнды қасиеттердің бірі.Мына гүл күлтешелеріне досыңа деген ізгі тілектеріңді жазыңдар.
|
|
скертулер

лгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын
артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың
қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас
салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген
екен.
рқашан дос,
біргеміз,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген