400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Адал дос пен амал дос

Материал туралы қысқаша түсінік
Адал дос пен амал дос 7-сынып Қазақ тілі. "Адал дос пен амал дос" тақырыбындағы ашық сабағымда Оқылым стратегияларын қолдану және Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану мақсаты жүзеге асырылды. Оқушылар «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, «4 сөйлем» әдісі арқылы «Адал дос» тақырыбында эссе жазды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы,Арал қаласы

№262 мектеп-гимназиясы

Нұрымбетова Шолпан Маратқызы


Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 5.Адал дос пен амал дос

Бөлім:

4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық

Педагогтің аты-жөні:

Нурымбетова Ш

Күні:

17.11.21.

Сыныбы: 7 «В»

Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.Адал дос пен амал дос

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

7.ӘТН4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану. (Болымды және болымсыз етістіктер)

Бағалау критерийі.

- Оқылым стратегияларын қолданады;

Болымды және болымсыз етістіктерді тілдесім барысында қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну , қолдану

Сабақтың мақсаты:

-мәтіндегі ақпараттардың негізгісін іріктеп, өз көзқарасын білдіре алады;

-етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін ажыратып, Болымды және болымсыз етістіктерді тілдесім барысында қолданады;

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

-оқылым стратегияларын, оның ішінде,комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу стратегияларын орынды қолдану арқылы ақпараттарды саралай біледі.

- Болымды және болымсыз етістіктер бойынша тапсырмалар орындайды.





















Алдыңғы білім

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Болымды және болымсыз етістіктер

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Адал дос ,амал дос,жан дос, жол табу, көңілі қызғалдақтай ашылған, өмір арқамызғажүк салды,мерейі үстем болу, өмірлік нұсқа, өрісі қысқа; т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1-тапсырма мәтінін оқиды ( 96-бет)

  1. Берілген мәтіндегі “Достық нешеу?” деген сұраққа сен қалай жауап берер едің?

  2. Адал достық өмірлік нұсқа болады дегенді қалай түсінесің?

  3. Амал достықтың өрісі қысқа болады дегенді өмірмен байланыстырып, өз ойыңды айтып көр.

  4. Сен осы оқиғаны қалай аяқтар едің?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Не себепті қазақта «Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.» деген мақал көп айтылады?

ишара:

Мақұлдау

«Бай мен жарлы баласы» Күрделі етістіктер

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымдыы ахуал

«Гүлмен тілек»

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің сабағына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.



Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.



Топтастыру.



1. Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Гүл шоқтарының көмегімен оқушыларды 4 топқа біріктіру.

I – «Достық» тобы

II – «Адалдық» тобы

III – «Сенім» тобы

Іv- «Берік» тобы

2. Алдыңғы білім бойынша «Тосын сый» әдісімен өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар жазылған сыйлық беріледі. Топта жауап берген оқушы сыйлығын алады.

-Күрделі етістіктер дегеніміз не?

-Құрама етістік дегеніміз не?

-Құранды етістік дегеніміз не?

-Қосарлы етістік дегеніміз не?

-Біріккен етістік дегеніміз не?

-Тұрақты етістік дегеніміз не?


Өзін-өзі бағалау парағына оқушылар өзінің іс-әрекетін бағалап отырады ( Бағалау парағы сабақ басында таратылып қояды)

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.



Жіктеу тәсілі

 Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.


Тірек сөздері бар гүл шоқтары




ҚБ: Қол шапалақтау

Жаңа сабаққа кіріспе

7 минут




« Ой қозғау»

әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқушылар сұрақтарға топта жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасатады.











2-тапсырма Саралау тапсырмалары

Тапсырма: әр түрлі оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескере отырып,саралау тапсырмаларын орындау.

Мұғалім үшін кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі.


« Миға шабуыл » стратегиясы

https://youtu.be/x_0ENLxqv3A НАҒЫЗ ДОС


Оқылым алдындағы тапсырма: Кластер жасау

- Нағыз досты деп қандай қасиетіне қарап бағалар едің?

-Амал достықты қалай түсінесің?


Схема 1


- Тыңдаған әннен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы: Адал дос пен амал дос

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.О6. Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

7.ӘТН4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану. (Болымды және болымсыз етістіктер)


Оқылым кезіндегі тапсырма. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісін пайдалана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беру

1-тапсырма мәтінін оқиды ( 96-бет) Сұрақтар топтарға беріледі.

  1. Берілген мәтіндегі “Достық нешеу?” деген сұраққа сен қалай жауап берер едің?

  2. Адал достық өмірлік нұсқа болады дегенді қалай түсінесің?

  3. Амал достықтың өрісі қысқа болады дегенді өмірмен байланыстырып, өз ойыңды айтып көр.

  4. Мәтіндегі есімше, көсемшелі сөздерді ата


Мақсаты: мәтінді оқи отырып,еске түсіру,ойтүрткі сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Нәтиже:-мәтінді оқиды;

-мәтіндегі “Достық нешеу?” деген сұраққа өз ойынша жауап береді.

- сұрақтарға жауап беруде негізгі ойды өмірмен байланыстырады.

- сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлеу дағдылары дамиды;

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.





Жасыл –тапсырманы орындауда қиындық туған жоқ.

Сары : сұрағым бар

Қызыл  – Түсінген жоқпын.

Дескриптор:

  1. Мәтіндегі “Достық нешеу?” деген сұраққа жауап береді.

  2. Адал достық өмірлік нұсқа болады дегенді түсіндіреді.

  3. Амал достықтың өрісі қысқа болады дегенді өмірмен байланыстырып, өз ойын жеткізеді

4.Мәтіндегі есімше, көсемшелі сөздерді табады

Жалпы - 3 балл

https://youtu.be/x_0ENLxqv3A

НАҒЫЗ ДОС

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі