15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Адал достық"
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп: «Бірлік» Мерзiм: 15.102017ж №10
Тақырып: Адал достық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:адалдық, жауапкершілік, қамқорлық.
Мұғалiм: Серикова Р Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: оқушылардың адалдық, қамқорлық туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: ― адал достықтың өзара адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; ― адалдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; ―адал дос болуға тәрбиелеу;
|
|
Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. |
Ресурстар: үнтаспа |
|
Сабақ барысын талқылау: |
«Екі дос» Ел аузынан
|
Сұрақ-жауап |
Халық мақалы |
Мәнін ашу |
Мәтіндерді оқып, өз шешімдеріңді айту. 1.Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек: Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамдым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, деп өз өтінішін Ақылбекке айтты . . .
|
Ақ қағаздар, маркер |
|
Топпен ән айту. Жан досым Сөзі: Б.Батырбекова Әні: А.Меңжанова |
үнтаспа |
|
|
|
|
Мадақтау,жүрекшелер |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген