400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адалдық" Д.Қасенов 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас ұстаздарға өз көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: «Адалдық» Д.Қасенов

Мектеп: Орал қаласы.№25 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты:Тусупкалиева Алма Сатыбалдиевна

Сынып: 4 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

Оқушылар адалдық туралы біледі, оның құндылық ретіндегі мәнін түсінеді.

Сабақ мақсаты:



Біледі, зерттеп оқиды, айналасындағылардың пікірін тыңдайды, оған құрметпен қарайды, ұқыптылыққа үйренеді, мазмұнын жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.

Бағалау критерийлері



Білу,түсіну:«Адалдық» мәтінінің мазмұнын түсінеді; адами қарым - қатынастағы адалдықтың орны мен маңызы туралы түсінеді;

Талдау:Мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап бере алады, мәтіндегі теңеулерді ажыратып, талдау жасайды.

Сыни ойлау: Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, қорытынды жасау, салыстыру, пысықтау, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру.

Тілдік міндет:

Тақырып бойынша терминдер: аңысын аңдау, дегбірсіздену

Құндылыққа баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.

Алдыңғы оқыту

«Әке тәлімі» А.Аманжолов

Жоспар

Жоспар-

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

5мин











7 мин

Психологиялық дайындық.

Адалдық сөзінің синонимдерін табу арқылы топқа бөліну.

(шыншыл, әділ, .......)

«Бірге ойлаймыз » әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту. «Әке тәлімі»

1-топ

Топтағы оқушылар мәтінді жалғастыра отырып, әңгімелейді

2-топ

Беріктің қылығына өз көзқарастарын білдіру

3-топ

Мәтінді қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады.

- Топтарға «Аққа Құдай жақ», «Пайда ойлама, ар ойла», «Ақ жүрген адам азбас» деген даналық сөздерді үлестіріп беремін, мағынасын ашып айтады.

- Қалай ойлайсындар, бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?

Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді «Т кестесіне» салып таразылап көрелік. Қай таразы басы жеңер екен?

Жағымды

Жағымсыз



Жағымды:шыншыл, әділ, адал... Жағымсыз:мақтаншақ, өтірікші, жағымпаз,т,б,...

Түртіп алу

-Жағымсыз қасиеттердің ішіндегі ең нашары не екен? Өзіңнің бойыңда осылардың кайсысы бар деп ойлайсың? Барын жазып не қарындашпен ақырын белгілеп отыр.

Сабақ барысында сол қасиеттерден арылу жолдары туралы айтылады, есте сақтап отырарсыңдар. Ендеше бүгін жаман қасиеттердің бірнешеуін сырттан бақылап, қаншалыкты бойымызға байқатпай еніп алатынын байқаймыз және де сырт көзге түрпідей көрінетінін аңғарамыз. Сәйкесінше «адалдық» атты жағымды қасиет туралы да кеңінен әңгіме қозғаймыз.

Таратпа материалдар, парақшалар











Бағалау: «Смайлик» арқылы бағалау











Т кестесі



Түртіп алу


15 мин

Жаңа сабақты хабарлау, мақсатымен таныстыру, табыс критерийін құру.

Табыс критерийлері:

1. Мәтін мазмұнын түсіне аламын.

2. Мәтіндегі теңеулерді ажыратып, таба аламын.

3. Өтірік айтудың нашар, зиянды әдет екенін түсінемін.

4. Тақырыптық түйінді сөздерді таба аламын.

Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы шытырман оқиғаны баяндайтын, мектеп өмірінен көрініс беретін шығарма Д.Қасеновтың «Адалдық» мәтіні.

(Автордың өмірінен үзінді.)

Мәтінмен іштей оқып танысады, «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушылар түсінгендерін жазады, белгіленген уақыттан соң жазғандарын келесі топқа береді. Өз кезегінде олар басқаның жұмысын толықтырады (басқа түспен жазады), салыстырады. Орнына келген соң өз жұмыстарын қайта қарап толықтырады. Әр топ өз жұмысын қорғайды, сұрақтарға жауап береді. Постерлерін қорғайды. Бағалайды.

Бағалау критерийі:

  1. Мәтін мазмұны толық.

  2. Негізгі ой ашылды.

  3. Таза, сауатты жазылған.


Дәптерге сөздік жазады.

Аңысын аңдиық-не болатынын күте тұрайық;

Дегібірсіздену-шыдамсыздану;

Теориялық мәлімет беру.

Сюжетті шығарма - оқиғалы шығарма.

(Кестедегі өлең, әңгімелердің сюжетті,сюжетсіз екенін анықтап +, - таңбасын белгілейді )

Семантикалық карта.

Тақырыптар

Сюжетті шығарма

Сюжетсіз шығарма






























1. Н.Айтов «Ана тілім» (сюжетсіз)

2. Б. Соқпақбаев «Шал мен бала» (сюжетті)

3. Ә.Тәжібаев «Қыс ата» (сюжетсіз)

4. Ф.Оңғарсынова «Оюлар» (сюжетсіз)

5. Н. Сералиев «Терең су» (сюжетті)

6. М. Қуанышбеков «Өкініш» (сюжетті)










Постер


Интербелсенді тақта, стикер,

Қазақстан картасы

А-3 парақ , маркер





«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.














Интербелсенді тақта







13мин








5 мин

Топтық жұмыс арқылы білімдерін жүйелеуге деңгейлік тапсырма беру:

1-топ: Әңгімеге жоспар құру;

2-топ:Бір кейіпкерге хат жазу.

3-топ: Мақал-мәтел айту

Жауаптарын қорғайды, дәлелдейді.

Бағалау«Басбармақ» әдісімен бағалайды.

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі арқылы ойын жазады

Үйге: Д.Қасенов «Адалдық». Әңгімені оқып, мазмұнын айту.







Қима қағаз (бес саусақ салынған)

Қосымша ақпарат

Дифференциация-сіз ықпал етуді қалай жоспарлайсы?Сіз ең қабілетті оқушылардан сұрақ сұрауды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау.

Мен оқушыларды мәтінді топпен жұмыс барысында формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағаласам, сабақ соңында оқушылардың білімін «Бес саусақ» әдісі арқылы тексеремін.


Барлық оқушылар білетін болады: Адами қарым - қатынастағы адалдықтың орны мен маңызы туралы түсінді;

Оқушылардың көпшілігі: оқушылар өз ұсыныстарын айта алды

Кейбір оқушылар: қарсы пікір білдіргендер болды

Мәселені аша білуі, пікірталастағы құнды пікірлер бағаланады.

Сабақта оқушылар мұғаліммен, топта, өзара жұмыс істеу барысында өздерін жақсы көрсете алды

Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені жаттады? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған диференциация дұрыс болып шықты ма? Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай?


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.

2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі