Сабақ
мақсаты:
Оқушыларға өмірде бір-біріне
риясыз жақсылық жасау керек екендігін әңгімелей отырып, қиянат
жасамау құндылығының мәнін ашу.
1.Оқушыларға өмірде бір-бірімен сыйластықта
болудың маңыздылығын ұғындыру
2. Қандай іс-әрекет істеуде
кеңпейілді болу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды
күнделікті өмірде бір –біріне қамқор болуға
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, АКТ,
үнтаспа, күнделік
|
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңi.
Өзін-өзі тану сабағының
ережесі «5-Т» қайталау.
Тыныштық сәті: Нұрға
бөлену.
|
|
2. Үй тапсырмасын
тексеру
№ 9сабақ 38,39–
беттегі. Мамытбек Қалдыбайдың «Адам не
үшін өмір сүреді?» атты мәтінді сұрақтар
арқылы талдау.
Талқылауға арналған
сұрақтар арқылы талдау:
-Бауыржан Момышұлының «Малым
–жанымның садағасы,жаным-арымның садағасы» деп жауап беруінің
себебі неде?
-Бауыржан Момышұлының өмір
сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер
едіңдер?
- Адам бойында ізгі қасиеттер
болса олар қандай жақсылықтар жасайды?
-Сыйластық,
жауапкершілік,қамқорлық қасиеттері адам бойынан табылса,оның
әрекеті қандай болады?
|
Оқулық
|
-
Дәйексөз
Қиянат жасамау шексіз
сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты
білдіреді.
М.
Ганди
Талқылауға арналған
сұрақтар:
1.Өмірде риясыз қызмет жасау
адамды неге жетелейді?
|
Карамчанд ГАНДИ (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.)
— Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының
қайраткері.
Өмірі өтірік айтпаған.
Махатма Шын аты – Мохандас Карамчанд.егер сөйлесе
жалған айтады, уәде берсе бұзады және аманатқа қиянат жасайды”, –
деп сақтандырған жағымсыз қасиеттерден аулақ
болды.
|
-
Әңгiмелеу. Мұғалімнің
сыйы.
Үндістанның ұлы перзенті
Махатма Ганди –үнді халқының оның көзі тірі кезінде аты аңызға
айналған көсемі..Сөзі мен ісі үнемі бірлікте болған М. Гандидің өмірі
бұрын-соңды адам баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі-
өнегеге толы. Ол ешқандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш
көрсетусіз,асқан төзімділікпен Үндістан халқын Тәуелсіздікке
жеткізуді армандаған. М.Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, барлық
дін орындарында болып, адамдарды ұлтына, дініне, әдет- ғұрпына
бөлмей ортақ күреске шақырады. Бұған ол тек қана өзін- өзі тазарту
жолымен жете алды. Сондықтан ол өз өміріне одан әрі де өзгерістер
енгізе бастады. Өзін жетілдіру үшін тежеле білуді, талғамын
көндіктіруді үйренді.Ата- бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық
асыл заттарды банкке өткізіп, ол ақшаны жетім- жесірлерге жұмсап
отырды.
Мәтін бойынша талқылау
сұрақтары:
-
Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар
мен адамгершілік қасиеттерді байқай
алдыңыздар?
-
Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға
болады?
-
Адам баласы қамқорлықпен сыйласып істеген
іс-әрекеті неге
жетелейді?
|
Интернет
желісінен
|
-
Шығармашылық жұмыс, топтық
жұмыс.
1топ:
жағдаят:Сіз саябақта
достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың
жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не
істейсіз?2 топ:
жағдаят: Қарт атай аулаға
алма ағашын отырғызып жатыр. Екі немересі асыр салып ойнап жүр.
Атайдың маңдайынан шүмектеп тер ағып,шаршап қалды.Оның дем алуға
отырғаны сол еді,үлкен немересі жүгіріп келіп,атасының шаршаңқы
жүзіне қарап -Ата, несіне әуре болдыңыз,сізге оның қажеті
қанша,-деді.-Маған қажет болмағанмен сендерге қажет,ертең-ақ
жемісін жейсіңдер,-деді атасы.3топ: жағдаят: Бір жігіт жолда
кетіп бара жатып ойда жоқта қомақты әмиан тауып алды.
Жан-жағынақараса ешкім көрінбейді. Жігіттің
әрекеті.....
|
|
6. Үй
тапсырмасы.
-
№10 сабақ. Ж.Молдағалиевтің
Кішіпейілділік әңгімесін оқып келу.
|
Оқулық
|
7. Топпен ән
айту.
«Мейірімді болайықшы
бауырлар»
Сөзі: Серік
Қалиев Әні: Құрмаш
Маханов
Көктем етіп көркейтсе де
маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің
талайын, Өшігуді қояйықшы
өзгеге, Кешірімді болайықшы,
ағайын Көк нөсерін көл етсе де
жауындар, Көк пен жерді сел етсе де
дауылдар, Пейілдерді пенделікпен
тарылтпай, Мейірімді болайықшы,
бауырлар! Болашаққа қол ұстасып
барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп
табайық, Кішірейіп кетпес ғазиз
басымыз, Кішіпейіл болайықшы,
халайық!
|
Ә
ндер
жинағы
|
8. Сабақ соңындағы тыныштық
сәті.
Жақсылық
ойлайық,
Жақсылыққа
қарайық,
Жақсылықты
естиік,
Жақсылықты
айтайық,
Жақсылық
істейік,-
Бақытқа бастар жол осы! Барлық
жақсылықтар жүрегімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын
»
|
|