Материалдар / Ашық сабақ "Адам абыройы" 7 сынып өзін -өзі тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Адам абыройы" 7 сынып өзін -өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ адам абыройындағы рухани азық болатын, Ақиқат құндылығындағы асыл қасиеттерге толы ертегі, шығармашылық жұмыс, ән айту, дәйексөздер қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Адам болам десеңіз ...

Педагогтың аты – жөні

Касенова Асылтас Толегеновна

Күні


Сынып: 7

Қатысушылар саны: 5 Қатыспағандар саны:0

9

Сабақтың тақырыбы

Адам абыройы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Өзін – өзі қадірлеу

Құндылығы

Ақиқат

Қасиеттері

Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, өз-өзіне адал болу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларға өз – өзіне адал болу керек екенін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй


5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұры-

ңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.

Осы тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар? Рахмет

5Т ережесін еске түсіреді


Көздерін жұмып отырады.

Алған әсерлерімен бөліседі.

«Мой нур» композициясы

  1. Үйге тапсырманы тексеру

1. №8 «Ата ана бақыты» тақырыбында эссе жазу

2.№9 Мамытбек Қалдыбайдың «Адам не үшін өмір сүреді?»» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Бауыржан Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?

2. Бауыржан Момышұлының «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?

3. Бауыржан Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

4. Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырасыңдар?

5. Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен

6.Қорытынды

Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді

Оқулық.


  1. Сабақтың дәйексөзі.


«Абырой – ар еңбегі»
Қазақ мақалы

Сұрақтар: .

2.1.Дәйексөзді оқыту

2.2. Сұрақ қою.

2.3. Дәйексөзді дәптерге жазғызу



1. Абырой дегеніміз не?

2. Абыройдың адам өміріндегі маңыздылығы қандай?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4.Қорытынды

Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.


  1. Оқиға айту (Әңгіме)

«Айлакер өтірікші»

Ертегі

Ерте заманда қулығы асқан бір адам өмір сүріпті. Ол адамдарды алдап сулауға өте құштар болыпты. Бұл жағынан оған тең келетін жан болмаған. Адамдарды өз өтірігіне сендірген сайын рахатқа бөленеді екен.

Бір күні ол өзенге суға түсуге келеді. Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Батып барам, құтқарыңдар!», – деп айқайлайды. Оның өтірігінен шаршаған адамдар мән бермейді. Осылайша өтірікті ақиқаттан жоғары санайтын өтірікшінің өмірі өкінішті аяқталыпты.

Сұрақтар:

1. Әңгімеде адамның өмірі неліктен қайғылы оқиғамен аяқталды?

2. Адамдар неліктен өтірік айтады деп ойлайсыңдар?

3. Әңгіме кейіпкерінің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер ашылмаған деп ойлайсыңдар?

4. Осы ертегіден өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?

5.Қорытынды

Мәтін бойынша талдау сұрақтарына жауап береді



  1. Шығармашылық жұмыс.

2 Оқушыларды екі топқа бөлу
● Ұят жүрген жерде, абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.
● Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
● Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.
● Адамгершілік абырой әпереді.
● Абыройыңды жасыңнан сақта.

Мақал-мәтелдерді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарады.


  1. Жобалау қызметі




  1. Топпен ән айту

« Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Қорытынды

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі


  1. Үйге тапсырма

Жұбан Молдағалиевтың «Кішіпейілдік» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.


Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!