400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, "Адам бақыты", 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға дайын ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін- өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Д.М. Карбышев атындағы № 16 орта мектебі

№ 7

Мұғалім : Шарипбекова Гульмира Абиловна

Сынып: 7

Тақырып: Адам бақыты

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қанағатшылдық, қайырымдылық, ризашылық


Мақсаты: оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға бақыт, бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;

- оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, қайырымды бола білуге үйрету;

- оқушыларды қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар :

(құралдар, мәліметтер)

интерактивтік тақта, А3 формат, маркерлер, түрлі суреттер.

Сабақ барысы:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың 5-«Т» ережесін еске түсіру /Тәртіп. Талап. Тыныштық. Тазалық.Татулық/

1.Жағымды күйге келу: «Нұрға бөлену» жаттығуы.Баяу ән қойылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолдарыңызды айқастырмаңыздар, қолдарыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  • Балалар, жаттығу барысында не сезіндіңіздер?

  • Қандай күйде болдыңыздар?

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Джеймс Адленнің «Адам қалай ойлайды?» шығармасынан үзіндіні оқу.

Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адамдарға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адам өзінің ой-пікірін, ниетін түбегейлі өзгертсе, оның өмірінің материалдық жағы да өзгереді. Біздің тағдырымыз өз қолымызда. Адамның қол жеткізген жетістіктері – өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді. Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады. Сондықтан да өз бақытымыз үшін күресейік. Алдымен өзімізбен күресуді оптимистік ойлау негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін мен сіздерге күнделікті орындайтын бағдарлама ұсынамын. Оның аты «Дәл бүгіннен бастап», деп аталады.

  • дәл бүгіннен бастап «Мен бақыттымын», - деген сөзді басшылыққа аламын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек жақсылық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бағыттаймын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтырамын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын.

  • дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын. Мүмкіндігінше, өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.

  • дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есте сақтаймын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді.

  • дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден және сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.

Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатыны сөзсіз.

Сұрақтар:

- Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері- өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіңдер?

- Автордың «Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады…» деген көзқарасымен келісесіңдер ме ? Неліктен?

- Мәтінде айтылған ойлармен қаншалықты келісесіңдер?

- «Дәл бүгіннен бастап» бағдарламасын ұстану үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

- Өзің «дәл бүгіннен бастап» нені мақсат етер едің? Мәтіндегі ойға тағы да қандай пікір қосар едің?

Ескерту




https://www.youtube.com/

watch?v=iQ2dOW2fjGY





















































«Өзін- өзі тану» оқулығы, 7 сынып /Ж.Ж.Әкімбаева, Е.Б.Бақаш, С.С.Нұркеева, Р.М.Мұратханова/-Алматы,2017ж


3.Дәйексөз

«Жаны мейірімге толы адам бақытты» Пифагор

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

- Жаны мейірімге толы адам қандай болады?

- Сіздер үшін нағыз бақыт деген не?

- Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөзді қыздарға 2 рет, ұлдарға 2 рет оқытамыз.

Дәйексөзді қорытындылап, дәптерге жаздыру.




Пифагор- 570-490 жж б.э.д) ежелгі грек философы және математигі

Дәптермен жұмыс жүргізу

4.Оқиға әңгімелеу. Мұғалім сыйы

«Қолыңнан бәрі келеді....» бейнебаянын көрсету.

Сұрақтары:

- Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіздер?

- Ник Вуйчичтің бойында өзін жеңген қандай қасиеттер бар екен?

- Ник өзін неге бақыттымын дейді?

- Бақытты болу үшін біздің жан дүниеміз кандай болу кажет?

- Бақытқа жету үшін адам не істеуі керек?Адам қай кезде бақытты бола алады ?

- Өзіңді қай кезде ерекше бақытты сезінесің? Неліктен?

- Адам бойындағы қандай құндылықтар бақытқа жеткізеді?

- Өздеріңіз риясыз сүйіспеншілікпен жақсылық жасап, бақытқа бөленген кездеріңіз болды ма?

https://www.youtube.com/

watch?v=kiPKC977clg

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды түрлі суреттер арқылы 3 топқа бөлу.

1 топ «Мен үшін бақыт…… » тақырыбына ой толғау жазу.

2 топ «Бақытқа апарар жол» сурет салу.

3 топ «Бақытты отбасы» үйінің моделін құру.


А3 формат, түрлі- түсті маркерлер

6.Топпен ән айту.

«Бақыт» әнін орындау

Сөзі М.Мақатаев

Әні Б.Жұмалин


1.Бақыт жайлы менің мынау білгенім, 
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. 
Бақытты сол-тәрік етіп түндерін, 
Бақыт іздеп азаптанса кімде кім. 


2.Бақыт деген сенің бала күндерің, 
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. 
Бақытында басқасында білмеуің, 
Бақытсыз-ақ ойнап күлгенің. 


3.Бақыт деген әркімдерде бір арман, 
Сол арманның шыққан жері құмардан. 
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір, 
Бақыт жайлы жазылмаған шығармаң.

 
4.Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала, 
Бірақ балам, мынаны естен тастама! 
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң, 
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!


5.Бақытыңмен, бақытым деп біл мені, 
Мені білсең бақытыңды білгенің. 
Ал мен үшін ең бақытты күндерім, 
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.

https://www.youtube.com/

watch?v=AIKtI2Sa1HY

7.Үйтапсырмасы

Бауыржан Момышұлының «Бақыт дегеніміз…» әңгімесін оқу.


8.Сабақтың қорытынды сәті

Баяу әуенді қосып, бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Сау болыңыздар, рахмет!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі