400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адам бақыты" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы»КММ

Күні: 18.10.2019ж.

: 7

Мұғалімі: Идрышева Қ.Д.

Сыныбы: 7

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адам бақыты

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттер: Дұрыс ырғақпен демалу, шыдамдылық, ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білу.

Мақсаты: Оқушылардың Ішкі тыныштық құндылығы арқылы бақыт туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

        1. Оқушыларға дұрыс ырғақпен демалуға үйрету.

        2. Оқушылардағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

        3. Оқушыларды ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz

2. www.on.kz


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу.

Бүгін өздеріңізді осындай әдемі, көңілді қалыпта көргеніме қуаныштымын. Қуана отырып, сабағымызды бастау үшін сіздерді ортаға шақырамын.

Күнге қарап қолымды бір, екі деп соғайын

Қарап тұрған көршіме мен қолымды бұлғайын

Жылы-жылы сөзбенен маңдайынан сипайын

Жылы-жылы жүзбенен жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен, құшақтасып алайын

Түрлі-түсті конфет арқылы 3 топқа бөліп отырғызу


2. Үй тапсырмасы.

1. №7, Джеймс Аленнің «Адам қалай ойлайды»мәтінін оқып келу болатын. Оқып келдік пе?

Олай болса, әр топтан 1 оқушыдан шығып, сұрақтарға жауап берсеңіздер.

Сұрақтар:

1. Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері – өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіңдер?

2. Автордың «Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады...» деген көзқарасымен келісесіңдер ме? Неліктен?

3. Мәтінде айтылған ойлармен қаншалықты келісесіңдер?

4. Өзің «дәл бүгіннен бастап» нені мақсат етер едің?


Жауаптарыңызға рахмет! Олай болса, бүгінгі сабағымызда «Адам бақыты» тақырыбында әңгімелесеміз.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға айтқызып, дәптерге жаздырту)

Жаны мейірімге толы адам бақытты

Пифвгор

Ежелгі грек философы және математигі


Сұрақтар:

1. Бұл сөзді біз қалай түсінеміз?

2. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдік?

Сонымен, айналасына нұрын шашып, үлкенге- құрмет, кішіге ізет көрсетіп, адал еңбек еткен адам бақытқа кенеледі.


4. Әңгімелесейік(Мұғалім сыйы).

Бейнебаян «Бақыт деген не?» Мұқағали Мақатаев

Сұрақтар:

  1. Бейнебаяннан қандай ой түйдік?

  2. Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

  3. Өзіңді қай кезде ерекше бақытты сезінесің? Неліктен?

Сіздермен толықтай келісемін, дұрыс айтасыздар, ішкі тыныштығы орнаған, ешкімге қиянат жасамайтын адам бақытқа кенеледі екен.


4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Қуаныш»

2 – топ: «Сәттілік»

3 – топ: «Шаттық»

Тапсырма:

1-топ «Бақытты болуымыз үшін не істеуіміз керек?» постер қорғау

2-топ «Бақыт үйін» құру – мозайка

3-топ «Бақыт» тақырыбында эссе,өлең жазу

Шығармашылық жұмыстарыңызға рахмет. Сонымен бақыт әр адамның өз қолында екенін түсіндік.


6. Топпен ән айту.

«Бақыт деген»
Сөзі: М.Мақатаевтікі
Әні: Б. Жумалиндікі

Бақыт жайлы менін мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұн

Бақытты сол тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім


Бақыт деген сенін бала күндерін

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенін

Бақытын да басқасын да білмеуін

Бақытсыз ақ ойнап күлгенін


Бақыт деген әркімдерде бір арман

Сол арманнын шыққан жері құмардан

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім

7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ.«Менің бақытты сәттерім» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №8, Бауыржан Момышұлының «Бақыт дегеніміз...»мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу музыка қпойылады.

Мұғалім: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады.

Сөздерің тек оң болсын, өйкені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.

Әрекеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әрекеттеріңіз – әдетіңіз болады.

Әдетіңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.

Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.10.2020
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі