Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адам бақыты" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Ішкі тыныштық құндылығы арқылы бақыт туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


7 сынып

Тақырыбы: Адам бақыты

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттер: Дұрыс ырғақпен демалу, шыдамдылық, ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білу.

Мақсаты: Оқушылардың Ішкі тыныштық құндылығы арқылы бақыт туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға дұрыс ырғақпен демалуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ызақорлық, сараңдық, жалқаулықты қадағалай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.

Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

5 Т ережесі


Т- Тәртіп

Т- Талап

Т- Тыныштық

Т- Тазалық

Т- Татулық





2. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ.Құрбы-құдастарыңның арасында «Өмірдің мәні –адамгершілік болса?!» тақырыбында сауалнама жүргiзiңдер. Сауалнама нәтижесi бойынша қорытынды жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №7, Джеймс Аленнің «Адам қалай ойлайды» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері – өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіңдер?

2. Автордың «Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады...» деген көзқарасымен келісесіңдер ме? Неліктен?

3. Мәтінде айтылған ойлармен қаншалықты келісесіңдер?

4. Өзің «дәл бүгіннен бастап» нені мақсат етер едің? Мәтіндегі ойға тағы да қандай мәселелер қосар едің? Әңгімелеп беріңдер.

Сауалнама парақшалары,

оқулық

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады

Леонардо да Винчи

Леонардо да Винчи - италияндық ұлы суретші әрі ғалым

Сұрақтар:

1. Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде?
3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?

4. Дәйексөзден не ой түйдіңіз?

Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Бақыт

Бір күні бір бай кісі халық арасында жарыс жариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге мыңдаған ақшаны жүлде береді. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында барлық жұмыстарды іріктеп болған соң, қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын таңдай алмай қиналып қалады:

Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті болды. Көлдің бетіне айнадай болғаны соншалық айналасындағы таулардың бейнесі шағылып тұрды. Көлдің үстінде аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса бірден “қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар” деп ойлайды. Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет еш ғанибет суреті еместі.

Бірақ бай кісі суретке қарап сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесін көреді. Қасында құс ұясы да салынған екен. Кішкентай құс судың ортасында ұя құрған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Бірден жеңімпаз болып осы сурет атанды. Өйткені, бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерде емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастық таба білуде жатады.

Сұрақтар:

Жеңімпаз атанған суреттегі бейнелер нені білдіреді?

Адам қай уақытта өзін бақытты сезінеді?

Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

Адам бойындағы қандай құндылықтар оны бақытқа жеткізеді?

Өзіңді қай кезде ерекше бақытты сезінесің? Неліктен?

Махаббат қайда деме – жүрегінде,

Шапағат қайда деме – тілегінде.

Берекемқайдадеме – отбасында,

Мерекемқайдадеме – көпқасында.

Ай, күнімқайдадеме – аспаныңда,

Байлығымқайдадеме – бас жағыңда,

Қайғы, мұңқайдадеме – қасқағымда.

Тірлігімқайдадеме – таңатқанда,

Ырзығымқайдадеме – Жаратқанда.

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 – топ: «Бақыт»

2 – топ: «Сәттілік»

3 – топ: «Ішкі тыныштық»

Тапсырма: «Бақыт деген не?». Өз ойларын постерге бейнелеп көрсетуі тиіс (суретпен, өлеңмен, көрініспен т.б. бейелеуге болады).


6. Топпен ән айту. «Бақыт құшағында»
Сөзі: Т. Молдағалиевтікі Әні: Ш. Қалдаяқовтікі
Көзіңнен бір ұшқын,
Ұшты ма білмедім.
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы:
Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.


7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ.«Менің бақытты сәттерім» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №8, Бауыржан Момышұлының «Бақыт дегеніміз...» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қпойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2021
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11