жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Адам генетикасы.10-сынып
C
абақтың тақырыбы. Адам генетикасы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Адам тұқымқ калаушылығын зерттеудің негізгі генеологиялық,цитогенетикалық,егіздік,популяциялық,биохимиялық әдістермен,олардың ерекшеліктерімен таныстыру.Адамда тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын болжау және ерте анықтау үшін генетикалық білім қажеттілігін көрсету.
Дамытушылық. Алған білімдері бойынша жек ақпараттарды таба алуы,генетикалық есептеу тапсырмаларын орындай білу,алған білімдері бойынша пікірталас тудыру,оқулықпен жұмыс жасай білу.
Тәрбиелік. Оқушылардың оқылатын тақырыпқа деген жауапкершіліктерін және оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.Адамзаттың салауаттылық өмір сүруіне деген көзқарастарын және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Кіріккен сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: терминдермен жұмыс,тестік тапсырмалар,жаңа сабақты түсіндіру,карточкамен тапсырма орындау,алғашқы білімдерін бекіту.кітаппен жұмыс жасау,топтық пікірталас,рефлексия,қорытынды.
Керекті құралдар мен жабдықтар: көрнекілік: «Адам хромосомасының картасы»,интерактивті тақта, «Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеудің әдістері»кестесі,генетикалық терминдері бар тақта,дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптағы оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа деген дайындық деңгейін тексеру.Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.Керекті құралдар мен жабдықтардың қамтамасыздығын тексеру.өтілетін сабаққа бастама жасау.
ІІ.Оқушылардың білімдік ықыластарын жандандыру. Өтілген сабақ бойынша тапсырмалар орындау:
1-тапсырма.Мына берілген ұғымдарға анықтама беріңдер.
Г
ен Генотип Фенотип
Аутосомалар Гомозигота Гетерозигота
-
-
-
-
-
Г
енетика
-
-
-
-
М
ендельдің заңдары Тіркесіп тұқымқуалау
заңы
Тұқымқуалаушылық Модификациялық Мутациялық Комбинативтік
өзгергіштік өзгергіштік өзгергіштік өзгергіштік
2-тапсырма.Тестік тапсырма.
1.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар?
а) 5 ә) 3 б) 2 в) 4
2.Г.Мендельдің үшінші заңы қалай аталады?
а) тіркес тұқым қуалау ә) ажырау заңы б) белгілердің тәуелсіз ажырауы в) өзгергіштік
3.Басыңқы гендер қалай аталады?
а) аллельді ә) рецессивті б) геномды в) доминантты
4.Организмнің ішкі-сыртқы жиынтығы қалай аталады?
а) фенотип ә) генотип б) полимер в) полимерия
5.Әке-шешесінің қаны IV топ болса,балаларының қан тобы қандай болуы мүмкін?
а) І,ІІ; ә) ІІ,ІV,ІІІ; б) ІІІ, IV в) ІІ,ІІІ;
6.Тіркес топтарының саны неге сәйкес келеді?
а) хромосомалардың гаплоидты санына ә) кроссинговерге б) генге в) локусқа
7.Моногибридті будандастырудың Ғ2 ұрпағындағы белгілердің генетикалық өзгеруі қалай жүреді?
а) АА,Аа,Аа,аа; ә) АА,Аа; б) Аа,АА,аа; в) Аа,аа;
8.Шешесі гомозиготалы ІІ топ,әкесі ІV топ.Ұрпақтарының қан топтары қандай болады?
а) ІІ,ІІІ,ІV; ә) І,ІІ,ІІІ; б) ІІІ, IV в) ІІ,ІІІ;
9.Г.Мендель моногибридті будандастыруға тәжірибе жасау үшін қанша бұршақ алды?
а) 8023 ә) 7003 б) 5065 в) 60232
10.Ген деген терминді ғылымға кім енгізді?
а) Т.Морган ә) Ч.Дарвин б) Г.Мендель в) В.Иогансен
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Адам генетика туралы жалпы түсінік.
2.Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеудің әдістері.
3.Генеологиялық әдіс
4.Егіздер әдісі
5.Цитогенетикалық әдіс
6.Биохимиялық әдіс
7.Адамның тұқымқуалаушылық аурулары мен оларды емдеу,алдын алу.
IV. Алған білімдерін алғаш бекіту.
1.Ауызша сұрақтарға жауап беру.
№1.Карточка.Генеологиялық әдіс
1.Генеологиялық әдіс мәні неде? 2.Бұл әдіс қандай көмек жасады?
3.Ағылшын ханшайымы Виктория әулетінің ұрпақтарын біле отырып қандай аурудың алдыналды?
№2.Карточка Егіздер әдісі.
1. Егіздер әдісінің мәні неде? 2.Бұл әдіс қандай көмек жасады?
3.Егіздер екі сперматозоидтың екі жұмыртқа жасушасын ұрықтандыруы нәтижесінде түзілетінін ескерсек,онда ол егіздердің қандай түріне жатады?
№3.Карточка.Цитологиялық әдіс
1. Цитологиялық әдістің мәні неде? 2.Хромосоманың пішіні мен санының өзгеруіне байланысты ағзада қандай өзгерістер болады?
3.Бұл аурулар қалай аталады?
№4.Карточка.Биохимиялық әдіс
1.Биохимиялық әдістің мәні неде? 2.Осы аурудың әсерінен қанда қант мөлшері өзгереді? 3.Қандай зат алмасудың басқа бұзылуы болады?
2.Оқулықпен жұмыс жасау.
Кесте толтыру:
|
Мен білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
|
3.Топтар арасындағы пікірталас. Екі топ бір-біріне сұрақ қоып жауап іздейді.Өзара пікір алмасады.
V.Рефлексия. «Мен салауатты адамзат үшін!» атты тақырыпқа өз ойларын ортаға салу.
VІ.Қорытынды. Мұғалім жалпысабақ бойынша қорытынды жасайды.
VІІ.Үйге тапсырма.§46; №2.Тапсырма,кестені толтыру.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген