400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Адам генетикасы және оның әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам генетикасы және оның әдістері. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі генеалогиялық , цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, биохимиялық әдістері туралы түсінік беру және адам генетикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Адамда тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын болжау және ерте анықтау үшін генетикалық білім қажеттілігі туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам генетикасы және оның әдістері.

Сабақтың мақсаты: Тіршілік ортасына белгілі көзқарастар және студенттердің дүниетанымын дамыту. Еркін сөйлеу, салыстыра білу, қабілеттерін дамыту.

Білімділік – Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі генеалогиялық , цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, биохимиялық әдістері туралы түсінік беру және адам генетикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Адамда тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын болжау және ерте анықтау үшін генетикалық білім қажеттілігі туралы айту.

Дамытушылық – студенттерге денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып, ойлау қабілетін дамыту. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, тұжырым жасауға және қорытындылауға үйрету.

Тәрбиелік – студенттерге тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және олардың маңызын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өткізілу әдісі: сұрақ – жауап, мозайка, түсіндіру, сәйкестендіру, постер қорғау, топпен жұмыс және т.б

Пәнаралық байланыс: Адам анатомиясы, Абайтану, Жаратылыстану.

Көрнекілігі: техникалық құралдар, слайдтар, буклеттер, суреттер.

Әдебиеттер: Жалпы биология Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов

Биология Р.Сәттімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев

Өсімдіктер физиологиясы Н.Кенесарина, А.Ковшарь,А.Соловьева,

Қ. Қайым «Биология»


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут) топ студенттерін түгелдеу, тексеру, оқу-құралдарын қадағалау, сынып тазалығына көңіл бөлу.

«Шаттық шеңбері» сергіту сәті. Студенттердің бір біріне тілек айту арқылы, көңіл күйлерін көтеру.

Топқа бөлу: Топ студенттерін «Суреттер» арқылы топқа бөлу.



І – «моногибридтер» тобы

ІІ – «дигибридтер» тобы

ІІІ – «полигибридтер» тобы

Үй тапсырмасын тексеру: (25 минут) Генетиканың даму тарихы.

1 – тапсырма. «Plickers» ойыны арқылы тест тапсырмаларын шешу.

2 – тапсырма. «Сандар сөйлейді» әдісі (1906,1909, 1914, 1865, 1901)

1906 жыл («Генетика» терминін ағылшын генетигі У. Бэтсон ұсынды)

1909 жыл (дат биологы В. Иогансен биологияда генотип,ген, фенотип ұғымдарын қалыптастырды)

1914 жыл (Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы қалыптасты Т. Морган)

1865 жыл («Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» атты еңбегі жарық көрді)

1901 жыл (Мутация ұғымын нидерландық ғалым Х. Де Фриз қалыптастырды. «Мутация теориясы» деп аталатын еңбегі жарияланды)

3 – тапсырма. Генетикалық есептер шығару. (Әр топқа генетикалық есептер беріледі және әр топ бір – бірінің жұмысын тексереді. )

1-топқа: Иттердегі жүннің қара болуы, қоңыр түске қарағанда доминантты, жүннің қысқа болуы ұзын болуына қарағанда доминантты. Екі белгісі арқылы гетерозиготалы иттен қандай күшіктер дүниеге келуі мүмкін?

2-топқа: Асбұршақтың түсінің сары болуы, жасыл түске қарағанда доминантты, сырты тегіс болуы кедір бұдырлы болуына қарағанда доминантты. Екі белгісі арқылы гетерозиготалы асбұршақтан қандай ұрпақ алынады?

3-топқа: Раушангүлділердің түсі ақ болуы, қызыл түске қарағанда доминантты, сырты тікенекті болуы тікенексіз болуына қарағанда доминантты. Екі белгісі арқылы гетерозиготалы раушангүлділерден қандай ұрпақ алынады?

Жаңа сабақ: (25 минут) Жаңа сабақты «Мозайка» суреттер арқылы ашамын. «Адам генетикасы және оның әдістері».

Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп – жетілуі, мінез –құлық қасиеттері тұқымқуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады.

Аданың генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі – оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі; хромосома санының көп болатындығы; адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық – адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің, мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі – ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.

Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Олар: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.

Shape1

Пысықтау:

4 – тапсырма. Постер қорғау. (15 минут)

  1. Моногибридтер тобы: генеалогиялық әдісті түсіндіріп, қорғайды.

  2. Дигибридтер тобы: егіздік әдісті түсіндіріп, қорғайды.

  3. Полигибридтер тобы: популяциялық әдісті түсіндіріп, қорғайды.

Бекіту. (10 минут)

5 – тапсырма. Білімдерін тексеру. «Аквариум» әдісі арқылы жаңа сабақтан сұрақтар қою, жеке жұмыс. (І – сары түсті балықтар, ІІ – жасыл түсті балықтар, ІІІ – қызыл түсті балықтар)

6 – тапсырма. Сәйкестікті анықта. Сәйкестендіру, қате орналасқан шартты белгілерді берілген уақыт аралығында дұрыс орынға орналастыру

  1. Генеалогиялық әдіс

Адам баласында жиі кездесетін құбылыс егіз болып туу

  1. Цитогенетикалық әдіс

Шежірелік карта құру арқылы зерттеу

  1. Онтогенетикалық әдіс

ДНҚ – ның құрамын зерттеу

  1. Популяциялық әдіс

Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістердің бар – жоғының анықталуы

  1. Биохимиялық әдіс

Тұқымқуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиілігін зерттеу

  1. Егіздік әдіс

Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау

Сабақты қорытындылау. (5 минут)

Жер бетінде тіршілік ететін барлық адам баласы бір ғана полиморфты түр – саналы адам болып есептелінеді. Адам генетикасы классикалық генетика заңдылықтарына негізделіп, молекулалық, жасушалық, организмдік және популяциялық құрылым деңгейлеріндегі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктердің құбылыстарын зерттейді.

Кері байланыс. (2 минут)

Студенттердің білімін бағалау. (1 минут)

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалаймын.

Үйге тапсырма: (2минут) Адам генетикасы және оның әдістері. Әрбір студент өз жанұясының шежірелік картасын құру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1046
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі