жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Адам және адамзат 7-сынып
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №3 Кеген орта мектеп-лицейі
№: 23 сабақ
Мұғалімі: Бахарбек Әлина Сыныбы: 7ә
Тақырыбы: Адам және адамзат
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Кешірімді болу, адамдарға риясыз қызмет жасау, жанашырлық
Мақсаты: Оқушыларға айналасындағы адамдармен жақсы қарым – қатынас жасау керектігін түсіндіре отырып, сүйіпеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды кешірімді болуға үйрету 2. Дамытушылық Оқушыларда адамдарға риясыз қызмет жасау іскерліктерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. http://tarbie.org/
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Тәртіп.
Жағымды көңіл – күйге келу. Орманға ойша серуен. (әдісі) (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет!
Білімді бекітуге арналған тестілеу 1-тест Қоршаған әлеммен үндестік дегенді қалай түсінесіңдер? А) Әлемде адамдардың сүйіспеншілікпен, қиянат жасамай бір бүтін болып қосылуға деген тілектестігінен туындаған үйлесім. Ә) Өзіндік көзқарасы мен сенімі, дүниетанымы. Б) Ортақ тіл табыса алуы 2-тест Отбасындағы бақыт пен тыныштық кімге, неге байланысты? А)Уақытқа, қаражатқа,жағдайға Ә)Отбасы мүшелерінің бір-біріне сүйіспеншілік, жанашырлық, түсіністік пен құрмет танытуына Б) Оған менің қатысым жоқ. Менің қолымнан не келеді? 3-тест Ұжымдағы өзара қарым-қатынастың ізгі, жайлы болуы үшін: А) Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық. Ә) Мақсат пен әрекет бірлігі Б) Жинақылық, тыңғылықтылық. 4-тест Өзіңді әлемнің бөлшегі ретінде сезінесің бе? А) Әрине, бізді қоршап тұрған шексіз кең, әрі мәңгі дүниенің бөлшегімін Ә) Әлем менсіз де әдемі әрі шексіз. Ондағы менің орным қайда екені белгісіз. Б) Жоқ. Мен өзімше әлеммін. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау |
|
«.... Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абай Құнанбаев Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Сұрақтар: 1. Айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады деп ойлайсың? 2. Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің? 3. «Өзгелерге қуаныш сыйлағанда,өз жаның асқақтай түседі»дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? «Жаңа ақпарат» Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су-бәрі-бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ. Бұл- табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол- махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңейеді. Бұл-адамзаттың бақытының негізі. |
|
4. Жұпқа тапсырма «Жақсылық
бәрібір оралады»
Сұрақтар: 7. Бұл әңгімеде қанай құндылық байқалып тұр. Мұғалім бағалауы. |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Сүйіспеншілік» «Жақсылық жасаған кезіңізде қандай әсерде боласыз?» 2 – топ: «Мейірімділік» «Жақсылықты қабылдаған кезіңізде қандай әсерде боласыз?» 3 – топ: «Адамгершілік» Сөзжұмбақ 1-2 топ –Дебат әдісі арқылы талдайды «Шапалақ әдісі» арқылы өзара бағалау. |
|
6. Үйге тапсырма. « Шексіз әлем» жаттау |
|
7. Топпен ән айту. Ана туралы жыр . Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқовтікі Әлемнің
жарығын сыйладың сен маған Қайырмасы: Өтеуге
борышын анашым жан сырым Ете
көр қанағат, әзірге берерім |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті «Білім ағашы»
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген