жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Адам жанының саулығы" 5 сынып
Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №54 жом
Мерзімі : 19.12. 2017
Сабақ саны:15
Тақырыбы: Адам жанының саулығы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық
Сынып: 5
Оқушылар саны:
Мұғалім: Барлыбаева Г.К
|
Сабақтың
мақсаты: - балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.
|
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2017 |
|
Сабақ барысы: Сабақ ұстанымдары: 1.Ашық болу. 2.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу. 3.Белсенді болу. 4.Сабақтан ой түйіп, қажетін алу.
Жақсы
бала еңбекшіл -Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңды шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Рахмет! Сұрақтар:
2. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабаққа шолу жасасақ. 1. Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды орындау.
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Жаңа Жыл ертеңгіліктерге
дайынсыңдар ма? |
Сабақ барысын талқылау Оқулық «Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз |
|
3. Дәйексөзбен жұмыс. Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде «Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек» Ебіней Бөкетовтің деген нақылыды талдауды ұсынамын.
Дәйексөздің мағынасын
ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Сұрақтар:
Дәптермен жұмыс Оқушылырдың мағанасын түсіндіру, пікірін тыңдау. Дәптерге жазу Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. • Ойын. |
|
|
4. Әңгімелеу. Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық (Аңыз) Сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер? Ішкі сұлу дегенді қалай түсінуге болады? Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? Ішкі және сыртқы сұлулық неліктен үйлесімді болуы керек? Өзің ішкі сұлулығыңды қалайша жақсартып жүрсің? Айтып бер. |
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Зерделі болсаң жетерсің
биік шынарға» Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер. Айжан мен Айнұр дос. Айжан күнде әдемі киінгенді жақсы көреді. Жиі киім алады. Ал Айнұр киімге мән бермейді, бірақ тазалықты жақсы көреді. Таза жүреді. Айжан досы Айнұрға үнемі «сен осы неге сәнді киінбейсің, сенің мүмкіндігің бар ғой» дейді. Айнұр үндемейтін. Бір күні екеуі сабақтан келе жатыр еді, сүрініп кеткен қарияны көреді. Айнұр бірден көмекке ұмтылады. Қарияны тұрғызып, сөмкесін берді. Оны жолдың арғы бетіне өткізеді. Қария алғыс айтты. Айнұр қуанып Айжанның жанына келді. Айжан үнсіз. – Сен неге көмектеспедің? – деп сұрайды Айнұр. –Менің киімім былғанады, сол үшін бармадым, - дейді Айжан. Үйіне келген Айжан анасына болған оқиғаны әңгімелеп береді. Анасы: – Айнұрдың жаны сұлу екен. Достықтарың мәңгі болсын. Айнұр сияқты қыз менің қызыммен дос болғанына қуанамын, – дейді. Айжан болса қызарып, отырып қалды. Сонда анасы: – Қызым, сенің де бойыңда жақсы қасиеттер мол. Адамның сыртқы сұлулығы мен ішкі сұлулығы сай болуы керек. Жан сұлулығыңды әрдайым іс-әрекетіңмен көрсете аласың- деді. 2-тапсырма «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбында эссе жазыңдар.
Сабақты
қорытындылау: |
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі |
|
6. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. Реферат. жоба тапсырмасы. |
|
|
7.Топпен ән айту. А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті.
Бір – біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына
тілек білдіріңдер. Қайырымдылық жасауды үйрен! Шамаң келсе көмектес! Жақсы болу өз қолыңда! Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін. Мен саған жақсылық тілеймін.Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
|
Тексерген: 19.12.2017ж. _________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 5-сынып. «Бөбек» Алматы,
-
«Өзін-өзі тану». Оқулық. 5-сынып. «Бөбек» Алматы, 2017
-
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары. Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.
Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №54 жом
Мерзімі : 25.12. 2017
Сабақ саны:16
Тақырыбы: Адам жанының саулығы. І жартыжылдық тест.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық
Сынып: 5 –А,Ә,Д,Е,Ж
Оқушылар саны:
Мұғалім: Барлыбаева Г.К
|
Сабақтың
мақсаты: - балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.
|
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2017 |
|
Сабақ барысы: Сабақ ұстанымдары: 1.Ашық болу. 2.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу. 3.Белсенді болу. 4.Сабақтан ой түйіп, қажетін алу. Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. 2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізу. (Әуен ойналады) Барлығымыз денемізді бос ұстап еркін сезінейік. Тынышталамыз. Көзімізді жұмайық. Мен кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан жерінде тұрамын. Менің жүрегім елім деп соғады. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Мен патриотпын. Осындай Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз. Енді осы сезімді жүрегіңізге орналастырыныз. Ақырын көзімізді ашамыз. Рахмет.Сұрақтар: -Қандай күйде болдыңдар? -Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабаққа шолу жасасақ. 1. Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды орындау.
-Қазір жылдың қай
мезгілі? --Жаңа Жыл ертеңгіліктерге дайынсыңдар ма? |
Сабақ барысын талқылау Оқулық «Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз |
|
3. Дәйексөзбен жұмыс. Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде ««Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» нақыл сөзді талдауды ұсынамын.
Дәйексөздің мағынасын
ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. Сұрақтар:
Дәптермен жұмыс Оқушылырдың мағанасын түсіндіру, пікірін тыңдау. Дәптерге жазу Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. |
|
|
4. Әңгімелеу. Ағаш тостақ Бір қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары естілмей, аяғынан жүре алмапты. Дастарқанда отырғанда қолы қалтырап, қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп, аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайларына ызалары келіп, қатты ұрысып, жүрегін жаралапты. Соңғы кезде дастарқанға да шақырмай, пештің артындағы бір жерге отырғызыпты. Сол жерде отырып, сол жерде тамағын жепті. Қолына бір тостақ ұстатыпты. Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты. Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарқанға мұңая қарайтын болыпты. Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап, тостағын жерге түсіріп, сындырып алыпты. Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды. Ертеңінде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады. Мүсәпір адам енді тамағын сол ағаш тостақтан жейтін болады. Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді. Әкесі ұлына: — Ол ағаштардан не істемекшісің?-деп сұрайды. — Ағаштан тостақ жасаймын, әке… Қартайғанда сіз де осы тостақтан тамақ жейтін боласыз, — дейді ұлы. Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешенің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады. Атасын қайтадан дастарқан басына отырғызады. Содан кейін тамақты үстіне, дастарқанға төкседе, оған сөйлемейтін болыпты. Сұрақтар: 1. Әңгімедегі ең аянышты сәті қайсысы? 2. Кішкене баланың әрекетінен не байқадың? 3. Ол ата-анасынын мейірімін қалай ояты? |
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1. Оқушылардың ойларың білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «сахналау» айдарымен берілген диалогті 5 минуттың ішінде жаттап сахналау. Жан сұлулығы Алтынай: Мен әдемі қызббын мен өскенде де ең ідемі қыз боламын. Дина: Ия, достым, сен сыныптағы ең әдемі қызсың. Мен сенің әдемілігіне қызығамын. Алтынай: Мына қарияның көзі көрмейме, қолында таяғы бар? Дина: Жүр, онан да көмектесіп, жолдан өткізіп жіберейік. Алтынай: Урадқыт алғанша, жүре бермейміз бе? Дина: Сізге көмектесейік бе? Қария: Көмектесіп жіберші, мейірімді қыз. Көзім көрмейді, қартайдым, Жолдан да өте алмай тұрғанымды қарашы. Дина: Жүріңіз. Қария: Рақмет, қызым. Күн көзіндей сұлу екенсің.. Алтынай: Оның әдемі екенін қайдан білдіңіз? Көзім көрмейді деген жоқсыз ба? Қария: Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды. Осы көріністе адамның жан сұлулығының мәні ашылады. 2. ( тапсырманың шартын түсіндіремін.) -Балалар, барлығыңа мынадай тапсырма беремін, бірақ әркім өз бетінше орындау керек. «Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес, жан сұлулығына байланысты». Осы сөйлемнің мағынасына қарай, өз түсініктеріңізді қысқаша жазыңыздар. Тапсырма түсінікті ме, ендеше 5 минут уақыт беріледі.
Сабақты
қорытындылау: |
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі |
|
6. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. Реферат. жоба тапсырмасы. |
|
|
7.Топпен ән айту. А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады. |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті.
Бір – біріңе еңбектеріңнің жемісті болуына
тілек білдіріңдер. Қайырымдылық жасауды үйрен! Шамаң келсе көмектес! Жақсы болу өз қолыңда! Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін. Мен саған жақсылық тілеймін.Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
|
Тексерген: 25.12.2017ж. _________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 5-сынып. «Бөбек» Алматы,
«Өзін-өзі тану». Оқулық. 5-сынып. «Бөбек» Алматы, 2017
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары. Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.
Жан сұлулығы
Алтынай: Мен әдемі қызбын. Мен өскенде де ең әдемі қыз боламын.
Дина: Ия, достым, сен сыныптағы ең әдемі қызсың. Мен сенің әдемілігіне қызығамын.
Алтынай: Мына қарияның көзі көрмейме, қолында таяғы бар?
Дина: Жүр, онан да көмектесіп, жолдан өткізіп жіберейік.
Алтынай: Уақыт алғанша, жүре бермейміз бе?
Дина: Сізге көмектесейік бе?
Қария: Көмектесіп жіберші, мейірімді қыз. Көзім көрмейді, қартайдым, Жолдан да өте алмай тұрғанымды қарашы.
Қария: Рақмет, қызым. Күн көзіндей сұлу екенсің..
Алтынай: Оның әдемі екенін қайдан білдіңіз? Көзім көрмейді деген жоқсыз ба?
Қария: Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды.

Дина: Жүріңіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген