400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адам жақсы ісімен көрікті" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақтан балалар отбасына, досына сыныптастарына қиын жағдайға тап болғанда жанашарлық білдіріп, көмек беру арқылы отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. -отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру. -адалдық,сыйластық қасиеттерін дамыту. Рухани адамгершілік қасиеььерін дарыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: « №2 орта мектеп» КММ Сабақ: №11

Мерзімі:30.11.2017 ж

Тақырып : «Адам жақсы ісімен көрікті»

Құндылық сүйіспеншілік

Қасиеттер: ізгілік, адалдық, сыйластық

Мұғалім: Сыздыкова Б.Б. Сынып: 2 «Ә» Оқушылар саны: 15


Сабақтың мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-отбасындағы ізгі қарым-қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

-адалдық,сыйластық қасиеттерін дамыту

-ізгілікке тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»


Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, осы сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, институтқа қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

2. Үй тапсырмасы :

«Ананың сүйіспеншілігі» мәтіні 39-40 бет


3. Дәйексөз:

«Үлкен алдында жас парызы, ата алдында бала парызы – әдеп пен сый»

Мухтар Әуезов

1.Мұғалім оқиды.

2.Мұғаліммен бірге дауыстап оқиды.

3.Ұл балалар дауыстап айтады.

Осы дәйек сөзден не түсіндіңдер?

4. Әңгімелеу/Мұғалім сыйлығы.

«Әке ақылы»

1. Кімдер туралы?

2. Неге баласы әкесін тауға қалдырып кетпед?

3. егер сен сол баланың орнында болсаң не істер едің?

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

2. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар,

Қайырмасы:


7.Үй тапсырмасы

7.1. Сабақ №12 беттегі суреттерге қарап әңгіме құрастыру.


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті


Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік,қандай әсер алдық, осының барлығын жүрегімізде сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Бүгінгі сабақта отбасында бақытты болудың бір қыры- сүйіспеншілік арқылы, сыйластықты, бір біріне мейірімділікті, адалболу екенін таниды.

Енді жайлап көздеріңізді ашайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін көп рахмет!

Ресурстары:

Интерактивті тақта .Жақсылық туралы мақалдар,

Нақыл сөздер. Карточкалар, әр түрлі суреттер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі