15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Адам жауапкершілігі"
Бекітілді Калиниченко Л. С.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 24.05.2016
Сыныбы: 1 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
Дамытушылығы: Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, сөздерді дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйрету;
Тәрбиелігі:
Оқушыларды ертегіні сүйіп
оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: көпірдің, құбыжықтардың
суреттері
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жұмбақтар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Саламатсыңдар ма, балалар!? Бүгін көңіл- күйлерің қалай? Көңіл – күйлеріңді жақсарта түсу үшін бір тамаша ән тыңдайық! ( «Ертегілер» Ә. Қалаубаева)
-Бұл әнде не туралы айтылған?
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымда, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
-
Ертегілер әлеміне барғыларың келе ме?
-
Онда әуелі мына көпірден өтуіміз керек. Ал бұл көпірде құбыжықтар көп.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
-
Құбыжықтарды жеңу үшін сендер сұрақтарға жауап берулерің керек. Дайынсыңдар ма, балалар? Құбыжықтарды жеңіп, ертегілер еліне барамыз ба?
Сұрақ – жауап:
-
Дыбысты не істейміз?
-
Әріпті не істейміз?
-
Сөйлем дегеніміз не?
-
Мәтін дегеніміз не?
-
Буын дегеніміз не?
-
Жарайсыңдар, балалар! Сендер өз білімдеріңмен құбыжықтарды жеңдіңдер. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген осы. Енді біз ертегілер еліне саяхатымызды бастай аламыз.
III. Жаңа сабақ:
-
Балалар, ертегілер елі біз ойлағандай емес екен. Бұл жерде тосқауылдар көп екен. Біз бірігіп осы тосқауылдарды жеңуіміз қажет. Себебі ертегілер еліне тек қана ақылды, тәртіпті балалар ғана кіре алады екен.
-
Ендеше алғашқы тосқауылымыз Түлкінің тапсырмасы:
Түлкінің жұмбақтары:
-
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)
-
Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз бен мысық)
-
Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды,
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы. (Қаңбақ шал)
-
Кішкене қыз орманға,
Жалғыз өзі барады,
Әжесіне қартайған,
Дәмін салып барады. (Қызыл телпек)
-
Жарайсыңдар! Түлкінің тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар.
-
Келесі тосқауыл Арыстанның тапсырмасы: Қай ертегі? Кейіпкерлері кім? деп аталады.
-
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
- Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. .... (Күшік пен мысық)
Өрісте жайылып жүрген қойлардың ішінен бір арық қой артта қала береді. ... ( Ақымақ қасқыр)
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір – бірлеп арыстанның халін білуге келеді. ... ( арыстан мен түлкі)
- Үшінші тосқауылымыз, жоқ бұл тосқауыл емес, бұл «Ғажайып бақ» аялдамасы екен, мұнда біз сендермен біраз тынығып алуымызға болады.
- Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, ойын ойнаймыз ба? Ойынның аты "Үй жануарларын тап". Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, "үй жануарын" естігенде қол шапалақтау керек.
Ал ойынымызды бастайық :
жолбарыс, түйе, түлкі, жылқы, аю , қасқыр, ешкі, шегіртке, лақ, кірпі, қой, қоян, жылан, сиыр, тиін, тауық.
-
Үшінші тосқауылымыз Кірпінің тапсырмасы: «Жеміс жинау»
Жеміс, көкеніс, жидек аттарын буынға бөліп жазып, себетке жинау.
-
Жарайсыңдар, балалар! Осымен тосқауылдарымыз аяқталыпты. Ертегілер елінің кейіпкерлері сендерге риза болды. Енді мультфильм қарауға қалай қарайсыңдар?
-
Ертегі қалай аталады екен?
-
Бұл ертегіден не үйрендіңдер?
-
Кейіпкерлерін ата.
IV. Үй тапсырмасы:
-
Балалар, үйде ойдан ертегі құрастырып келіңдер.
V. Қорытынды:
- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Ертегілер сенің қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды аскақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген