400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Адам жауапкершілігі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға керек бола ма деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ





















Shape1




(Ашық сабақ, 7-сынып)






Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.






2018-2019 оқу жылы

Пән: Өзін-өзі тану Мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.

Сабақ: № 12 Мерзімі:________________

Сыныбы: 7 Тексерген ____________

Оқушылар саны – ОІЖО Кишанова Б.С.

Тақырып: Адам жауапкершілігі.

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер: жауапкершілік, ұқыптылық, тәртіптілік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жауапкершілік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік: жауапкершілік ұғымын ар-ұят пен ұқыптылық қасиетімен байланыстыра отырып түсіндіру;

2. Дамытушылық: ұқыптылық, тәртіптілік қасиеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.


Ресурстар: (оқулық, дәптер, лирикалық әуендер, ноутбук, проектор, экран, жалаушалар, сюжетті суреттер, А3 қағаз, маркер, Құндылық ағашы)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгендеу,

ә) топқа бөлу (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет)

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Біз жауапты боламыз

Сарқылмасын күш.

б) 5Т ережесін еске түсіру (Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық Татулық)

Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену. (Жайлы баяу музыка қойылады).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашамыз.












«Хрустальная композиция» әуенімен тыныштық сәтін өткізу

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы «Нағыз ұстаз» атты аңыз әңгімені оқып келуге берілген.

Талдау сұрақтары:

  • Аңызда кім туралы айтылады?

  • Ұстаз қандай адам?

  • Ұстаздың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Неліктен дәрігерлердің кеңесіне құлақ түрмеген бала ұстаздың кеңесін үлкен сеніммен қабылдады?

  • Анасы неліктен ұстазды бірден түсіне алмады?

  • Адам өз ісі, ойы мен сөзіне жауапкершілік алғанда оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

2. «Сен өз жауапкершілігіңді қалай сезінесің» деген тақырыпқа шығарма жазу. Әр топтан ең үздік деген шығармалар оқылады.


  1. 3. Дәйексөз.

«Көшбасшы жауапкершіліктен басқа барлық нәрседен бас тарта алады».

Джон Максвелл.


Дәйексөзді дауыстап оқу.

Оқушыларға қайталату.

Дәйексөз бойынша сұрақтар:

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Көшбасшы деп қандай адамды айта аламыз?

  • Неліктен көшбасшы үшін жауапкершілік бірінші орында тұруы керек?

Дәйексөзді дәптерге жазу

4. Оқиғаларды әңгімелеу.

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. «Дәмі қалай екен?» деп сұрайды қария. Шәкірті «Ащы» деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. «Tәтті» дейді шәкірт. «Тұздың дәмін сездің бе?» сұрағына да, «жоқ» деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: «Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің жауапкершілігіңе байланысты. Стакан емес, бұлақ болуға тырыс», – деген екен.

  • Сұрақтар:

  • Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  • Ұстаз шәкіртті қалай сынады?

  • Не себепті өмірдегі қиындықтарды адамның жауапкершілігімен байланыстырады?


  1. 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ: Сөзжұмбақ шешу;

2-топ: “Жауапкершілік” тақырыбына постер қорғау;

3-топ: “Жауапкершілік” тақырыбына эссе жазу.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

Ойын: «Сандар сыры».(ойын компьютерде ойналады) 3 топқа ортақ: Адам бойындағы жауапкершілік қасиеттерді жазып, орыс, ағылшын тіліне аудару.









  1. 6. Топпен ән айту.

Кешікпей келем деп ең...

Әні: Ш.Қалдаяқов

Сөзі: М.Шаханов

1. Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың, арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


2. Қайтемін кінәләп бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


3. Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет



  1. 7. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтағы «Шектен шықпа» атты мәтінді оқып келу.

2. Джон Максвеллдің өмірбаяны туралы хабарлама дайындау.


  1. 8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. (Баяу әуен орындалып тұрады).

Көзімізді жұмып, еркін отырайық. Бүгінгі сабақтан нені түсіндік, қандай әсер алдық, не үйрендік сол туралы ойланайық. Алған әсерлерімізді жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Әрқашан өз жауапкершілігімізді сезініп, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет ете білейік. Жайлап көздеріңді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Алған әсерлерін стикерлерге жазып, құндылық ағашына іледі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі