Бекітемін: Келісемін:
Мектеп
директоры: А.Токмуратов Оқу ісі меңгерушісі:
Л.Тәжібеков
Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
№52
М.Өзтүрік атындағы жалпы орта мектебі
Ашық
сабақ
Сабақтың тақырыбы:
«Адам мен Отан»
Сыныбы: 9
«А»
Мұғалімі:
Ж.Накыпбекова
ШІРКІН-2016
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп №52 М.Өзтүрік атындағы
жалпы орта мектебі Мерзiм 12.02.2016ж
Cыныбы: 9 «А»
Мұғалімі:
Ж.Накыпбекова
Сабақтың
тақырыбы: Адам және Отан
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың туған ел,
атамекен, Отан туралы түсініктерін
кеңейту.
Білімділік
: Туған елдің, атамекеннің, Отанның адам өміріндегі мәнін
жан-жақты ашу;
Дамытушылық: Туған елін, атамекеннің, Отанын қадірлеу, қастерлеу
іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік
:Туған елін, атамекенін,
Отанын сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже: Оқушылардың туған ел, атамекен, Отан туралы түсініктері
кеңейеді.
Сабақтың технологиясы: СТО
стратегиялары
Қамтылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту мен оқуда АКТ- ны
қолдану.
Әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау», «Ойлан,
жұптас,талқыла»,«Топтастыру»,топқа бөлу.
Негізгі ұғымдар:Топтасып жұмыс жасайды,
мәтінді оқиды ЖИГСО, бірлесіп жұмыс жасайды, ортақ шешімге
келеді,білімдерін бекітеді.
Ресурстар: үлестірмелі материалдар,
оқулық, қағаздар, презентация, бейне жазба, АКТ
Өткен
материалмен байланысы: Пән аралық
байланыстар
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
амандасып,түгендеу.
Оқу құралдарын алғызып,зейінін
сабаққа аудару
Шаттық шеңбері
«Сиқырлы қобдиша» (3мин)
Оқушыларды топтастыру (2мин)
Оқушылар шеңберге тұрып «Сиқырлы қобдишаны» алып , ішін
қарап, өз топтарын анықтайды.
Оқушылар топқа Отан,
туған жер, ел атаулары арқылы бөлінеді.
Оқушылар бүгінгі сабаққа
жақсы тілек тілейді.
Топ ережесін еске
түсіру.
Үй жұмысын
тексеру(2мин)
«Әңгімелесу» (5мин)
Оқушылардың шығармашылық
жұмыстары
Сабақтың тақырыбын
анықтау үшін сұрақтар қойылады:
1.Суреттер бойынша нені
көріп тұрмыз?
2.Адамға Отаны,
Атамекені, Туған жері неліктен ерекше әсер
етеді?
3.Туған, өскен, тұрған
жеріңіз туралы не айта аласыңдар?
Топтық жұмысты
ұйымдастырады.
Оқушылар топ
басшысын,спикерді және баяндамашы
сайлайды.
Әр тапсырма уақытпен
белгіленеді.
1.Білу
(2мин) Дәйексөз
«Отаны бірдің-тілегі
бір,жүрегі бір»
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев
2.Түсіну (10 мин) Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтінді жекелей
оқып, топта талқылайды. «ЖИГСО» стратегиясы арқылы спикер өзге
топқа барып өз мәтінінің бөлігін таныстырып
өтеді.
3.Тыныштық
сәті (5мин) «Қазақстаным-менің Отаным!»
бейнежазба көру, талдау,
өз пікірлерін айту.
4.Талдау (мин) Постер құру.
I-топ:«Отан оттан ыстық»
II-топ:«Мақтанышым
Отаным»
III-топ:«Отаның алтын
бесігің»
Топтық
жұмыс
5.Қолдану (10мин) Ойын: «Мен Адаммын»
Мақсаты:Адамның бойындағы жақсы
қасиеттерді тауып атап беру.
Жүру
барысы:Мен сендерге жұлдызша беремін, сол жұлдызшаны бір-біріне
жалғастыру арқылы «Мен Адаммын» өйткені мен сөйлей аламын, деген сөздерді
тауып айтып, жұлдызшаны қайтарасыңдар.
6.Рефлексия Жинақтау
Сабақ соңындағы
рефлексия «Тілек ағашы» (2мин)
Оқушылар бүгінгі
сабақтан алған әсерлерін және де өз ойларын
жазады.
Үйге тапсырма: «Менің Отаным-Қазақстан»
шығарма жазу.Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын
жазады