400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Адам өміріндегі денсаулықтың маңызы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адам баласы үшін ең бірінші денсаулықтың маңыздылығы жайлы және оны өзіміздің де қолдан келгенше күтініп жүруі абзал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Адам өміріндегі денсаулықтың маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Коррекциялық: Көздеріне ауыртпалық түсірмей, көз жаттығуын жасату арқылы көру қабілеттерін сақтап қалу;

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе:. Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар және қонақтар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Адам өміріндегі денсаулықтың маңызы». Бүгінгі тәрбие сағатымызда аялдамаларға тоқтап көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер.
Аялдамалар:
I. “Мың бір хадис” аялдамасы.

II. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап аялдамасы.
III. “ Жағдаяттар” аялдамасы
IV. “Ұлы ғұламалар елі” аялдамасы
V. “Мені жалғастыр” ойыны
VI. “ Өмір театр” көрініс
VII. “Сөзтізбек” аялдамасы
VIII. Білгенге маржан

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
“Мың бір хадис” аялдамасы
1. Мұхтар: Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Жандос: Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3.Асылхан: Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Тәрбиеші: Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер? Олай болса келесі аялдамамыз : «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы (Оқушылар жауабы.)
1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Шұғыла: Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек.

Айнұр:Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шұнықтырумен шұғылдану. Дұрыс тамақтану, организимді шыңдау, белсенді, қайырымды ақжарқын болу.

Дина Акзамовна: Бүгін бізге қонаққа келіп отырған дәрігерлерімізге сұрақ қойғым кеп отыр. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Денсаулыққа не зиян?

“Жағдаятты талдау” аялдамасы
1 жағдаят: Әділет.Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
2 жағдаят: Бекзат. Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
3 жағдаят: Асылхан:Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе....» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

Дина Акзамовна: Әділет, Бекзат, Асылхан жағдаятты ойланып ойларын түйіндегенше біз сіздермен мына видеороликке назар аударсақ.

Ал енді дайын болсаңдар жауап берулеріне болады Әділет жағдаятынды оқып өз ойынмен бөліссен.

Енді күнделікті әдетіміз бойынша көзге арналған жаттығуымызды жасайық. КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ. (Айбар жасатады)


“Ұлы ғұламалар не дейді?” аялдамасы
1- оқушы. Бағдат:1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адмның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арқтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ.
2- оқушы:Еркежан: “ Салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсысымздың дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған”. Қоғамымыз сау болсын десек, бүгінгі жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.
3- оқушы:Шұғыла: “ Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесіділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын – алу шаралары”. Бүгінде ерлердің -75%, әйелдердің – 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен.
4- оқушы:Ризагүл: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

Дина Акзамовна: Енді барлығымыз орнымыздан тұрып бойымызды жазып бір сергіп алайық.

«Сергіту сәті». (Видео)


“Өмір театр” көрініс аялдамасы
(Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады.)
-
Асылхан (бала): Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?
-
Ата (Бекзат): шылым шегудің үш түрлі “пайдасы” бар, балам.
- Біріншіден, Шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
-
Асылхан (бала): Қалайша?
-
Ата (Бекзат): Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.
-Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.
-
Асылхан (бала): Қалайша?
-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.
- Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.
-
Асылхан (бала): Қалайша?
-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын? ( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады.)
“Сөзтізбек ” аялдамасы
1.Денсаулықты сақтау үшін немен щұғылдану керек
2. Тазалықты сақтау не үшін қажет?
3. Гигиенана деген сөзді қалай түсінесіндер?
4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.
5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?
6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі.
7. Дені сау адманың денсаулығын сақтау үшін не істеуі керек?
8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе?

“Білгенге маржан” пайдалы кеңес дәрігерлер өз пайдалы кеңестерімен бөліседі.Бірнеше мысалдар келтіреді.
Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі