15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Адам қалай есейеді 1 сынып
Сабақ:жаратылыстану |
Мектеп: Төле би |
|||||||||||||||||||||||
Күні:18.02.2019ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Медеуова Куляйхан Манатаевна |
|||||||||||||||||||||||
Сынып:1 |
Қатысқандар:- |
|
||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы:
|
Адам қалай есейеді?
|
|||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау. 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: адамның өсу кезеңдерін анықтайды, атайды. |
|||||||||||||||||||||||
Көптеген оқушылар: жас ерекшеліктеріне байланысты жастың рет-ретімен орналасуын салыстырады, сипаттайды; |
||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: қарттық кезеңіне мақал-мәтел айта алады; |
||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
Адам өмірінің кезеңдерін атайды және сипаттайды. Адамның өмірінің жас кезеңдерінің ретін анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: сәби, жасөспірімдік кезең, кемелдену кезеңі, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ. |
|||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Үлкенге құрмет, кішіге ізет.Ынтымақтастық, адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіру. |
|||||||||||||||||||||||
Пән аралықб айланыстар |
Дүниетану, көркем еңбек.
|
|||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд көрсету. |
|||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Адамның дене мүшелерін, қызметін атайды. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. 1,2,3 сандарымен «Жіктеу»тәсілі арқылы топқа бөлемін. Топқа бөлу: 1 топ:«Сәби», 2 топ:«Бүлдіршін», 3 топ:«Оқушы». (Ұжымдық жұмыс) Оқу мақсатын ашу, ақпарат жинақтау және өз идеяларын одан әрі жалғастыру мақсатында «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықталады. Бұл әдісті орындауда оқушының бойында айтылым, тыңдалым, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. . |
Шаттық шеңберде
Топқа бөлу:
|
||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Кіріспе: Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? сұрағын қою арқылы, (інісінің немесе қарындасының) жасын нақтылатамын. Сәбиді сипаттауын, не істей алатынын сұраймын. Оның дүниеге келген күнінен бастап отбасында қандай өзгерістер болғанын сұраймын. 1 Тапсырма: адам өмірінің кезеңдерін айтып, сатылап орналастырады, отбасыларының жас ерекшеліктеріне қарай аттарын жазады. Олардыңжастарынешедекестегеолардыңаттарынжаз. «Сен қалай өстің?» суретіне назар аударта отырып, сұрақтар қоямын.
Сұрақтарға жауап ала отырып, адам өмірі көптеген кезеңдерден тұратынын,сол туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат беремін. «Бірге ойлаймыз» әдісі - Жаңа туған сәби қандай болады? - Мектеп жасындағы бала мен сәбидің айырмашылығы қандай? - Кемелдену кезеңін әңгімелеп бер. Мақсаты: адам өмірінің бірінші кезеңімен танысады. Дискриптор:Суреттерді салыстырады.Адам өмірінің бірінші кезеңі-«балалық шақ» екенін біледі.Адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді.Адамның жас кезеңдерінің ерекшілігі туралы әңгімелейді. Кері байланыс: Бағалау:«Смайликтер» арқылы өзара бағалау. 2.Тапсырма. Дәптермен жұмыс: Жұмыс дәптері «Қатені ұстап ал!» әдісі арқылы Сәбиге ,бүлдіршінге және оқушыға не керек? Мынадай сұрақтар қоямын: Сәби қалай тамақтанады? Оған не беру керек? Қандай ойыншықтар керек? Әр топқа тамақтануға арналған бөтелке, емізік, сылдырмақ, текше, қуыршақ, ойыншық машина, картон, оқулық, қаламсауыт, дәптер суреттерін үлестіру. Заттарды әр кезеңнің қажеттілігіне байланысты бөлуді ұсынамын. Әр топ алған заттарын өмірінің кезеңдеріндегі қажеттілігіне байланысты төрт топқа бөліп, таңдауының себебін түсіндіруін сұраймын.
Тағы қандай заттар қосуға болады? Дискриптор: -Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды. -Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға керек заттарды атап, біріктіреді және бояйды; -Суреттерді басқа заттармен сәйкестендіреді; -Сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс: Бағалау:«Арқа қағу»
3-тапсырма:«Ойлан!» әдісі арқылы сұрақ – жауап -Бала сәби шақтан бірден оқушы бола ма? сұрағы арқылы өмірдің әрбір сатысы маңызды екенін түсінеді.
Жұптық жұмыс. Суреттерді салыстыр. -Адам бірден қартая ма? -Адамның жасы ұлғайған сайын бойы қалай өзгереді? Ойлан! Адам неліктен өседі және дамиды? Дискриптор:Суретті салыстырып, адамның әр кезеңдегі бойын салыстырады және байқайды. Адамның өсу кезеңдерін түсініп, адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыстырады; Кері байланыс: Бағалау: «Шапалақ» әдісі арқылы
Ширату жаттығуы: Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз. Бір-отырып,бір тұрып, Тез шынығып аламыз.
4- тапсырма:(Топтық жұмыс)Зерттейік. Зерттеу үш кезеңде өтеді.
Зерттейік: Оқушылар жұмысты тобымен ақылдасып орындайды. Зерттеу үш кезеңде өтеді. 1-кезең. Бастапқыда өзім сұрақ қоямын, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады. Сұрақтар: — Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме? — Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе? — Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме? 2-кезең. Қандайда бір іс-әрекетті балалардың жақсы орындай алатынын, керісінше атасы мен әжесі орындай алмайтынын саралатамын. Оқушылардан өз қорытындыларын түсіндіруді сұраймын. Ата-әжелерге не жетіспейді? (Күш, денсаулық, белсенділік). Ата–әжелер нені жақсы атқарады?(Ақыл айту, үйрену, өмірдің қиын жағдайында көмек беру). Неге? (Олардың өмірлік тәжірибесі мол). 3-кезең. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген мақалды қалай түсінетіндігін сұраймын. Қартайған адамдарды тыңдауға бола ма? Олар құрметке лайық па? -Сен қандай іс-әрекеттерді қиналмай істей аласың? -Ал қарт адамдар оларды қиналмай істей ала ма? Дескриптор: 1.Суреттегі заттарды сәйкес кезеңдерге бөле алады. 2.Оқушылар кестедегі бағандарға өздерінің отбасы мүшелерін өмір кезеңіне сәйкес орналастыра алады. 3.Атасы мен немересі орындайтын әрекеттерді ажыратады. 4.Сұрақтарға жауап береді.Әр топ қорытынды жасайды. 5.Мақал туралы ойларын айтады. Кері байланыс Бағалау:«Бағдаршам» әдісіарқылы топтық бағалау. Сабақты бекіту: |
Слайд интербелсенді тақта
«Смайликтер»
Жұмыс дәптері 20–жұмыс парағы
Суреттер
«Арқа қағу»
Оқулықпен жұмыс:35 бет
«Шапалақ»
21-жұмыс парағы
Түсті шеңберлер |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия Не білдім? Не үйрендім? Сұрақтарына жауап алу. |
|
||||||||||||||||||||||
Ба |
||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ның сақта- луы |
||||||||||||||||||||||
1-тапсырма бойынша «Сен қалай өстің?»суретіне назар аудартып, сұрақ қоямын.Жұмыс барысында диалогтың және қолдау көрсету саралау жүреді. 2-тапсырмада саралау жүрді.Тапсырма бойынша тағы қандай зат қажеттілік ететіне көмек көрсету болды. 3-тапсырма барысында мұғаліммен оқушының ортасында сұрақ-жауап жүрді.Жұптық жұмыс арасында диалогтық және қолдау көрсету саралау жүріп, суреттерді салыстырды. 4-тапсырма.Зерттеу үш кезеңде өтіліп, оқушылар арасында қарқын саралау жүріп, зерттеді.Барлық тапсырма барысында бағалау жүріп отырды. |
Бағалау «Смайликтер» «Бағдаршам»«Шапалақ» «Арқа қағу»
|
Денсаулығыңды күтіп жүр. Партада отырғанда белге зиян келмес үшін денеңді тік ұста. |
||||||||||||||||||||||
Рефлексия
|
Адам өмір кезеңдерін сипаттады.Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтап айтты |
|
||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген