жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, "Адам құқығы мен бостандығы", 9 сынып
Қазақ тілі
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адам құқығы мен бостандығы Мұғалімнің аты-жөні: Сахариева Мадина Мухановна Мектеп: «ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты» КММ Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бала құқығының қорғалуы |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-Сұрақтарға болжау арқылы жауап береді; -Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады; -Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрап, жасалу жолын түсіндіреді |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын біледі. Пәнге қатысты сөз тіркестері: қиянат, қабір, зар еңіреу |
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Мейірімділік, жанашырлыққа баулу |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану |
||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Бала құқығы туралы Конвенция туралы біледі. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалуымен таныс |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурс
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 8 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Шаңырақ». /шеңберге жиналады, әр оқушы бір сөзбен тілек айтып, ортаға бір қадам жасайды, оң қолдарын алдыға созады, шаңырақ жасайды/ 2.Алдыңғы білімді қайталау «Бір қадам алға» әдісі арқылы Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
Ой шақыру. «Бала құқығы» атты бейнеролик көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашу. -Сен өз құқығыңды білесің бе? -Сенің құқығың үнемі сақталады деп ойлайсың ба? /пікірлер тыңдалады/ Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. «Бала құқықтарының қорғалуы» /қарсылықты салалас құрмалас сөйлем/ |
сұрақтар https://yandex.kz/video/search
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 28 минут |
ЖЖ. Тірек сөздер беріледі. «Есте сақта» жаттығуы орындалады.
/Сөздерді есте сақтауға – 1 минут, жазуға – 1 минут беріледі. Жұппен алмастырып тексереді/ Дескриптор -1-7 сөзге дейін, орташа деңгей -8-10 сөзге дейін, жақсы деңгей -11-12 сөзге дейін, өте жақсы деңгей 2. «Сұрақ-жауап» әдісі. /оқушылар қойылған сұрақтарға болжау арқылы жауап береді/ -Мәтін не жайында болуы мүмкін? -Негізгі оқиғаларды болжаңдар. -Кәрі әжесі өлгеннен кейін не болуы мүмкін? -Мәтін немен, қалай аяқталады деп ойлайсың?
ҚБ. «Мүмкін» (сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға, зерделеуге мүмкіндік беру үшін «мүмкін» сөз орамы қолданылады). 3.Тыңдалым кезеңі. (Оқушыларды санау арқылы топқа бөлу) М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесін мұғалімнің оқуында тыңдау. ТЖ. Постер қорғау. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы бала Қасымның құқығының тапталу себептерін анықтау.
ҚБ. «Топтық кері байланыс». *Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндіру: 1. Жалғаулықсыз түрі. 2. Жалғаулықты (бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, әйткенмен, сөйткенмен, сөйтсе де, десе де) түрі. ЖЖ. 1-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып жалғаулықты және жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. 2-тапсырма. ТЖ. «Аяқталмаған сөйлем» әдісімен сөйлемдерді толықтыр. /мәтіннің түпнұсқасынан алынған сөйлемдерді өз ойларынша құрайды, түпнұсқамен салыстырады/ І топ. 1. Қап-қараңғы түн болды, ... 2. Әке-шешесінің басына мал сойып апарып, құран оқытпақшы болды, 3. Қасымның сырт пішіні момын сияқтанады, ІІ топ. 1..., әйтсе де Қасым тау ішінде келе жатыр. 2..., алайда Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған. 3. ...,бірақ ішіне ылғи жетімсіреген жалғыздықпен бірге, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып орнай бастады.
ҚБ. «Құрастыр және жауап бер» әдісі |
Слайд, тірек сөздер
Оқулық: Қазақ тілі, 9-сынып Арман ПВ баспасы, 2019ж. Авторлары: Т.Н.Ермекбаева, К.Ә.Бертілеуова, Р.А.Абишева
Таратпа материал, балық қаңқасы
Слайд кесте
«Жетім» әңгімесінің толық нұсқасы |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
Рефлексия «Плюс, минус, қызықты»
Үй тапсырмасы: Ойтолғау жазу «Менің құқығымның қорғалуы» |
кесте |
|||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпараттар |
|
||||||||||||||||||||||
|
Саралау |
| ||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген