жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ, Адам-табиғаттың бір бөлігі. Ересек топ
Авторы: Мейрбекова Элиза Альбертовна.
Павлодар қаласы. №44 сәбилер бақшасы. Тәрбиеші
Ересек тобына арналған.
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Адам - табиғаттың бір бөлігі.
Мақсаты: Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Адамның сезім мүшелерінің табиғатты танып-білудегі рөлі туралы түсінік беру.
2. Балалардың тілін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, қиялдарын байыту.
3. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, табиғаттың әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: жеке жұмыс, топтық және жұппен жұмыс
Қолданылатын көрнекіліктер: табиғат туралы суреттер, дидактикалық ойындар, Дара қуыршағы, табиғи құбылыстар дыбысы
Создік жұмыс: сезім мүшелері.
Билингвальды компонент: сезім мүшелері — органы чувств, дене мүшелері - части тела, көз - глаза, мүрын - нос, тері - кожа, құлақ - ухо.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балалар
бүгінгі күн ерекше күн. Біз бүгін
мультфильмдер еліне барамыз, бірақ
бізге қонақтар келіп отыр олай болса
қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар, бізді бүгін мультфильмдер еліне Дара апарады. Ол бізге қонаққа келді. /Дара қуыршағыш шығарады/ (аудиожазба Дара сәлемдеседі 2 аудио Дара: балалар мен сендерді бүгін белгісіз алқапқа апарамын. Бірақ бұл алқапқа баратын жолда көптеген кедергілер бар екен. Солардан бірге өтуге дайынсыңдар ма?
3 аудио Дара: Оған баратын жолды табу үшін картаны шақырайық. 4 аудио Картаның музыкасы ойнайды
|
Қонақтармен сәлемдеседі
Балалар Дарамен сәлемдеседі
Ия дайынбыз.
|
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
- Саяхатқа аттану үшін біз Дараның картасына қараймыз. Картада не бейнеленген? Балалар, картаны қарау үшін бізге денеміздің қандай сезім мүшесі қажет?
Көз - адамның негізгі көмекшісі болып табылады. - Көз туралы не айтуға болады? Көздің түсі қандай? Көзді қалай күту керек?
-Балалар қараңдар мына карта бойынша біз қазір қайда барамыз? Дұрыс-ақ, үңгірге кіреміз. Үңгірдің ішінде түрлі дыбыстар шығады екен. Дид.ойын «Дыбысынан анықта» Ненің дыбысы екенін табайық / құстардың, желдің, найзағайдың, жануарлардың дыбыстары/ Балалар, желдің, құстардың, судың, жауынның дыбыстарын бір сөзбен ненің дыбысы деп айтамыз?
-Ал дыбыстарды қандай сезім мүшесімен ажыратамыз? - Есту - адам үшін ең үлкен байлық.
Енді әрі қарай карта бойынша жүреміз. Біз қайда келдік? Балалар бұл бақшада жемістер шаталасып кетіпті. Біз зертханаға барып, иістері мен дімдерін тауып, оларды орын орындарына қойуымыз керек. Дид.ойын «Иісін және дәмін тап» /жұппен/ 3-жұп: киндердің ішіндегі иісті табу. 3-жұп: тарелкадағы дәмді жеп анықтау
Ал иісті және дәмді қандай сезім мүшесімен таптық? Дұрыс айтасындар. Мұрын иісті сезу үшін қажет. Ал тіл дәмді ажырату үшін керек
5 аудио Дара: Балалар, бау-бақшаны ретке келтіруге көмектескендерің үшін рахмет. Балалар, табиғаттағы дыбыстарды есту үшін не қажет? Табиғаттың әдемілігін көру үшін не қажет? Өсіп тұрған әдемі гүлдернің иісін сезу үшін не қажет? Ал құлақ, көз, мұрынды бір сөзбен қалай айтуға болады? Дарамен бірге орысша, ағылшынша үйренеміз Сезім мүшелері: көз – глаза - eye, мұрын – нос - noes, құлақ – уши – ears
Сергіту сәті
Сонымен сезім мүшелері арқылы біз табиғатты танып білеміз, оның әсемдігін көреміз Адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат аясында демалады, жылуын, жарығын, суын пайдаланады. Балалар біз өзенге де келдік. -Өзенде нелер мекен етеді? Балалар байқасаңдар балықтар өзен шетіне шығып қалыпты. Олар жер бетінде өмір сүре ала ма? Ал неліктен олар өзеннің жағалауына шығып кеткен? Олай боса біз өзенді және оның маңын тазалауымыз керек. Ал өзеннің жағалауы да қоқыстан көрінбейді
Дид.ойын «Қоқыстан тазала» /топтық жұмыс/ Мақсаты: өзен астын, орманды қоқыстан тазарту Ойын барысы: екі топқа бөлініп өзендегі және ормандағы қоқыстарды тазалайды. Қоқыстардың орнына өзен, орман мекендеушілерін орналастырады Ал осы қоқыстар қайдан келді? Адамдар дұрыс жасады ма? Дұрыс балалар, осылайша біз өзенді тазаладық
Дарамен бірге әрі қарай саяхатымыз жалғасады.
Балалар қараңдаршы, біз қалың орман ішіне келдік. Орманда алаяқ Түлкі қыдырып жүр екен. Ол орманда өзін қалай ұстау керек екенін білмейді?
Дид.ойын «Сәйкес белгі қой» /жеке жұмыс/ Мақсаты: орманда жүру кезіндегі ережелерді үйрету Ойын барысы: балалар әр суретің жанына сәйкес тиым салу белгісін орналастырады. Тексеру. Балалар бұл ережелерді Түлкіге сыйлайық.
6 аудио Дара: Түлкіге ережелерді үйреткендерің үшін көп рахмет. Қараңдаршы қандай әсем табиғат. Гүлдер, жануарлар, өсімдіктер, көбелектер.
7 аудио Дара: тамаша! Сендер белгісіз алқапқа да келіп жеттіңдер. Оның сендерге дайындаған тапсырмалары бар.
Дид.ойын: «Ғажайып пішіндер» Мақсаты: қиялдарын, логикалық ойларын дамыту Барысы: Сендер берілген пішіндерден өз қиялдарыңнан табиғат бөлшегінің суретін ойлап салу керексіңдер.
|
Картаны сипаттайды Көз қажет Ол айналадағы дү- ниенің бөрін көруге, көлемін, орналасқан орнын ажыратуға көмектеседі. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Үңгірге барамыз
Дыбыстарды ажыратады.
Табиғат құбылыстарының дыбысы Айналадағы дыбыс- тарды құлақ арқылы естиміз.
Жемістер алаңына келдік.
Иіскеп айтады Дәмін татып айтады (тәтті, қышқыл, ащщы) Мұрынмен және тіл арқылы
Құлақ қажет
Көз қажет Мұрын қажет
Сезім мүшелері
Қайталап айтады
Сергіту сәтін орындау
Балықтар
Жоқ Өзен суы ластанған
Қоқыстарды тауып анықтайды. Бөтелке, пакет, т.б. өзен және орман жануарларын орналастырады Балалардың жауаптары
Жеке жұмыс жасайды. Белгілерді орналастырады
Көпірден өтеді
Пішіндерді жалғастырып табиғат бөлігінің суретін салады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Екі көзің не үшін керек?
-Екі аяғың не үшін керек?
Дұрыс-ақ! Балалар, сендер бүгін аяқтарыңмен балабақшаға келіп, сабақта не істедіңдер Ия. Табиғатқа көмектестіңдер, оны құтқардыңдар. Табиғатсыз адам өмір сүре ала ма? Неліктен?
8 аудио Дара: балалар, ғажайып табиғатқа жету жолындағы менің тапсырмаларым қиын болса қызыл жұлдызымды, ал тапсырмалар жеңіл болса жасыл жұлдызымды таңдап, менің сөмкеме салыңдар.
9 аудио Дара: балалар, менің мультфильмім ұнады ма сендерге?
10 аудио Дара: сендерге көп рахмет. Ал мен әрі қарай саяхат жасауға аттанам. Сау болыңдар балалар!
Балалар осымен біздің мультфильміміз аяқталды. Сендерге үлкен рахмет. |
-Жақсыларды көру үшін. -Ақыл кеңес тыңдау үшін. -Көмек қолын созу үшін -Шетте жүрсең туған жерге жету үшін Балалар жауаптары
Табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткені ... Қызыл немесе жасыл жұлдызды таңдап Дараның сөмкесіне салады.
Ұнады.
Дарамен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
орындайды: өз ойын дұрыс жеткізуді; тәжірибе жұмысын;
түсінеді: адамның табиғаттың бір бөлігі екенін; адамның табиғатпен тығыз байланысын; адамның табиғатңа ыңпалын;
қолданады: дене мүшелерінің және сезім мүшелерінің атқаратын ңызметі туралы білімді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген