|
Үй жануарларының адамға пайдасы көп. Сиыр-дан
сүт, ет, тері алынады.
Жылқы адам үшін жақсы көлік қана емес, сонымен
қатар ол қымыз деп
аталатын шипалы сүт береді. Тауық, қаз, үйректен ет, жұмыртқа,
мамық алынады. Қойдан — ет пен жүн; ешкіден — ет, сүт, түбіт
алынады. Түйе өте пайдалы сүт береді. Одан
шұбат деп
аталатын сусын жасалады.
Қалада жануарлар адамдармен бірге пәтер лерде
тіршілік ететіндіктен, адамдар тек өздері үшін ғана емес, сонымен
қатар олар үшін де жауапты екенін сезінеді. Осы жауапкершілік
баланың бойында барлық тіршілік иесіне деген мейірімділік,
сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін ұялатады.
Сөйтіп, адам үй жануарларына қарау арқылы мейі
рімді және қамқор болуға үйренеді.
Шұбат —
бұл түйенің сүтінен жасалған қышқылсусын. Ол ақ түсті, майлы және
қою болады.
Қымыз —
бие сүтін ашытып жасайтын, сергіт-кіш, қышқылтым
сусын.
Құрт —
тұзды сүт өнімі.
Адам жануар етін, сүті мен
жүнін пайдаланады. Түйе сүті — шұбат, ал жылқы сүті — қымыз деп
аталады. Олар — пайдалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінен май, құрт
және ірімшік жасайды.
Жануардың жүні мен терісінен
киім, аяқкиім тігеді.
Үй
құстары
Сен жұмыртқа
қосылған
тағамдарды ұнатасың
ба?
Жұмыртқаны қайдан
алады?
Қандай үй құстарын
білесің?
Құстардан тағы не
алынады?
|
Кіріспе
тапсырма.
Оқушылар үй және жабайы
жануарлардың суреті бар қағаздарды
таңдайды.
Үй
жануарлары
адамның жанында тіршілік
етеді; адам оларға қора, үйшік салады; оларды қоректендіреді;
оларды күтеді; төлдеріне қамқор болады.
Жабайы
аңдар
орманда мекен етеді; суқоймада
тіршілік етеді; тауда мекендейді; далада мекендейді; өзін-өзі
қорғайды; өзін-өзі емдейді;
өздері төлдеріне қамқорлық
жасайды; өздері қорек табады; өздері ін қазып, үңгірлерді
мекендейді.
Адамдар және жануарлар.
Анасы не сатып алды? Өнімдер қайдан алынaды?
Адамдар жануарлардан қандай азық-түлік өндіреді? Азық-түлік
өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады? Кім шұбат, қымыз
ішіп көрді? Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көр
гендерің бар ма?
Тапсырма барысында aуылдың
қаладан айырмашылығын нақтылауға болады. “Не себепті ірі үй
жануарларын қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?” — деп сұрақ
қою арқылы
Үй құстары. Оқушылардан “Кім жұмыртқаның
ақуызын жақсы көреді? Жұмыртқадан тағы қандай ас
әзірлеуге болады?” —
Зерттейік. Оқушылардың назарын алдын аладайындалып қойған,
олар күнделікті қолданатын азық-түліктерге аударыңыз. Егер
азық-түліктер болмаса, суреттер көрсетуге болады. Зерттеуді шағын
топтарда жүргізген ыңғайлы. Әр топ адамға өнімдер немесе азық-түлік
беретін жануарларды жазып, төрт бағаннан тұратын кесте әзірлейді
(немесе мұғалімнен алады). Оқушылар әкелінген бұйымдарды қарап, бұл
өнімнің қай жануардан алынғанын анықтап, кестенің сәйкес бағанына
жазады. Олар “адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады” деген
қорытындыға келулері керек.
Үйде ұстайтын жануарлар.
Оқушылардыңназарын дүкеннің қасында орналасқан
көпқабатты үйге аударыңыз. Кейіпкерлерді мұқият қарасын. “Негеш не
істеп жатыр? Эврика не істеп жатыр? Адамға тотықұс, мысық, аквариум
балықтары қандай пайда әкеледі?” деген сұрақтарға жауап ала отырып,
оқушыларға жануарлардан азық-түлік пен киім жасайтын өнім (жүн,
тері, мамық) алып қана қоймай, оларға қамқорлық жасау (емдеу,
қоректендіру, қарау) керектігін түсіндіріңіз. Кімнің үйінде осындай
жануарлар барын сұраңыз.
Ойлан!
Балалар арасында үйде тіршілік ететін жануар лар
ғана үй жануары деп аталады деген түсінік
қалыптасқан.
Келтірілген мысал арқылы оқушылар үй жануар
ларына қайсысы жататынын талдайды.
|
|
Дүниетану. Ауыл — қала ұғымдары. Музыка. “Үй
жануарларының хоры” ойыны.
|
“Үй жануарларының хоры”
ойыны.
Бірінші топ — сүт беретін жануарлар; екінші —
үйде ұсталатын жануарлар; үшінші топ — жұмыртқа беретін, ал
төртінші топ — қымыз беретін
жануарлар.
Ойынды басталуы: “Тек сүт беретін жануарлар
әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)”. Әрі қарай үйде ұстайтын
жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан
тек сусын беретін жануарлар
әндетеді.
Кесте. Бұл тапсырманы орындауды зерек оқу
шыларға ұсынуға болады. Оқушының міндеті — қажетті сөздерді
пайдаланып, кестені толтыру. Алдымен жануардың тұратын мекенін,
содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алсын. Оларға кейбір
сөздердің қайталануы мүмкін екенін
айтыңыз.
Жауабы:
СИЫР: сиырқора, сүт, ет. ЖЫЛҚЫ: атқора,
қымыз, ет. ҚОЙ: қойқора, жүн,
ет.
ТАУЫҚ: күрке, жұмыртқа, мамық, ет. ТҮЙЕ:
түйеқора, шұбат, ет.
|