Материалдар / Ашық сабақ Адамдық келбет 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адамдық келбет 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға және мұғалімдерге керек. Мұғалімдерге сабақты өткізуге керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
663
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі

Күні: 28.09-10.10.2020ж

5-6

Тақырыбы:Адамдық келбет

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ізгілік, жақсылық жасау, жанашырлық

Мұғалім: Рахматулла Жамиля Саттарқызы

Сыныбы: 10 «А»

Оқушылар саны: 26


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдық келбет, адамдық борыш туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 

2
. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №4 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №5, «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Өлеңдегі «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деген жолды қалай түсіндіңіздер?

  2. Өлеңде ақын «Сонда өмірден алдамшы бола алмассың, Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды» деген жолда не айтқысы келген деп ойлайсыздар?

  3. Өлеңді қысқаша қалай түйіндер едіңіздер?

  4. Өлеңнің негізгі ойы, идеясы неде?

  5. Өлеңнің түйінді идеясын тауып, өмірмен байланыстырып әңгімелеп беріңіздер


3. Жағымды ой-Сабақтың дәйексөзі.

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Шәкәрім

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (24 шілде1858-2 қазан 1931) – ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. 

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме1

Бір ауылда Адам өмір сүріпті. Ол басқа адамдардан кедей бола тұрса да көңілді өмір сүрді, басқа адамдарға риясыз қолынан келгенше: кейде сөзімен, кейде ісімен көмектесті. Ол жалғыз қалғанда Жоғары Бастаманы мадақтайтыны, өзіне құнды дарындар беріп, жақсылық жасағаны үшін Оған шын көңілімен алғысын айтатыны туралы, сөздер айтыла бастады. Бұл сөздер атақты абызға да жетті. Ол сол Адамға келіп, оның қандай дарындары үшін Жоғары Бастаманы мадақтап жатқанын көрмекші болды.

Абыз кедей тұратын ұсқынсыз лашыққа келді:

  • Қайырлы күн болсын саған!

Адам да күлімсіреп жауап берді:

  • Мен үшін қайырлы емес күн болған күн есімде де жоқ деп жауап берді.

Бұған дейін ешкімнен мұндай жауапты естімеген Абыз, бұндай жауапқа таң қалды да, амандасуын басқаша айтып көрмекші болып шешті:

  • Мен жәй ғана Жоғары Бастама саған бақыт берсін деп тілеймін.

Адам да таңданып, үн қатты:

  • Мен еш уақытта бақытсыз болған емеспін.

Кедей ақсүйектермен жоғары мәнерде сөйлесуге үйренбеген ғой деп ойлаған абыз:

  • Ол не дегенің?! Мен жәй ғана сенің өміріңде сәттілік болғаныңды тілеймін.

Адам одан ары таңданып, шынайы жауап берді:

  • Менде сәтсіздік болған емес, қайырымды адам.

Абыз бұл кедейдің атақты кісіні танымағанын түсінді де, іске тезірек кіріспекші болды:

  • Жәрайды, жалпы, өзіңе не тілейсің, соны мен саған тілеймін.

  • Мен өзіме тілеймін?! – адам күлді. – Мен бірақ еш нәрсеге мұқтаж емеспін. Менде қалағанымның бәрі бар.

Қалайша?! – абыз таң қалды. – Сен кедейлік өмір сүріп жатырсың ғой! Тіпті бай адамдардың өзі көп нәрсеге мұқтаж, көп нәрсені қалайды, ал кедейлер баяғыдан мұқтаж.

Адам былай деді:

  • Ол адамдар бақытсыз, бұл дүниенің бақытын іздейді және өздерінің қиялдарын жоғалтып алудан, бақытсыз болудан қорқып өмір сүреді. Бұл өмірдің қиялынан өзінің бақытын іздеген адам бақытсыз.

Бірақшынайы жалғыз ғана бақыт ол – Жоғары Бастамамен берік байланыста болу және Оның қалауымен өмір сүру. Мен уақытша сәттілікті іздемеймін, өйткені мендегі бар нәрсені Жоғары Бастама берген, сол үшін де ризамын. Бәрін: адамдардың қайғы дегенін де, бақытсыздық дегенін де қуанышпен қабылдаймын. Оның менің бойыма барлық құнды дарындарды беріп жақсылық жасағаны үшін, мен оған алғысымды айтамын.

Абыз күліп:

  • Бірақ Жоғары Бастама саған ешнәрсе бермеді, демек сен Оған ризашылығыңды көзбояушылықпен білдіресің ба?

Адам былай деді:

  • Жоғары Бастама мені көріп тұр, Ол менің барлық қалауларым мен мүмкіндіктерімді көріп тұр. Оның үнемі берген нәрселерімені рухани байлыққа жеткізеді.

Абыз:

  • Сен қалай өмір сүріп жатырсың?

Адам:

Өмірім Жаратқанмен байланыста болып, Жоғары Бастаманың қалауымен бірлікте болуы үшін, менің күнделікті шаруам Жоғары Бастамамен тығыз байланыста болу және Оның қалауымен өмір сүру. Осылай менің күнім өтеді. Ал күн сайын жатар кезде мен Жоғары Бастамаға кетемін.

  • Сен Жоғары Бастаманы қайдан тауып жүрсің?

  • Ақиқатты тапқан кезде, барлық дүниелік қалауларымды киім сияқты күдіктерімнің жағалауында қалдырып, Оның Жандану суына таза ниеттеріммен және адалАрыммен кірдім.

Абыз күмәнданып қалды немесе ол осы уақытқа дейін осындай сөздерді айтатын осыншалық кедей адамды кездестірмеген еді.

  • Айтшы, осылай өз сеніміңмен айтып тұрсың ба? Егер Жаратқан сенің Жаныңды тозаққа жіберемін десе де, сен ойыңды өзгертпейсің бе?

Адам:

  • Күн сайын Жанымның бар құшағымен қысып Жоғары Бастамадан айырылмаймын. Менің Оған деген шынайы Сүйіспеншілігім шексіз. Құшағым сондай мықты, ал Оған деген сүйіспеншілігім шексіз болғандықта, Ол мені қайда жіберсе де, сол жерде менің қасымда болады. Егер ол менің қасымда болса мен неден қорқамын? Ол қай жерде болса мен үшін өмір сол жерде болады. Менің Жаным үшін Жоғары Бастамасыз жұмақта болғаннан, жұмақсыз да Онымен бірге болған қымбат.

  • Сен өзі кімсің?! – Абыз таңданып та, қорқып та сұрады.

  • Кім болсам да мен өз өміріме ризамын. Шындығында оны жер бетіндегі барлық әміршінің өмірі мен байлығына айырбастамас едім. Өзін-өзі басқара алатын, ой ойларына билік жүргізе алатын және Жаратқанға деген Сүйіспеншілігініңмықты құшағында болған әр адам бұл әлемдегі нағыз бай, нағыз бақытты адам.

  • Айтшы, жарлы, сені осындай Даналыққа кім үйретті?

  • Менің жалғыз ұстазым – Жаратушым. Өмірімнің әр күнінде мен бұл әлемде жақсылық жасауға тырысамын, сыйынамын, тақуалық ойлар ойлауға жаттығамын. Оның үстіне Жаратқанмен тығыз байланыста және Оның маған деген шексіз Сүйіспеншілігімен болуға әрекет етемін. Тек Жаратқанмен бірлікте болу ғана мені рухани жетілуге апарады. Жаратқанның Сүйіспеншілігіндегі өмір мені барлығына үйретеді.

Сұрақтар:

  1. «Жоғары Бастама» дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Мейірімді адам Ақиқатты қалай таниды?

  3. «Жоғары Бастамамен бірігу мені рухани кемелдендіреді» дегенде мейірімді адам нені ойлаған?

  4. Рухани кемелдену үшін сіздер не істейсіздер? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздерді оқып, олардың қайсысы адамның шынайы «Меніне», қайсысы «Менікіне» қатысты айтылғанын тауып, дәлелдеп беріңіздер.

а) Маған қолымнан келетін істі атқаруға қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер. (Шығыс ұлағаты).

ә) Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.( Жамбыл).

б) Еркіндік десе ойыңа не келсе, соны жасайтындай ерікке ие болу деп түсінетіндер, еркіндіктің толқынында биікке жетіп алуға ұмтылатындар көп те, өз еркіңді біреудің реттеуінсіз өзің ғана билей алатындай еркін өмір сүр деп түсінетіндер жоқтың қасы. (Әбіш Кекілбаев).


6. Топпен ән айту.

Байлық пен бақыт

Сөзі мен әні Мұхтар Шаханұлыныкі

Адамдығы құнсызданып аласұрған ғасырда,

Тек байлықты пiр тұтқандар санала ма асылға?

Шаттық кезде табылған дос, ертең тағы досың ба,

Басыңа күн туған шақта, кiм қалады қасыңда?

Қайырмасы:

Мейлi, мейлi жүз жерден бай болсаң да,

Айға апарып алтыннан үй салсаң да,

Пенделiктен кете алмайсың,

Ұлт перзентi аталмайсың,

Шын бақытқа жете алмайсың,

Күреспесең бақыты үшiн өзгенiң.

Заман неге кәусәр бұлақ өлкесiнен шеттедi?

Зор қасiрет, тағдырыңнан қанағаттың кеткенi.

«Байлық теңiз суына ұқсас, iшкен сайын шөлдеткен»,

Айнымаудың жолы қайсы азаматтық келбеттен?

Қайырмасы.

Тiршiлiкте өз мүддесi үшiн әркiм таласар

Тұлғалар аз, ел мерейiн ойлап тыңнан жол ашар?

Қай дәуiрде байлық даңқы iзгiлiксiз өтелдi?

Жаны кедей адамдарға байлық тiптi қатерлi.

Қайырмасы.


7. Үй тапсырмасы.

1. №5 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №6, Абайдың он жетінші қара сөзін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!