400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ: "Адамгершілік ізгілік нұры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адамгершілік ізгілік нұры

Мақсаты: Балаларға адамдардың игі іс-әрекеті адамгершілік, құнды қасиетердің бірі екенін түсіндіру арқылы, балалардың бойына жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіру, игілік істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Бүгінгі күн біз үшін ерекше сияқты. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті.Балалар амандасайық.

-Сәлематсыз ба?

-Здраствуйте?

Балалар менде сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын.Мен өзімнің сиқырлы жүрекше арқылы сендерге тілегімді бірінші айтамын.

Тәрбиеші: Мен бәрімізге денсаулық тілеймін.

Балалар: Қуаныш, Бақыт, Достық, Жақсы күн, Мейірім, Жақсы көңіл-күй, Аманшылық,Сұлулық, Жақсылық, Бірлік,Шаттық.

Тәрбиеші:Жақсы сөздер айтамыз

Шаршамаймыз қайта біз!

Жарайсыңдар балалар біз бүгін жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік.Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер оны шын жүректеріңмен айттыңыздар.Енді орнымызға жайлап жайғасып отырайық.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде де жақсы игілікті істер туралы ой бөлісеміз.Игілікті істер дегеніміз бұл біздің біреуге жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік жасауымыз.

Тәрбиеші: Балалар мына суреттерге назар аударайық.

  1. Сен мектептен келе жаттың кенеттен көшеде бір топ баланы көрдің.Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен.

Балалардың жауаптары.

  1. Тапсырма! Сен досыңмен келе жаттың кенет сендердің қасынан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанып құлап қалады. Сен нестер едің?

Балалардың жауаптары

  1. Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатын туралы айтыңдар

Балалардың жауаптары


Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзеу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз.Көздеріңді жұмсаңдарда болады: ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар.Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.



Тәрбиеші: Балалар мен сендерді игілікті істердің бірі мейірімділігін дегеннің не екенін түсіну үшін «мазасыз балапан» әңгімесі бойынша дайындалған қойылымды тамашалауға шақырамын.

Әңгіме: Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан балапан «Мейірімділік деген не?» деп сұрайды.Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің-дейді анасы.Бірақ балапан мазасыз еді.Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады.Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді.Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сұрайды.

Балапан: Менде уақыт жоқ.Мен мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек- дейді де ұшып кетеді.Алдынан бір қыз кездеседі, ол ағашқа ілініп қалған шарын алалмай жүр екен.

Қыз: -Балапан, маған шарды алып беруге көмектесші, дейді.

Балапан: -Менде уақыт жоқ мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек,-дейді,

Қыз: -Мен білемін, күнде анам маған қайырымды іс туралы әңгіме айтып береді дейді қыз.

Балапан: -Маған да айтшы- деді

Қыз: -Бірінші сен шарды алып бер,- дейді

Балапан ұшып барып шарды алып береді.

Қыз: -Мінекей сен қайырымды іс істедің,мейірімділік деген осы- дейді

Балапан: -Қандай оп-оңай деп таң қалады.

Міне, осылайша мазасыз балапан «мейірімділік» дегеннің не екенін түсінген екен.

Тәрбиеші: 1. Бұл көрсетілімде алдымен балапанға кім кездеседі?

2. Балапан көмек сұрағандарға көмектесеме?

Тәрбиеші: Ия , балалар қарапайым нәрсемен де біреуге жақсылық жасауға болады екен.Ал енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Құстар қанат қағады,

Көкке самғап ұшады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ деп ән салады.

Тәрбиеші:Ал енді балалар сендерді шығармашылық жұмысқа шақырамын. Мына алдыңызда тұрған жүрекшені гүлдермен безендіреміз. Қане барлығымыз жұмысымызды бастаймыз.

Қорытынды:




Тәрбиеші: ал енді балалар бүгінгі сабақта біз адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық туралы білдік.Барлықтарыңыз бүгінгі сабаққа жоғары деңгейде қатыстыңыздар. Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі