жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Адами қарым-қатынастар әлемі» 5- сынып
Авторы: Ерғали Мөлдір Самигуллақызы
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Ашық сабақ тақырыбы: «Адами қарым-қатынастар әлемі» 5- сынып
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік, ізеттілік, сыйластық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға ізгі қарым-қатынастың маңызын аша отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру. Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық Жағымды көңіл-күйге келу. «Көңілді күн» әніне би билеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын оқушылар тақтада тұрған сұрақтар алып жауап беру арқылы тақтаны тазартады. «Сәлем» әнгімесі Сұрақтар:
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3. Дәйексөз. «Кішіпейілділік-кісінің көркі» Халық нақылы Сұрақтар:
Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл өзін – өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, сыйластық шегінен шықпайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Қарым – қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс – әрекетің, мінез – құлқың жақсылыққа толы болсын.
|
|
4.Әңгiмелеу «Бейнебаян» «Шегенің іздері» Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мені сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді - өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де ,кезіңде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс.
Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма бойынша балалар А.П. Чеховтың інісіне жазған хатынан үзіндіні оқиды, сол мәтінді негізге ала отырып, өздерінің түсініктеріне сәйкес «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында жеке ережелерін құрастырады.
|
|
6.Топпен ән айту. Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф. Жолдасова «Бала тілегі» Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жарлған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атмекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де
|
|
7.Үй тапсырмасы. № 22 сабақ «Алмаш» мәтінін оқу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәтi. Осы сабақ арқылы адамның бойындағы адалдылық, мейірімділік, сүйіспеншіліқ болу керектігін ұғындық. Кеңпейілділік, адамгершілік, адалдық, сыйластык, жанашырлық ізгі қасиеттерді бойымызға сақтап, дұрыс әрекет құндылығын сақтап жүрейік. Ахмет Игінекидің сөзімен қортындыласам. «Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да - жауапсыз қалмайды»
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген