400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Адами қарым –қатынастар әлемі 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға адами қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: №21 орта мектеп

Мерзімі: 24.02.2020 жыл

Мұғалім: Байтерекова Айгерім Мекебайқызы

Сынып: 5 «А»

Оқушылар саны: 20

Тақырып: Адами қарым –қатынастар әлемі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: әдептілік, шынайылық, кешірімділік



Мақсаты: оқушыларға адами қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

- Оқушылардың «адам», «қарым-қатынас», «әлем» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

- айналасына кешірімділікпен, шынайлықпен қарау дағдыларын дамыту;

- оқушыларды әдепті, шынайы, кешірімді болуға тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

5 «Т» ережесі.

- Қанекей, балалар, бес «Т» ережесін есімізге түсіріп алайықшы.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

- Дұрыс, яғни, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалығымызды сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


  1. Жағымды көңіл күйге келу.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп , кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылыпкеледі. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп тек жақсы, ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөздерді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын...»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

№ 21 сабақ, 96-97 б.б. Әдібай Табылдының «Сәлем» әңгімесін оқу.

Сәлем


Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең көшенің кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып, Өтен құрдасымен кездесіп қалды.

– Ас-салаумалайкум! – деп ол Өтеннің қолын алды.

– Сәлем! – деп Батай күлімдеп, иек қақты.

Былай шыға бере Балтабектің адырая қарап, ашуын төкті:

– Балам, мимырт болма!.

– Неге «мимырт» боламын, Жәке?

– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын кісі емес ол.

– Сәлем! – дедім. Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле сөйлеп еді ғой...

– Кісінің қадір-қасиетін білмей барасың... Кесірленіп, кердең қағып, кейкие сәлем беру анайылық екенін білесің бе, сірә?

– Ол кісі жайраңдап, жақсы амандасып кетті ғой... Мен кесірленгем жоқ...

– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша амандасу қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниетін білдіру.

– «Сәлем!» демегенде, не деймін?

– Амандасудың да мән-мағыналары болады. Жай «сәлем» дей салу – өз қатарыңа, асығыс кезінде айта салатын сөз.

– Онда тұрған не бар? Сіз де қызық екенсіз, Жәке.

– Өтекеңдей үлкен кісіге «ассалаумалайкум» немесе «амансыз ба?», «сау-сәлеметсіз бе», «аман-есенсіз бе» деген сөздердің бірі аузыңа түспеді ме?

– Сол сөздің бәрі де «сәлем» деген бір сөзбен мәндес емес пе?

– Олай емес. «Сәлем» деген жай ғана амандасу. «Амансыз ба?» деп амандасушы сәлем берген адамның амандығына қуанышын, тілектес екендігін білдіреді.

–Ал, аман-есенсіз бе? Деген сөздің не қажеті бар?

–«Сау-сәлеметсіз бе», «аман-есенсіз бе?» деп амандасушы тілектестік қуанышын кеңейте айтып, жақындық жақсы ниетін жария етеді.

– Мен де ол кісімен жақсы ниетпен амандастым ғой, Жәке.

– Жетесіздей жеңіл желпі, жай бас изей салдың... Ол – әдепсіздік.

– Енді не істеуім керек?

– Амандасу кезінде, қуана күлімдеп, қол алысу, мейірлене көрісу, қол қусырып, бас ию, құшақтасу, құшу, қауышу деген болады.

– Өзіңіз неге ол кісіні құшып, қауышып көріспедіңіз?

– Көптен көріспей, сағынысқан адамдар көрісіп, қауышады.

– Жәкетайым-ау, бір амандасқанда бірнеше қимыл жасау міндетті емес шығар.

– Мен саған айтқанымның бәрін бір амандасуда орында деп тұрған жоқпын. Сәлем беру және сәлемдесу – салт. Үлкен кісіге танымасаң да сәлем бер.

– Сәлем бердім ғой. Менің не жазығым бар?

– Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек. Қария кісілермен «ассалаумағалейкум» деп амандасады.

– Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке.

Батай содан бері үлкен-кішіге үлгі көрсетіп, кісімен жайраңдай жадырап, жақсы амандасатын болды.


  • Әкесі баласына не себепті ескерту жасады?

  • Амандасудың қандай мән-мағыналары бар?

  • Батай әкесінің айтқандарын қаншалықты түсінді?

  • Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер көрініс береді?

  • Мұндай іс-әрекеттерден қандай құндылықты байқауға болады?

  • Өздерің үлкен кісілермен қалай амандасып жүрсіңдер?


Ескерту





















































Өзін-өзі тану оқулығы, 5-сынып

  1. Дәйексөз

Ұлық болсаң – кішік бол.

Халық нақылы

Ұлдар 2 рет оқиды.

Қыздар 2 рет оқиды.

Барлығы бірге оқиды.

Дәптерге жазады.

Сұрақтар:

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын.



4. Әңгімелеу.

Әдептілік


Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім онан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді.

Қасындағы бай:

- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір жарлыға неге сонша басұрдыңыз, - дейді.

Сонда әкім:

- Ешбір ілім-білім үйренбеген адам сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – деген екен.


  1. Жарлы адам мен әкім қалай амандасты?

  2. Әкімнің соншалықты әдеп көрсетуінің сыры неде?

  3. Әкімнің бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

  4. Әкімнің іс-әрекетінен қандай қасиетті көруге болады?



Ы.Алтынсарин

(1841-1889)

Ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы.

  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

І топ.

«Сәлем – сөздің анасы» тақырыбында сәлемдесу түрлерін сахналап көрсетіңдер.

ІІ топ.

. «Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?» қасиеттерді жаз.

III-топ.

Жағдаятты шешу.

Бүгін Айжанның туылған күні еді. Оны сыныптастары құттықтап,сыйлық беріп жатты. Бір-ақ Асыл бүгін Айжанның туылған күні екенін ұмытып кетіпті. Оған дайындаған сыйлығы да болмады. Ол дер кезінде өзі қолдан сыйлық жасауды ұйғарды. Досының көңілі үшін құр қол қалғаннан бір нәрсе сыйлаған дұрыс қой деп шешті.Ол өзінің істеген ісін жөн көрді. Қолдан жасаған сыйлығын Айжанға шын жүрегімен сыйға берді.


-Айжан «Үлкен рахмет! Маған өте ұнады»- деп қабыл алды.


Бір-ақ Асыл кетіп қалғаннан кейін Айжан басқа құрбыларына оның сыйлығы ұнамағанын айтып ренжиді. Шынын айтқанда оның сыйлығын менсінбейді. Оған қосылып құрбылары да қостап жатты.

IV-топ.

Адамның жақсы істерді жасауға бөгет болатын қасиеттерді жазу.


Топпен ән айту.

Мен әдепті баламын

Әні: У.Бекетов

Сөзі: И.Нүсіпбаев

І. Мені үлкендер әдепті деп мақтайды.

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын.


ІІ. Тілін алып кішінің де, кәрінің,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Ата-ананың айтқанынан шығуды

Әдептілік белгісі деп таныдым.


Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын.



  1. Үй тапсырмасы

№22 сабақ. 99-100 беттегі Мырзабек Дүйсеновтың «Алмаш» әңгімесін оқу.

№ 21 сабақ. 98 беттегі 2-тапсырманы орындау.



7. Сабақтың қорытынды сәті.

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, оларды жүрегімізге сақтап қояйық.

Сабақ аяқталды.



Баяу әуен қойылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі