400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адамның дене мүшелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сынып: 1

Пәні: жаратылыстану

Мұғалім: Донбаева Лаззат Бериковна

Атырау облысы, Жылыой ауданы, №21 жалпы орта білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы:

Ортақ тақырып:

Адамның дене мүшелері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін біледі

Көпшілік оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін , олар-

дың қызметтерін атайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Адам денесінің негізгі бөліктерін , олардың қызметтерін атайды.

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Тілдік құзыреттілік

Дене мүшелері, қол, аяқ, дене, бас

Бастапқы білім: Бұрыннан бар білімдібелсендендіру, сүйену

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы









Өткенге шолу.

-Біз қандай тірі ағзалармен таныстық?

-Өсімдіктер , жануарлар.

-Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығы?

-Айырмашылығы қандай?

-Жануарлардың қандай түрлері бар?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Жабайы жануарларды атайық.

Біз жануарлар туралы білеміз, енді «Адам» деген үлкен тарауды бастаймыз.


Ширату. Жұмбақтар шешу.

1.Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. (көз)

2. Бiр таудың екi жағына,

Екi қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.   (Екi құлақ)

3. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінен ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық-кемі жоқ.  (Екі қол)

4. Осы кезбе екеуімен,
Талай жерге жетемін мен. (Аяқ)

-Бұл жұмбақтың жауаптарын бір сөзбен қалай атаймыз? –Адамның дене мүшелері.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-«Адамның дене мүшелері». Бүгінгі сабақта адамның дене мүшелерімен, олардың қызметімен танысамыз./тақырыбы мен мақсатын хабарлау/












Жұмбақтар

Сабақтың ортасы




«Ойын жинақтау» әдісі

Негеш не істеп жатыр? Эврика ше?

(бокспен шұғылданады, доп ойнап жүр: билейді, саңырауқұлақ теріп жүр)

Бұл қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты?

-Бұл суреттен Негеш пен Эвриканың көзін, мұрнын, аузын көріп тұрсыңдар ма? /жоқ/

Бұл олардың сұлбасы. Сұлба- ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынатын бейне.


Суретпен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

Суреттегі адамның мүшелерінің атауларын атау.



Дескриптор: Суреттегі дене мүшелерін атайды.

Кері байланыс: Тамаша! Сендер адамның дене мүшелерін ажырата аласыңдар.

Бейнежазба тамашалау


Есте сақта

Адам денесінің 5 негізгі бөліктері - бас, мойын, дене, қол, аяқ.

Баста орналасқан мүшелерді атау: көз, мұрын, ауыз, құлақ,, ми.

Мойын- бас пен денемізді байланыстырып тұрған мүше.

Денеде арқа, кеуде, жамбас.

Қол мен аяқтың қандай бөліктерден тұратынын суреттен көрсету.

Оқушыларды негізгі дене мүшелері атауы бойынша топқа бөлу. 1-топ Бас 2-топ Мойын 3-топ Дене 4-топ Қол 5-топ Аяқ



№1тапсырма

«Шашылған әріптер» Шынжыр әдісі

Әр топқа әріптер беріледі. Сол әріптерден сөз құрайды. Шыққан дене мүшесінің атауын айтады, топ мүшелері ол мүшенің атқаратын қызметін айтады.

Смайлик арқылы бағалау


№2 тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс»

Адамның дене мүшелерін олардың атауымен біріктір.

Адамның қанша дене мүшесі бар?

Смайликтер арқылы бағалау

№3тапсырма . «Бұл кім?»

Ойын шарты: Мен сендерге кез – келген мамандық иесін айтамын, сол мамандыққа сәйкес дене қимылын көрсетесіңдер. Әнші ,биші, суретші, зілтемірші, күйші.

Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?

Дескриптор: Мамандыққа сәйкес қимыл көрсетеді, қимылды қандай дене мүшесі арқылы жасағанын айтады. «Шапалақтау» әдісі арқылы бір-бірін бағалау.

Сергіту сәті

Әріптер








Үлестірмелі қағаздар










Көрініс «Дене мүшелерінің дауласуы»

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді мойын.

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:

Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

-Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-деді.

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, -деді Аяқ.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі? Дескриптор: Адамның барлық мүшесі маңызды екенін түсінеді.

«Ойлан!»

«Кімнің сұлбасы?» Дәптермен жұмыс. Кімнің сұлбасын көріп тұрмыз? (Суретті бояу)














































Дәптер

Сабақтың соңы



«Допты қағып ал» тәсілі бойынша топтарға сұрақтар қою.

  - Неше қолың бар? (Екі қолым бар.)
  - Неше аяғың бар? (Екі аяғым бар.)
  - Мұрын не үшін керек?(Мұрын тыныс алу үшін керек)
  - Саусақтарың нешеу?
(Он саусағым бар.)
  - Башпайларың нешеу? (Он башпайым бар.)
  - Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)
  - Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)
-Екі көзің не үшін керек ? -Аузың не үшін керек?

Кері байланыс

Доп















Бағдаршам

Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



№1тапсырма

«Шашылған әріптер» Смайликтер арқылы


№2 тапсырма Смайликтер арқылы


№3тапсырма . «Бұл кім?» «Шапалақтау» әдісі арқылы бір-бірін бағалау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі