400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Адамның дене мүшелері" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану

Мектеп: Әл-Фараби атындағы ШЖЖОМ

Күні: 15.11.2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сексенбаева Гульназ Нурланқызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 28 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

Барлық оқушы орындай алады:адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар орындай алады: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

1.Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

2.Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Дискриптор

- суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызады;

- өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атайды;

- дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.

- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді;

- аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді.


Оқушылар орындай алады:

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:қол-рука-hand аяқ- нога-leg

адамның дене мүшелері -члены тела человека - members of body of man

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:Адамның қандай дене мүшелері бар? Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың? Дене мүшелері не үшін қажет? Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарды? Қол қандай бөліктерден тұрады? Аяқ ше?

Неліктен адамның дене мүшелері маңызды деп ойлайсың ?

Алдыңғы оқу:

Адамның сыртқы дене мүшелерін атай алады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындауды ұсыну: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айналдыру, үстел үстінен кез келген затты алу. Қай дене бөліктері оны істей алады? Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өту керек.

Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіру. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аудару. Мынадай сұрақтар қою: “Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір сұлбаға назар аудару. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма деп нақтылау (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене мүшелері қатысады?” (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсыну. Ойын ойнату: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.

  1. дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;

  2. үлкен көлемдегі ватман парағы..

Сабақтың ортасы


Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарапжәне жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыну. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аудару. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айту.


Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың

қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аудару.


Аяқтың осы бөліктерін нығайту үшін бірқатар дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Санға: отырып-тұру және алға қарай ұмтылу. Жілін­ шікке: жүгіру және аяқ ұшымен жүру. Табанға: аяқ басын айналдыру. Орындау барысында аяқтың тап сол бөліктеріне қалай күш түсетініне және қалай жұмыс істейтініне назар аударуын сұрау.


Зерттейік. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұратын топтарға бөлу.


Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы­ қағаздан таратып беру.


Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіру. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қоюға болады.

Біздің денеміздің қызметі. Оқушыларға әрдене мүшесінің атқаратын қызметін анықтауды ұсыну. Ол үшін сыныпты бес топқа бөлуге болады. Әр топқа “өзінің” дене бөлігін беріңіз (жеребе көмегімен). Белгілі уақыттан кейін оқушылар ол туралы қысқаша хабарлама дайындай алады. Топтың бір мүшесіне белгілі дене мүшесінің мүмкіндіктерін көрсетуін ұсыныңыз: қол-аяқты сермеу, аяқты бүгу-жазу, басты айналдыру және т.б. Қалғандары бақылау негізінде қорытынды жасай алады.


Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерініңқайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасау. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұрау. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын,сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру.


Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өту.

Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.

Адамның қандай дене мүшелері бар?

оқулық

Сабақтың соңы

Ойлан Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?

Біздің денеміздің қызметі. Дене мүшелері не үшін қажет?

Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!Оқушылар адамның дене мүшелерін біледі.

Адамның дене мүшелерін олардың атауымен біріктір. Оқушылар адамның дене мүшелерін олардың атауымен байланыстыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға­ көмектесу. Тапсырманы орындау барысын қадағалап, тапсырманы тез және қатесіз орындауға назар аудару. Әрбір дене мүшесі бір атаумен байланысқанын ескерту.

Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның­ дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмек­ тесіңіз. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында­ жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасау.

Жауабы:қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.

Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы жекелеген оқушыларға орындауды ұсыну. Олар тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қоюы керек. Жауабы:балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.

Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға көмектесу. Өзара тексеруді ұйымдастыру. Ол үшін оқушылар кестеде көрсетілген барлық жаттығуларды орындайды.

Жұмыс дәптері

Қосымша мәліметтер: Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста — ми және беттік; тұлғада — арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда — иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта — сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.


Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қоз­ ғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ — негізгі тірек мүшелерінің бірі.

Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар амплитудасын және қызметін жоғарылатады. Қол­ дың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

1-тапсырма: Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызыңыз.


*Өз денеңіздің негізгі бөліктерін көрсетіңіз және атаңыз. Олардың атқаратынқызметін түсіндіріңіз.

2-тапсырма:Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді

айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.


Пәнаралықбайланыс:

Көркем еңбек, денешынықтыру

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

АКТ-мен байланыс:

аудиожазба

Құндылықтармен байланыс: Адам денсаулығының маңыздылығын ұғындыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?

Критерийлер бойынша бағалау.


Жалпы баға


Сабақта жақсы өткен екі аспекті (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз )?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі