Материалдар / Ашық сабақ "Адамның дене мүшелері" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Адамның дене мүшелері" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін атай алады. Көптеген қушылар:дене мүшелерінің қызметін ажырата алады. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды; Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды Бастауыш пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
3631
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Жаратылыстану

Тереңкөл ОЖББМ

Мусагалиева М.У.

16.11.2017ж

Қатысқандар: 10 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам. Адамның дене мүшелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

1.1.2.1. қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін атай алады.

Көптеген қушылар:дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды;

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды

Тілдік мақсат

  • Қол, аяқ және бөліктері

  • Адамның дене мүшелері үш тілде

  • Аяқ - нога – foot

  • Қол – рука – hand

  • Бас – голова – head

  • Дене мүшелерінің адам өмірінде рөлі қандай?

  • Біз қалай қозғаламыз?

  • Қол және қол бөліктерін атай аласың ба?

  • Аяқ, қол қозғалысына байланысты қандай спорт түрлерін білесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Зайырлы қоғам және руханият

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең басты шарты.


Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Тірі табиғат. Жанды және жансыз заттарды меңгерген

АКТ қолдану

Паралимпиада туралы мәлімет

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин














Сабақтың ортасы

1 мин









2 мин
















4 мин


















3 мин














3 мин
















3 мин









3 мин








3 мин














3 мин











5 мин













3 мин









2 мин











2 мин

Ширату

- Қайырлы таң, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

-Қайырлы таң, ұстазым!

-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)

(3-топқа бөлу, дене, қол-аяқ, бас) С

Оқушылар орындарына отырады.


Жанды және жансыз.

- Ағаш жанды табиғат

- Парта жанды табиғат

- Жануар жансыз табиғат

- Машина жанды табиғат

- Адам жансыз

-Ендеше біз бүгін «Адам» тарауын бастаймыз.

С) Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын,

Қазір қай мезгіл?

-Бұл мезгілде қандай күндер көп болады?

-Жаңбырлы

- Ендеше сол жаңбырдың дыбысын салып көрейік.Жаңбыр тамшылап тұр. (Қолдарыңды партаға тырсылдатады)

Күн қатты желге ұласты (денелеріңмен теңселесіңдер).

Жаңбыр қатты жауды, (аяқтарын топырлатады. ) Найзағай ойнады , (қолдарын шапалақтайды, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар.)

Оқушылар орындарына отырады.

Қимылдар жасаған кезде қандай дене мүшелерін атадық?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

( ҚБ) -Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

Оқу мақсатын таныстыру

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атату.

2. Денеміздегі жұп мүшелерді атату, олардың неге жұп екендігін дәлелдету.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-Сабақ соңында нені білеміз деп ойлайсыңдар?

Назарларын тақтадағы суретке аудару

Оқулық бойынша жұмыс

(Ұ)Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіру. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударту, сұрақтар қою: Әрбір сұлбаға назар аударту.

-Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.)

-Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

-Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)

-Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап көрейік.

ТЖ Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)

Ойын шарты: Оқушылар кезекпен шығып кез -келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты карточкада жазылған сөзді ішінен оқиды және соған сәйкес дене қимылын көрсетеді. Ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек және сол қимылдарды қайталайды: әнші,суретші,биші,футболшы,күйші.

(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.

  • Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?

Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.

V. (Ж)Тапсырмалар

1-тапсырма. Дене мүшесі-қол.

  • Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көру ұсынылады.

  • Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығады.

  • Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан. Оның қызметі қандай деп ойлайсыңдар?

  • ( оқушылардың жауабын тыңдау, қолмен кез-келген затты ұстап көруге ұсыныс жасау. Мысалы: қаламды ұстандар, кітапты алындар, т.с.с.)

  • Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады деген қорытындыға әкелу.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс –әрекеті:

Қол туралы мәлімет: - Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.

  • Скелеттен қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ. Қолдың қызметі туралы не білетіндерін өздеріне әңгімелету, толықтыру.

2-тапсырма. Дене мүшесі-аяқ.

  • Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару.

  • Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Аяқ туралы мәлімет: -Аяқ бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту.

  • Аяқтың барлық бөліктерін (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсету.

  • Аяқтың қызметі қандай ойлайсыңдар?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқтың қызметі туралы әңгімелетіп, жауаптарын толықтыру.

Естерінде сақтау үшін ойын өткізу.

Ойын:

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.Ортаға топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады.Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз денелерінен ұстап көрсетеді.

Мысалы: білек, санайды 1 білек, 2 білек

Ойын сергіту сәті ретінде өткізіледі.

(ҚБ) –Сендер ойын ойнағанда өз білетіндеріңді жақсы айтып бердіңдер. Өте жақсы, тамаша!

(Т) Зерттейік.

Оқушылар үш топқа бөлінеді

Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

1-топ: Скелетке негізгі дене мүшелерінің атауларын жапсырады.

2-топ: Дене бөліктерін жинастырып, адамды құрайды және дене мүшелерінің атауларын жапсырады

3- топ: Мәтін беріледі. Сол мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздің суретін тауып жапсырады, сөйлемдерді оқиды.

(ҚБ) Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.Бір топ келесі топтың жұмысын «Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.

Қорытынды:-Балалар қалай ойлайсыңдар, адамға қай дене мүшесі ең маңызды, ең керекті? (оқушы жауабын тыңдау)

(Ұ) Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өз қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұрау.. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын,­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар жөнінде әңгімелеп кетемін

Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде 2016 жылы Рио паралимпиадасына қатысқан қазақстандық тар жөнінде видеожазба көрсету, әңгімелеу. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айту.


Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу мен түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

  • Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

1 – тапсырма

Адам денесінің негізгі мүшелерінің атауларын сәйкестердіріп сызыңыз.


АЯҚ ҚОЛ БАС

МОЙЫН КЕУДЕ

  • Өз денеңіздің негізгі бөліктерін көрсетіңіз және атаңыз. Олардың атқаратын қызметін түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

  • суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызады.

  • өз денеңіздің негізгі бөліктерін көрсетеді және атайды.

  • Денесінің мүшелерінің қызметін сипаттайды.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.


Аяқ атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

  • Суретке сүйеніп, қолмен орындаған әрекеттерді әңімелейді;

  • Аяқтың атқаратын қызметіне мысал келтіреді.




Күннің суреті



Дене мүшелері








Стикерлер арқылы


Ақиқат пен Жалған
























Таныстырылым

Сұлба суреттер








Оқулық беті





Карточкалар







Өзара, топтық бағалау





















Қаңқа




















C




Желім, ақ қағаз, маркерлер,сөздер, сөйлемдер, суреттер








Бағдаршам көздері






Видеоролик





Сабақтың соңы

2 мин


-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың жетістік баспалдағына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.


Жетістік баспалдағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!