Сабақтың кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі 1 мин
1.Жағымды
көңіл-күй
1-3
мин
|
Оқушылармен жылы
амандасып, жағымды көңіл күйге
келу.
«Нұрға
бөлену»
«5Т» ережесі (тәртіп, талап,
тыныштық, тазалық, татулық)
Балалар ережені есімізге
түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып,
тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын
көрсетеді.
Оқушылар жағымды күйге келіп,
терең ойлауға бейімделеді.Сабақ алдында оқушылар жақсы
көңіл күйде болады.
|
Оқулық, мұғалімдерге арналған
әдістемелік құрал,
Музыка
https://ipleer.com/q/хрустальный
грусть
|
2. Алдыңғы үй тапсырмасын
тексеру (әңгіме)
3 -5
мин
|
Оқулықтың 20 бетіндегі №4
сабақ. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздер» мәтінін түсініп оқып
келу.
Сұрақтар:
1.Мәтінде автордың әңгімеге
тиек еткен таза жолы, қандай жол деп
ойлайсыңдар?
2.Таза жолға адам бойындағы
қандай қасиеттер жетелейді?
3.Автор мәтінде сезімі ояу,
есті жандар деп кімдерді атады?
4.Ақ жолмен алға басқан адам
қандай болады?
5.Ар-ұждан адамды қандай іске
бастайды?
6.Адалдықты, тазалықты мақсат
еткен адам үлкен жетістікке, мақсатқа жете
ме?
7.Өздерің өмірде нені
басшылыққа аласыңдар?
|
Мұғалім сұрақтарына
оқушылар жауап бере отырып, өз бойындағы қасиеттермен жұмыс жасауды
үйренеді.
|
Презентация
|
3.
Жағымды ой-пікір
(дәйексөз)
әңгіме
3 -4
мин
|
Ар –ұждан алдындағы адалдық –
өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе
байланысты.
Міржақып
Дулатұлы
Міржақып
Дулатұлы (1885-1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам
қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері,
либералды-демократияшыл зиялылардың
бірі. Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі
жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы —
"Оян,
қазақ!"
-
Ар-ұждан алдындағы адалдық
дегенді қалай түсінесін?
-
Адамның ар-ұждан алдындағы
адалдығы – өз қадір-қасиеті, ізгі іс-әрекеттеріне байланысты
ма?
|
|
Презентация,
слайд.
Жұмыс
дәптерлері
|
-
Оқиға айту (әңгіме)
4-8
мин
|
Өмір сүрудің ең
жақсы жолы
(аңыз
әңгіме)
Кішкентай бір ауылда жас адам
кішкентай дүкен ашып өз ісін бастаған екен. Адам ақпейілді, жақсы
мінезді болғаны үшін сол ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы
көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын да, таныстарына да тек
қана сол адамнан алуды кеңіс беретін. Ісің кішкентай дүкеннен
бастаған адам бір жыл ішінде Американың түкпір-түкпіріне жайылған
дүкендер тізгінінің иесі болады.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден көз жұмуына аз қалғанын
сезеді де, үш ұлын қасына шақырып:
– Үшеуіңізден біреуі барлық дүкендерімнің иесі боласындар.
Мирасымды соған қалдырамын. Қайсысыңыз оған лайықты екенін білу
үшін әрқайсысыңызға бір доллардан беремін. Барып сол долларға
заттар алыңдар. Кешкісін келіп алған заттарың менің осы бөлмемді
толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігі алдында тынышсызданды.
Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің
қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:
– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де,
қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай
сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
– Магазинге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп,
ішіндегі жүнді бөлме ішінде шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай
жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
– Долларды ұсақтап, 50 центін шіркеуге бердім, 20 центін
қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым.
Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен
шырағдан шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырағданды жақты.
Сабан мен жүнмен толмаған бөлме аз уақыт ішінде жарықпен толды.
Әке баласына риза болып:
– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені, өмір сүрудің ең жақсы
жолын білесің – айналаңа жарық
тарату!
Сұрақтар:
-
Дүкеншіні ауыл адамдары
неліктен жақсы көрді?
-
Дүкенші мұрагерін таңдауда
ұлдарына қандай шарт қойды?
-
Ұлдары осы шартты қалай
орындай алды?
-
Неліктен әкесі үшінші ұлын
таңдады?
-
Адам қайткенде бақытқа қол
жеткізеді?
-
Дұрыс әрекет мәні
неде?
-
Өзің айналадағыларға қандай
қамқорлық жасап жүрсің?
Түйін:
Адам бойына бірінші керек
қасиет - адамгершілік. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік,
ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс -әрекеттердің тізбегі
жатыр. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы
арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің
мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім
білдіреді.
|
Оқушылар оқиғаны тыңдап,
тыңдап терең мағыналы түсінік алып, ұжданмен өмір сүруді үйренеді.
Аңыз бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/bala-tarbiesi/omir-surudin-en-jaqsy-joly-ne-8059
|
Шығармашылық
жұмыс
10-12
мин
|
Жаңаны
білеміз.
Адамдағы ынсап, әділет,
мейірім-үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады.
"Адамшылық" арым соны істеуді ұнатады" деген "ұжданың солай
қылғанды ұнатады" дегендік болып шығады. Бұған нана алмаған адамның
жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды.... Ұжданы сол
жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе
қарайта алмайды.
Шығармашылық жұмыс.
Бүгінгі
тақырыптан алған білімдеріңізді бекіту үшін, келесі шығармашылық
тапсырманы орындауға шақырамын. Оқушыларды "Ар", "Намыс", "Ұждан"
деп үш топқа бөлемін. Тапсырманың орындалысын түсіндіріп, уақыт
беремін.
1-топ: «Ұстаздың шәкірттерін сынауы» аңызын сахналау.
(Аңыз
мәтінін оқушыларға беремін)
2-топ:
Тірек сөздерді пайдалана отырып, кішілерге арнап хат
жазыңдар.
Қажетті
сөздер: Ар, намыс, ұят, қайырымдылық, жақсылық,
сыйластық.
3-топ:
Сөздер шоғырын мұқият қарап шығып, оларды мағынасына қарай орнын
тауып қойсаңыздар, ұлы Абайдың қанатты сөзін оқуға болады. Айтылған
ойды одан әрі өрбітіп, бүгінгі өмірмен байланыстырып, әңгімелеп
беріңдер.
"Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның
ісі".
|
|
Баяу әуен
қойылады.
Оқушы
дәптері
Ақпарат дереккөзі:
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/58274/
|
7.Үй
тапсырмасы
1-2
мин
|
Оқулықтың 23 бетіндегі №5
сабақ.
«Жаңылыс пен
ақиқаттың есігі» (аңыз) мәтінін оқып келу
|
Оқушылар үй тапсырмасын
дәптерге жазады.
|
|
6.Топпен ән
айту
2-3
мин
|
Өміріңе неқұрайлы
қарама
Сөзін
жазған:С.Сейітман
Әнін жазған:
С.Дәрібаев
Тыңда, досым, мен айтайын от
тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті
бек.
Өміріңе немқұрайлы
қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк
тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып
таң,
Зерлі шапан киінсең де
жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы
қарама
Шақша басың айналса да
бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде
бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол
шағала.
Кенелсең де, досым, қанша
шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы
қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш
дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос
таба.
Өміріңе немқұрайлы
қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан
соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз
басын
Сатып кетіп сеніп жүрген
жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы
қарама
Айдын көлге айналса да көз
жасың.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде
бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол
шағала.
Қанша азап көрсең-дағы,
бауырым,
Өміріңе немқұрайлы
қарама.
|
Мұғалім мен оқушылар қосылып
ән айтады.
|
Экранға өлеңнің мәтіні
көрсетіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=c00N2kxVQ1M
|
8.Сабақтың қортынды сәті
1
мин
|
-
Балалар, бүгін біз не жайлы
әңгімелестік?
- Сабақ сендерге ұнады
ма?
Ендеше қымбатты менің
оқушыларым бүгінгі сабақтан әсер еткен өзіңіздің жан дүниеңізге
жақсылығын сыйлаған сәттерін жүрегіңізге түйіп
алыңыздар. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз
сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Сабақ аяқталды, сау
болыңдар!
|
|
Баяу әуен
қойылады.
|