жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ Адамның жан сұлулығы 5 сынып
Бекітемін:
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №202 мектеп
Мерзiмі:____________ № 4 Тақырып: Адамның жан сұлулығы
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: _адалдық, сенім, мейірім, адамгершілік
Мұғалiм:_Курманбаева С Сынып: 5АӘ Оқушылар саны:_
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Адамның «Жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»..
Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге? Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер? Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер? Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға Ал енді сендер әдемілік, сұлулық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
Сабақ барысын талдау: |
Виктор Гюго «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады.Сосын жеке-жеке қайталату,барлығы хормен айтады .Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Дәптерге жазып, жаттап келу тапсырылады. Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? |
|
Бір күні орманда келе жатып Бақыт аңдаусызда шұңқырға құлап кетіп ,жылап отырды .Жақын жерден бір адам өтіп бара жатты ,Бақыт адамның жақындап келе жатқан дауысын естіді де шұңқырдан айқайлай бастады : Қайырымды адам ! «Мені осы жерден шығарып алшы .» «Сен ол үшін маған не бересің ?» -деп сұрады адам . «Ал саған не керек? » -деп өзінен сұрады Бақыт . «Маған ең қымбат теңіз жағасындағы үлкен және әдемі үй қажет ». Бақыт оған сұрағанын беріп еді ,үйді көріп қуанған адам Бақытты ұмытып кетті . Бақыт болса шұңқырда отырып одан сайын дауыстап жылай бастады . Жақын жерден екінші адам өтіп бара жатты ,оның дауысын естіген Бақыт : «Қайырымды Адам !Мені мына жерден құтқаршы .» -деп дауыстады . «Сен маған көмегім үшін не бересің ?» -деп сұрады адам. «Ал саған не керек? » -деп сұрады Бақыт . «Маған көптеген әр түрлі қымбат,әдемі машиналар қажет » - деді адам . Бақыт оған сұрағанын берді ,қалағанын алған адам қуанғаннан Бақытты ұмытып кетті . Бақыттың шұңқырдан шығудан әбден үміті үзіле бастады . Кенет өзіне жақындаған үшінші адамның жүрісін естіген Бақыт оған айқайлай бастады : «Қайырымды Адам !Өтінемін, мені мына жерден құтқаршы ». Адам Бақытты шұңқырдан шығарып алды да әрі қарай кете берді , қуанған Бақыт оның артынан қуып жетіп былай деді : « Адам! Маған көмектескенің үшін сен менен не қалайсың ?» «Маған ештеңенің қажеті жоқ » - деп жауап берді адам . Осылайша Бақыт адамнан қалмайды , ол адам ешқашан бақытсыз болмапты . Әңгіме бойынша сұрақтар: 1. Бұл әңгіменің біздің сабағымызға (тақырыбымызға) қандай қатысы бар? 2.Әңгімедегі адамдардың іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер? 3.Аңыздағы Бақыт өмірде келді? 4.Аңыз әңгімедегі үшінші адамның көмегі нені сипаттайды? 5.Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз? 6.Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер? |
|
- Осы бейне фильмнен қандай ой түйдіңіздер,қандай сабақ алдыңыздар? - Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай оны неге теңеуімізге болады? 1.Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну. Көп нүкте қойылған жерге өздерің ұйқас жолдарын тауып өлең құрастыру және сол әуенге арнап қимылды ойлап табу.
Анаң күнің жүрегің . .........................өмір тірегің. Мысалы:( ізгілік мейірі) Ел –отаның -жаннатың, ....... .......................қанатың. Мысалы:( сүйіспеншілік нұры)
Адамдар деп жарқырар күн шырағы , Сүйіспеншілік шуағын таратқанда, Риясыз сүйіспеншілік сезілгенде Жанымызға тарайды нұр шуағы Мұң мен өкініштен арылтқан ,ұмыттырған Омарташы сияқты бал таратқан Самғасын деп біздерді биіктерге , Риясыз сүйіспеншілік ,ізгілік ,адамдықты жаратқан . |
|
1.Мектепке өз- өзін тану аулына, Барып едім сабаққа . Риясыз сүйіспеншіл ізгі пәк көңілдер , Шыға келді алдымнан . Сүйіспеншілігім күн бе екен, Адамдығым ар ме екен, Жақсылықты сағынған Ақ пейілім қайда екен? 2. Ақ пейілмен өзіңді , Іздеп тағы барамын . Сүйіспеншілігім өзіңді, Ізгі ойдан табамын . Сүйіспеншілігім күн бе екен, Адамдығым ар ме екен, Жақсылықты сағынан Ақ пейілім қайда екен? 3.Ақ ниетім қайда екен , Риясыз махаббатым осы екен . Сүйіспеншілігім келер деп , Жақсылыққа ұмтылумен жүр ме екен . Сүйіспеншілігім күн бе екен , Адамдығым ар ме екен , Жақсылықты сағынан Ақ пейілім қайда екен ? |
|
Тақырып №5, бет : 37-бет.
|
|
Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген