400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Адамның мүмкіндіктері.6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі :Ханарық ЖОББМ

Тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: үнемшілдік, әдептілік, әділеттілік.

Мұғалімі:Рахмеджанов Азимжан

Сыныбы: 6-«Б»

Оқушылардың саны:24

Күні:7.10.2019


Мақсаты: оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттер:

-оқушыларға үнемшілдік қасиеті туралы түсінік беру;

-өз мүмкіндіктерін пайдаланып әдептілік қасиеттерін дамыту;

-өз мүмкіндігін тану жолында әділеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://angimeler.wordpress.com

2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


2. Үй тапсырмасын тексеру.

№2, Жусипбек Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» мәтінін оқып келу. оқулық 10-бет, дәптер 5-бет.

Сұрақтар:

    1. «Мәтіндегі Жусипбек Аймауытовтың «Неге арналсаң, соны істе» деген сөзін қалай түсіндіресің? Өмірден нақты мысал келтіріңдер.

    2. «Өз орнындағы» адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» деген тұжырыммен келісесің бе? Неліктен?

    3. Әркімнің «өз орнында» қызмет істеп, әлеуметке пайда келтіруне оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жетелейді?

    4. Айналаңда өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында биік нәтижелерге қол жеткізген адамдарды білесің бе?

    5. Өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға көмектескен жағдай болды ма? Өзіңді басқа қырыңнан қалай танисың?

    6. Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың? Неліктен?

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.


  1. Сабақтың дәйексөзі.


Ойға алғанның бәрін адамның ынта —жігерімен жүзеге асыруға болады

Халық даналығы.


Сұрақтар:

1. Ойға алғанның бәрін адамның ынта —жігерімен жүзеге асыру не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  1. Адам өмірі сүру үшін еңбектің маңыздылығы неде?

  2. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

Қорытынды: Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. 
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек. Адам алдына қойған мақсатына жету үшін білімі, ынта —жігері мен мінезінің алатын орны ерекше. Сол үшін өзінің мүмкіндіктерін тану үшін өзін-өзі танудың маңыздылығы зор.


3. Әңгімелеу:

Адамның рухани кемелденуі

Тоғыз ай құрсағында көтеріп, көптен күткен нәресте еді… 
Емханадағы кішігірім бөлменің ішінде жүрегі қуаныш пен уайымға толы әкесі баласының өмірге келуін күтіп, әбден мазасыздануда. Анасының құрсағынан шығып келе жатқан қасықтай ғана сәбидің иығын көріп, өз көзіне өзі сенбеді. Бойын бір мұздай су алғандай дірілдеп, лезде бөлмеден шығуын дұрыс көрді. 
Өмірін қара түнек басқандай, жүзі мұңға толы әкесі Борис Вуйчич, дерігердің шыға салысымен:

-Менің ұлым… Менің ұлымның қолы жоқ па?

-Жоқ… Сіздің балаңыз қол-аяғы жоқ болып туылды, өте өкінішті…

— Дәрігер, бұл жағдайдың себебі неде, өтінемін, айтыңызшы? -деп, әкесінің көзінен ыстық жас тамшылайды.

Ни́к (Ни́колас) Ву́йчич(ағылш. Nicholas James Vujicic) — кәсіби мотивациялық оратор, туылғанынан сирек кездесетін Тетра-Амелия деп аталатын синдроммен ауырады. 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан ақыл-есі сау бала болып туылған. Сондықтан да ата-анасының өтініші бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алуға мүмкіндік алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай, суға батып, өмірімен біржола қош айтыспақ болған. Алайда, оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан, серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Бос уақытында гольф ойнағанды ұнатады. 
Ол есепші (бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын бітірген. 19 жасынан бастап студенттер, балалар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған. 
Әлемнің 45 елін аралап, мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген. Жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға деп білсек болады. Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Шектеусіз өмір» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген және бірнеше кітап жазып шығарған. 
Ол көптеген аудиторияның алдына шығып, өзінің басынан өткен қиын кездерін ораторлық мәнерде адамның жүрегіне жеткізе біледі. Кішкентай кезінде көшеге шыққанда балалар келіп: “Саған не болған?”, — деп сұрақ койғанда, ол: “Бәрі шылым шеккенен болды…” немесе “Мен ата-анамды тыңдамай, бөлмемде кәмпит қағазын шашып, жинаған жоқ едім” – деп, әзілдеп қояды екен. 
Қазіргі кезде Канаэ Мияхаре атты жары және Киёси Джеймс Вуйчич атты ұлымен АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатыр.

Ойланып көрейікші, өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты жиі қоясыз ба? Көбінесе, біз айналамыздағы адамдарды кінәләй бастаймыз, ата-анамызға шағым жасап, әрқашан негативті ойлар ойлап өтетін күндер болады. Бет әлпетімізге қарап шашымның түсі немесе тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып, барға қанағаттанбай жатамыз. Дегенмен, осындай кемшілігі бола тұра, басқаға бақыттың не екенін үйрететін адамның биографиясы таң қалдырмай қоймайды. Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама?! Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей, неше түрлі бұрыс жолға салынып кеткендер қаншама?! Ник Вуйчич осындай адасқан жандарға үлгі болар адам екеніне күмән жоқ. Менің ойымша, әр адамның өмірі өз қолында, тек осыған шын жүрекпен сене білуіміз қажет.

Сұрақтар:

  • Ник Вуйчич өмір сүруге күшті қайдан алды?(отбасына деген сүйіспеншіліктен)

  • Никтің ерік-күші, шексіз мүмкіндігі қалай көрінді?Сүйіспеншілік құндылығы оның қандай қасиеттері арқылы байқалады?

  • Адамдар Никті тыңдағанда неден шабыттанады?

  • Никтің бақыты неде? (сүйе алуында)

  • Никтің тағдырымен таныса отырып, өзің өмірлік қандай ой түйдің?

  • Сенің айналаңда осындай ерік-жігері мықты адамдар бар ма? Сен оларды неліктен үлгі тұтасың? Мысал келтір.

Өзің өмірлік ұраның ретінде қандай сөздерді таңдар едің?


5.Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып ой-тұжырымыңды айт;

... Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант қабілеті – құдіреттілік табиғаты, мүлдем беймәлім, әрі ешқашанда танып- білу мүмкін емес.

Шоқан.У.

... «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез» Би-шешендер

2 – тапсырма: «Қабілет» әңгімесін оқып, кестені толтыру. 18-бет.

Мәтін бойынша

Менің пікірім

Өмірмен байланысты мысал

Қабілет



Парасат



Даналық




Қорытынды: Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді.


6.Төппен ән айту. Асан Пердешовтың «Достық» әнін орындаймыз.

Достықты силаған,достарын қимаған,

Қуанған сәттерде достарын жинаған.

Іс туссе басыңа досыңнан жасырма,

Адал дос қалады қол беріп қасыңда.


Қайырмасы

Сырғып өмір өзен,

Орнында тұрмайды.

Жастық шақ өтеді,

Бір күн қол бұлғайды.

Силастық қалады,

Достар әлемінде.

Достық пен ынтымақ,

Болсын бар еліңде.

Достықтың нышашы сіз бізден басталған,

Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан.

Досың барда қайға қардай еріген,

Әнді достық жайлы шырқа менімен.

Қайырмасы

Сен адал досымсың берік сенімге,

Тек достар қосылсын өмір төрінде.

Кел досым жаныма өткенді еске алайық,

Балалық шағына кел бірге барайық.

:


  1. Үй тапсырмасы.

1. Келесі №4 сабақ. Оқулық 16-бет, ,Ерлан Сыдықовтың «Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып келу.

2.№3 – сабақ. «Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазу.

3.Дәптермен жұмыс,6-бет, тапсырма 12.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.

Дегендей әрбір сәттеріңіз мағыналы да мәнді өте беруіне тілектеспін. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет!!!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
2049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі