Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Адамның негізгі дене мүшелері мен олардың қызметі" 1-сынып (Дүниетану)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жанды табиғат. Адам.

Мектеп: Кеңсай орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Ниязбекова Акерке Бақытбековна

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:

Сынып: 1

Сабақ : дүниетану

Сабақ тақырыбы

Адамның негізгі дене мүшелері мен олардың қызметі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 - адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін біледі, айтады, ажыратады.

Көптеген оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелері мен олардың қызметтерінің маңыздылығын түсіндіріп, талдайды.

Кейбір оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін күту мен сақтау қажеттілігі туралы түсіндіреді, оларға қатысты қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырып аясындағы сөздік қор: қол, аяқ, бас, адам денесі, дене мүшелері, қызмет.

Диалог

-Адамның мүшесі маңызды немесе маңызды емес деп бөліне ме? Неліктен бөлінеді немесе бөлінбейді?

-Дене бөліктерін ата?

-Дене мүшелерінің амандығын не үшін сақтау керек?

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстану

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу-тірек сөздер мен суреттерді пайдалану арқылы ойын жеткізеді, математика- дене мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты сандарын айтады. Саусақ-10, бас-1 т.б.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дене мүшелерінің атаулары мен қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы

3мин










1мин


Ширату кезеңі. Балалар шахмат тәсілімен сап құрып тұрады. «Бала, бала, балақан» әні қосылады. Балалар экрандағы іс- әрекеттерді қайталайды.

Бала, бала, балақан. Топ-топ, топ-топ басайық

Қане қайссы алақан. Жалаудан күн жасайық.

Саусақтарың әйбәт Жаса-жаса жарқын күн

Былай-былай қозғап. Жаса-жаса алтын күн.

Балаларға сұрақтар қойылады.

  • Бұл биде қандай дене мүшелері туралы айтылды? (қол, аяқ.)

  • Қандай іс-әрекеттер жасалды? (Қолды көтеру, аяқпен тұру, белді майыстыру)

Яғни, балалар біздің бүгінгі сабағымыз адамның дене мүшелері мен олардың қызметтері туралы болмақ.

«Суреттер сөйлейді» тәсілі арқылы топқа бөлу. Балалардың қолына дене мүшелерінің (ішкі және сыртқы) суреттері, оларға байланысы етістіктердің атаулары жазылған парақтар беріледі, парақтардағы суреттер мен жазулар ұқсастығына байланысты топқа бөлінеді(1-топ сыртқы дене мүшелері, 2-топ ішкі дене мүшелері, 3-топ атқаратын қызметтері).

Болжау:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге анықтау

АКТ. Видеоролик қосылады.





















КӨРУ ЕСТУ

СОҒУ ТЫНЫС АЛУ т.б.

Сабақтың ортасы








15 мин





























Сергіту сәті

2 мин





15мин



















Сабақтың соңы

4 мин

1-тапсырма.

(Т). «Суретке қарап сөйле» тәсілі. Үш топқа бірдей суреттер беріледі.

1-топ. Адамның сыртқы келбеті бойынша барлық дене мүшелерін санымен қосып тізбектеп айтады.

2- топ. Барлық дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтады.

3-топ. Осы дене мүшелерін қалай күту, сақтау қажеттігі туралы талқылайды. (Мұғалімнің көмегімен)


Тірек сөздер:

-1 бас, шаш, 2 көз, 2 қас, 1 ауыз, бет, құлақ, мұрын, жақ, мойын, кеуде, қол, 10 саусақ, білек, иық, төс, бел, сан, аяқ, тобық, 10 бәшпай, өкше;

- көреді, тыныс алады, естиді, ұстайды, көтереді, жүреді, бүгіледі, секіреді;

- жуу, жеке бас гигиеналарын сақтау, өмір қауіпсіздігін сақтау, жол ережелерін білу, қатаң сақтану, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану.


Бағалау критерийі

  • Адамның негізгі дене мүшелерін атайды, біледі.

  • Адамның дене мүшелерінің негізгі қызметтерін сипаттайды, талдайды.


Дескриптор

-дене мүшелерінің атауларын атқаратын қызметтерімен салыстыра сәйкестендіреді;


-Дене мүшелерінің қызметінің маңызын әңгімелейді;


-Дене мүшелерін сақтау, күту ережелерінің маңызын түсінеді, нақты мысалдармен дәлелдейді;


ҚБ: толықтыр-өзгерт-дамыт-күрделендір ТӨДК

Оқушылар бір-бірінің пікірін толықтырады, өзгертеді, дамытады, күрделендіреді.



«Сәйкестендір» тәсілі. Оқушылар орындарынан тұрады. Экраннан дене мүшелері суреттері әдемі әуен жетегінде көрсетіледі. Оқушылар оларға байланысты іс-әрекеттер жасайды. (Көз- ашып-жұму, аяқ- орында тұрып жүгіру, мойын- басты қозғау, алақан- қос қолды шапалақтау, бел- екі жаққа бұрылу. )

2-тапсырма.

(Ұ). «Stop-кадр» тәсілі арқылы «Барыңды бағала» тақырыбындағы мүмкіндігі шектеулі балалар туралы бейнефильм көрсетіледі. Оқушылар ұжыммен талқылайды. Ой толғайды. Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

- Фильм қандай балалар туралы?

-Адамның дене мүшелері ең қажетті немесе қажетсіз деп бөліне ме?

-Қандай қорытынды шығардың?

-Бұл балаларға қандай көмек көрсетер едің?


ҚБ. «Бір сөйлеммен түйіндеу»

Оқушылар әр топ бойынша 2- тапсырмадан алған білімдерін түйіндейтін бір сөйлем айтады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады немесе көшіріп жазады. т.б.




Оқушылар сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не үйренгенін айтады

Кері байланыс «Рефлексивті экран» тәсілі арқылы жасалады. (шеңбер бойы арқылы іске асады)

Әр топ оқушыларының ішінен бірнеше бала шығып, сөйлемдерді жалғастырады.

  1. Бүгінгі сабақтан ұққаным ...

  2. Мен үшін жаңалық болғаны ...

  3. Мен үшін түсінуге қиын болғаны ...

  4. Сәтті шыққаны ...

  5. Жетілдіруді қажет ететіні ...





  1. Дене мүшелерін атау.

  2. Қызметтерін анықтау

  3. Күту, сақтау ережелерін айту





Критерийлер мен дескрипторлар жазылған парақша.



















АКТ пайдаланылады.







Видеофильм көрсетіледі. АКТ-ні пайдалану.




















Кесте экранға шығарылады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қолдауды қажет ететін оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін айтады, ажыратады.

Қодауды қажет етпейтін оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін күту мен сақтау қажеттілігі туралы түсіндіреді.

«Суреттер сөйлейді», «Суретке қарап сөйле», «ТӨДК», «Сәйкестендір», «Stop-кадр», «Бір сөйлеммен түйіндеу», «Рефлексвті экран»

Қауіпсіздік ережесі дәптері 2

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Дұрыс қойылған


ОМ қол жеткізілді




Уақыттық кезеңдері сақталды

Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12