Ашық сабақ: Адамның рухани әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Адамның рухани әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, қысқа мерзміді жоспар ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Приурал мектеп-балабақша кешені» КММ Мерзiм:

Тақырып: «Адамның рухани әлемі»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, ойлылық, сезімталдық

Мұғалiм: Ергалиева А.Е Сынып 7

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

-оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту ;

- оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым – қатынас жасай білуге үйрету ;

-сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» өлеңі

Сұрақтар:

  • Өлеңнен адам баласының қадір – қасиеті неде екені айтылған?

  • Адамға білім, ақыл не үшін қажет деп ойлайсыңдар?


Дәйексөз.

«Мейірім, Ынсап, Әділет,

Шыдам, Шыншыл, Қарекет,

Түп қазығы – Ақ ниет»

Ш.Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Жақсылық пен жамандық

Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылық, сол иығына Жамандық отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық «істе» десе, Жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқау үшін оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен жүріп келе жатса,судың жағасына шығып қалған балықты көреді.Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен

Жақсылық жаны ашып:

-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе,

Жамандық:

-Қой,жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, -дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса,кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құла қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,Жамандық:

-Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың?

Оны ұясына көтеріп салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,-дейді.

Адам ойланып тұрып қалады.Осы сәтте Жақсылық:

-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорбан болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына салып кет. Шарапаты тиеді,-дейді

Адам тағы да балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді.Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, риза болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең суйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәнің о жақ, бұ жағына шығып,қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай,ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталды да,шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:

-Әй,адам-ау,қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың.Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп,машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды беріп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап,ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кішкентай тіршілік иесінен үйренбейсің бе?-деп налыған екен. Адам өз ойынан ұялып,райынан қайтады.Сөйтіп,Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып;

-Міне,балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын . Енді осылай адамдығынан айнымай, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,-деп батасын береді.

- Мәніннен не ұқтыңыздар?


Шығармашылық жұмыс

Оушыларға топқа бөлініп тапсырмалар беріледі


Топпен ән айту.

Туған еліме

С.Торайғыров


Үй тапсырмасы.

Жыл бойы өткен тақырыптарды қайталау.


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
983
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі