Материалдар / Ашық сабақ Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сократтың нақыл сөздері – Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек. – Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей. – Тек бір ғана жақсылық бар ол – білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық. – Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ. Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары ______ Р. Жубатканова

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бөлім: I

Ғасырлар даналығы

Педагогтің аты-жөні

Рысбаева Сырга Ертаевна

Күні:

10.09

Сынып: 4 «В», «Г»

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны: 0

Сабақтың тақырыбы №2

Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқытумақсаттары

Ежелгі Грек даналары

Құндылық:

Ақиқат

Қасиеттер:

Қарапайымдылық, даналық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемімен таныстыра отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

Оқушыларға даналық ұғымын қарапайымдылық қасиеті арқылы түсіндіру

Оқушыларды ойлылық қасиеті арқылы саналы қарым – қатынас жасауға үйрету

Оқушыларды даналыққа тәрбиелеу


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)









I. Жағымды көңілкүй

(1-3 мин)


Мұғалім балалармен амандасады. Олардың хал-жағдайларын, көңіл –күйлерінің қандай екендігін сұрайды.

5 Т – ережесін еске түсіреді.

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық.


Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»


Оқушылар мұғаліммен амандасып,

өзкөңіл-күйлеріжайлы айтады..


5Т-ережесін еске түсіріп,

атап шығады.


Оқушылар ыңғайланып отырады.

Алған әсерлерімен бөліседі.












«Хрустальнаягрусть» композициясы

II. Алдын ала берілген үй

тапсырмасын

тексеру

(әңгімелеу)

(3-5 мин)

«Сократ – ежелгі грек ойшылы» мәтінін оқып келу.


Сұрақтар:

Сократ деген кім?

Ол қарапайым адамдармен не жайында әңгімелесуші еді?

Сократты не үшін қамауға алды?

Жазадан құтылу үшін Сократқа қандай шарт қойды?

Сократ елінің адал азаматы екенін қалай көрсетті?

Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


III.Жағымды ой-пікір

(дәйексөз)

(3-4 мин)


Алдымен өзіңді – өзің таны. Сократ

Сократ — ежелгі грекфилософы.

Сұрақ:

  • Адам өзін қалай тани алады?

Сократтың нақыл сөздері

  • Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.

  • Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

  • Тек бір ғана жақсылық бар ол – білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық.

  • Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.

Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.

Оқушылар мұғалімнің соңынан дәйексөзді хормен қайталайды. Дәптерлеріне жазып алады

Дәйексөзді қалай түсінетіндерін айтады.

Оқулық

IV.Оқиғалар айту

(әңгімелесу)

(3-7 мин)




Адамгершілік

Сұрақтар:

1. Әңгімені тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар ?

2. Әңгімедегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш ?

3. Данышпан ата ол кісіге «Адам» деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты ?

4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету дегенімізді өмірден нақты қандай мысалдар айтып бере аласыңдар ?

5. Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады ?

6. Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?


Оқушылар мұғалімнің айтқан әңгімесін мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.

Оқушылар өз ойларын айтады.



V.Шығарма

шылық

жұмыс

(12-15 мин)

5-тапсырма Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.

Дүниедегі ең асыл, ол – ... .

Адамға ең қажетті, ол – ... .

Жер бетіндегі ең әсем, ол – ... .

Аспандағы ең сұлу, ол – ... .

Мұхиттағы ең үлкен, ол – ... .

Сөздегі ең маржан, ол – ... .

Тағамдағы ең тәтті, ол – ... .

Өмірдегі ең басты, ол – ... .

Тапсырма дәптерге орындалады

Презентация

VI. Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

«Талаптыға нұр жауар» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Оқулық

VII. Топпен ән айту

(2-3 мин)

МұғалімАна тілі

әнінің аудиожазбасын қосады. Оқушылармен бірге ән айтады.

Ана тілі

Өлеңін жазған Әдібай Табылдиев

Әнін жазған Мақсат Дауылбаев

Ақыл-ойындананың,

Ана тілденаламын.

Ана тілімардақты,

Ақсүтіндейанамның.

Өсірген ой, білімді,

Сүйемтуғантілімді.

Мақсатетемәрсөздің,

Мәнінтереңбілуді.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні, аудио жаз-басы көрсетіледі

VIII. Сабақтың

қортынды сәті

(1 мин)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Сабақтаайтылғандардыестерінетүсіреді.

«Одинокий пастух» композициясының аудио жазбасы



















Адамгершілік

Адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді.
Видео көрсетілім. Алдар Көсе «Күтпеген қонақ» мультфильмі көрсетіледі.

Алдар Көсенің мультфильмінен не көрдіңдер?

Бай қандайадамекен?

Ал Алдар Косе қандай адам?

Байдың орнында болсаңдар не істередіңдер?

—  Сонымен адамның қандай жақсы қасиеттерін білеміз?

—  Қандай жаман қасиеттерін кездестірдіңдер?

Етікші туралы аңыз.

Бір ауылда жүрегі таза, адамгершілігі мол,иманды етікші тұрушы еді.

Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып, төсек

Тартып жатып қалады. Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз қарсы алатынына қапаланды .Мерекені тойлайтын уақытта оянып қалғанда, ол түсінде Данышпан қартты көрді: ол ақырын дауысымен: «Сен маған келе алмасаң, мен саған өзім барамын»- деді.Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті. Таңертең ерте оянып, үй — ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп, құрметті қонағын күтуге дайындалды. Осы сәтте ол терезенің алдында жылап тұрған баланы көрді. Ол баланы үйге кіргізіп оған былай деді:

Сен неге жылап тұрсың?

Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды, одан басқа аяқ киімім жоқ. Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді. Сонда етікші баланы жұбатып былай деді: «Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп берейін!». Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді. Кеш болды. Жұпыны киінген бір әйел келіп былай деді:

-Кешіріңізші мені, өтінемін! Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім, бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр. Келмейін десем, күн суытып барады.

Етікші оған күлімсірей жымиып:

-Сіздің етігіңіз дайын тұр. Киіп ал да, өзің тоздыр!

Одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды.

Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды. Осы кезде есік қағылды. Есікті ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді. Ол былай деді :

-Мені үйіңізге кіргізіңізші ? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін .Қонатын
жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес …
Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды .
Ал өзі еденге жатты .Ұйықтар алдында ол іштей өзіне :
-Мүмкін , мен ,бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой »- деп ойлады да ұйықтап кетті . Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен былай деді : Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың .Сенің ақ пейілің жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң «Адам! » деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым .

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!