Атырау облысы Исатай ауданы
Тұщықұдық селосы
«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев
атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Батырғали Айгүл Құрманғалиқызы
Сынып: 6 Тақырып: Адамзаттың шынайы көшбасшылары 1-сағат
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: адалдық, шынайылық, еңбекқорлық
|
Мақсаты: Оқушыларға адамзаттың шынайы көшбасшылары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушыларға шынайы көшбасшылық туралы түсінік беру. -Оқушыларды ойдың, сөздің, істің бірлігінде өмір сүруге үйрету. -Оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) Үнтаспа, фломастер, |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру. Ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) - Балалар ережені есімізде ұстап,, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтай отырып, бүгінгі сабағымызды татулықпен жақсы көңіл күйде өткізейік. 2. Үй тапсырмасын тексеру «Қонаевтың 12 қасиеті» мәтінін оқып келу «Сыныптасқа сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. (Бір оқушы өзі қалаған сыныптасына мәтін мазмұны бойынша бір сұрақ қояды. Аты аталған оқушы жауап береді. Содан кейін жауап берген оқушы тағы бір сыныптасына сұрақ қояды. Осылай жалғаса отырып, оқушылар мәтін туралы баяндап, үй тапсырмасы қорытындыланады.) -Дінмұхамед атамыздың бойындағы қандай қасиеттер ерекше сүйсіндірді? -Адамзаттың шынайы көшбасшысы дегенді қалай түсінесіңдер? -Ол кісіні адамзаттың шынайы көшбасшыларының қатарына жатқызар ма едіңдер? -Дінмұхамед атамыздың бойындағы қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді? |
|
|
3.Дәйексөз «Ел қамын жеген ер - басшы» Тоныкөк баба
|
Тоныкөк (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. |
|
4.Әңгімелеу Ой қозғау -Көшбасшы деп кімді айтамыз? Көшбасшы = барар жолын біледі+басқаларға шабыт беріп соңынан ертуге қабілетті.
көшбасшылар Гитлер Абай Шыңғысхан Махатма Ганди Сталин Тереза ана І Петр А.Линкольн Македонский Д.Қонаев
— Шынайы көшбасшылар билікке ұмтылмақ түгілі, жоғары лауазым, құрмет, даңқтан бас тартады (М.Ганди барлық атақ пен лауазымдардан бас тартқан, Ш.Айтматов Қырғызстанның Президенті болудан бас тартқан);
— Шынайы көшбасшылар бүкіл өмірін адамдарды терісінің түсіне, ұлттық немесе діни ерекшеліктеріне бөліп қарамастан, адамдарға қызмет езуге арнайды (мысалы, Тереза ана);
Ұлы көшбасшы өзі үшін, ал шынайы көшбасшы басқалар үшін өмір сүреді.
|
Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдаған соң, слайд арқылы қосымша түсіндіріп өтеді. |
|
5. Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс: 1. Сіздің көшбасшы болғыңыз келе ме? Неге? Себебі... 2. «Көшбасшы» сөзіне бес жолды өлең құрастыру Топтық тапсырма: постер арқылы қорғау Қазіргі заманда шынайы көшбасшы болуда қандай істер атқарылуы тиіс? |
|
|
6. Топпен ән айту. «Алға, қазақ жігіттері!» 121-бет оқулық Сөзі мен әнін жазған: Ержан Серікбаев |
|
|
7. Үй тапсырмасы «Менің сүйікті әкем» мәтінін оқу Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Не ұқтық?
|
Сабақ «Нысана» әдісі арқылы қорытындыланады. |
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Адамзаттың шынайы көшбасшылары" 6-сынып
Ашық сабақ: "Адамзаттың шынайы көшбасшылары" 6-сынып
Атырау облысы Исатай ауданы
Тұщықұдық селосы
«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев
атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Батырғали Айгүл Құрманғалиқызы
Сынып: 6 Тақырып: Адамзаттың шынайы көшбасшылары 1-сағат
Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: адалдық, шынайылық, еңбекқорлық
|
Мақсаты: Оқушыларға адамзаттың шынайы көшбасшылары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушыларға шынайы көшбасшылық туралы түсінік беру. -Оқушыларды ойдың, сөздің, істің бірлігінде өмір сүруге үйрету. -Оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) Үнтаспа, фломастер, |
|
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушылармен амандасу, олардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру. Ә) 5 Т-ны еске түсіру. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) - Балалар ережені есімізде ұстап,, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтай отырып, бүгінгі сабағымызды татулықпен жақсы көңіл күйде өткізейік. 2. Үй тапсырмасын тексеру «Қонаевтың 12 қасиеті» мәтінін оқып келу «Сыныптасқа сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. (Бір оқушы өзі қалаған сыныптасына мәтін мазмұны бойынша бір сұрақ қояды. Аты аталған оқушы жауап береді. Содан кейін жауап берген оқушы тағы бір сыныптасына сұрақ қояды. Осылай жалғаса отырып, оқушылар мәтін туралы баяндап, үй тапсырмасы қорытындыланады.) -Дінмұхамед атамыздың бойындағы қандай қасиеттер ерекше сүйсіндірді? -Адамзаттың шынайы көшбасшысы дегенді қалай түсінесіңдер? -Ол кісіні адамзаттың шынайы көшбасшыларының қатарына жатқызар ма едіңдер? -Дінмұхамед атамыздың бойындағы қандай қасиеттерді өз бойларыңда дамытқыларың келеді? |
|
|
3.Дәйексөз «Ел қамын жеген ер - басшы» Тоныкөк баба
|
Тоныкөк (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. |
|
4.Әңгімелеу Ой қозғау -Көшбасшы деп кімді айтамыз? Көшбасшы = барар жолын біледі+басқаларға шабыт беріп соңынан ертуге қабілетті.
көшбасшылар Гитлер Абай Шыңғысхан Махатма Ганди Сталин Тереза ана І Петр А.Линкольн Македонский Д.Қонаев
— Шынайы көшбасшылар билікке ұмтылмақ түгілі, жоғары лауазым, құрмет, даңқтан бас тартады (М.Ганди барлық атақ пен лауазымдардан бас тартқан, Ш.Айтматов Қырғызстанның Президенті болудан бас тартқан);
— Шынайы көшбасшылар бүкіл өмірін адамдарды терісінің түсіне, ұлттық немесе діни ерекшеліктеріне бөліп қарамастан, адамдарға қызмет езуге арнайды (мысалы, Тереза ана);
Ұлы көшбасшы өзі үшін, ал шынайы көшбасшы басқалар үшін өмір сүреді.
|
Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдаған соң, слайд арқылы қосымша түсіндіріп өтеді. |
|
5. Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс: 1. Сіздің көшбасшы болғыңыз келе ме? Неге? Себебі... 2. «Көшбасшы» сөзіне бес жолды өлең құрастыру Топтық тапсырма: постер арқылы қорғау Қазіргі заманда шынайы көшбасшы болуда қандай істер атқарылуы тиіс? |
|
|
6. Топпен ән айту. «Алға, қазақ жігіттері!» 121-бет оқулық Сөзі мен әнін жазған: Ержан Серікбаев |
|
|
7. Үй тапсырмасы «Менің сүйікті әкем» мәтінін оқу Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Не ұқтық?
|
Сабақ «Нысана» әдісі арқылы қорытындыланады. |
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|
шағым қалдыра аласыз














