Материалдар / Ашық сабақ "Адасқан кейіпкерлерге көмектес" Мад тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Адасқан кейіпкерлерге көмектес" Мад тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қарапайым математикалық ұғымдармен қарама -қарсы ұғымдарды,кеңістік бағдарлауды,салыстыруды ,санай білуді үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
185
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №10 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Гатауова Гулнара Габдиевна



Тақырыбы «Адасқан кейіпкерлерге көмектес»
Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен яғни қарама - қарсы ұғымдарды, өзіне қатысты кеңістікті бағдарлауды үйрету. Заттарды санына қарай салыстыра білу әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір - біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, бір - біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің ойылған макеті, мультимедия, текшелер, логикалық тапсырмалар, биік, аласа үйлер, теректер, гүлдер, мультимедия арқылы бейнебаян көрсету.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңберіне тұру
Мұғалім: Сәлеметсіздер ма, балалар! Көңіл күйлерің қалай, жақсы ма? Менің де көңіл күйім өте жоғары. Мен сендердің бәріңді жақсы көремін. Ал сендер бір - біріңді жақсы көресіңдер ме? Ендеше, бір - біріңнің қолдарыңды ұстап, жағымды әуенді тыңдаңыздар.
Міне балалар, сендердің бойларың да, ойларың да өсіп қалыпты. Сендер мектепке дайындалып жүрсіңдер. Болашақта таңғажайып оқиғаларға толы «білім әлемінде» өмір сүресіңдер. Балалар, мен байқап тұрмын, бүгін сіздердің көңіл күйлеріңіз өте жоғары, жүздерің шаттық пен мейірімге, жылылыққа толы. Күн көзі жер бетіне өзінің жылуын таратса, біз бір - бірімізге жылуымызды таратайық, «Біз бақытты баламыз» деп, қайталайық.

Мұғалім: Жыл мезгілдері, апта күндері туралы сұрайды.
Балалар, сіздер кішкентай кездеріңізден бастап көптеген ертегілерді ата-аналарыңнан, апайларыңнан естіп келесіңдер. Ал сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалардың жауабы.
Енді сіздер бір ертегіден көрініс көргілерің келе ме? Ендеше ертегілер еліндегі әжейді тыңдайық.
Сахна ашылып, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің дұрыс ретімен орналаспаған көрінісін көреді.

Кейіпкерлердің орнын реттеу үшін көптеген тапсырмаларды орындау керектігін айтып, түсіндіреді. Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
1. Сәулетшілердің жоспары бойынша зәулім үйлер тұрғызу.
Шартты белгілерге қарап, шағын көше салады.
А) жол салушылар жұмыс жасайды. Балалар, яғни 1 - ші топ жолдарды орналастырады.
Б) Құрылысшылар үйлерді орналастырады. 2 - ші топ үлкен – кіші үйлерді ретімен орналастырады.
В) Жасыл талдарды орналастырып, көгалдандыру жұмысы жүреді. 3 - ші топ үйлердің алдына көшеттер, гүлдер отырғызады.

2. Текшелерді орналастыр.
Ортасына қызыл текше, астына көк текше, үстіне жасыл текшені орналастыр деп тағы да түстерді өзгертетін тапсырмалар беріледі.
Балалар айтқан бағыт бойынша текшелерді өзіне қатысты орындарына орналастырады.

3. Дидактикалық ойын «Пішіндердің орнын тап?»
Таратпа құралдар арқылы орындалады.
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар жеке орындайды.

4. Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.
Айтылған пікірге келіспесе, балалар неге екенін дәлелдеп айтады.

5. Кәне салыстырайық.
Оң және сол жақтағы заттарды санап, есептік санау арқылы салыстырады. Мысалы, көк шарлар мен қызыл шарларды салыстырып теңестіреді немесе теңсіздік орнатады.

6. Логикалық тапсырма.
Мультимедиядан тапсырманы көріп отырып орындайды.

7. Санына қарай жинақта.
Көкөністерді санай отырып өзінің жәшігіне салады.

8. Қорытынды.
Мұғалім тапсырмалардың бәрін орындағандарын айтып, енді кейіпкерлерді өз орнына орналастырамыз деп «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруды балаларға тапсырады. Орналастырып болған соң балалар кейіпкерлерді ретімен санайды, өз ойларын айтып береді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!