400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу 3 сынып Мерген қыз Сағи Жиенбаев «Әлия»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу. Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім:Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: орта мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Акылаева У.Ч

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Мерген қыз

Сағи Жиенбаев «Әлия»

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 ­ Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.

3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: кейіпкерді сипаттауда мақал-мәтелдерді , вербальды емес тілдік құралдарды қолданады;

Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолданады, шығарманың құрылымын жетілдіреді, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзетеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;

  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;

  • сауатты, қатесіз жазады.


Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Көркем сөздерді орынды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бөлік, тақырып, негізгі ой, пулемет, зеңбіректер, пилоткалы қыз, қаһар тігіп, өлім қаупі, жасымаған.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Әлияны батыр дейміз , себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған.

Пәнаралық байланыстар

Соғыс туралы әңгімелеп айту барысында дүниетану пәнімен байланыс жасалдаы, есту арқылы кейіпкерді туралы қатесіз жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк» оқушылар, батыр тұлғалар туралы біледі.Суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды «Атомдар және молекулалар» ойыны арқылы 4 топқа біріктіреміз.

І, ІҮ топ: Батыр

ІІ, Ү топ: Ержүрек

ІІІ,ҮІ топ: Қайсар

ІҮ,ҮІ топ: Мерген

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Шынжыр» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

1-топ .Сәду Машақов «Мәншүк» өлеңін жатқа айту.

2-топ. Сәду Машақов сөздерін пайдаланып,Мәншүкті

сипаттау.

3-топ. Майданның қызу жүріп жатқанын өлеңнің қай

жолдарында байқалғанын анықтау,оқу.

4-топ. Сыр сандықта берілген сөздерді оқу,мағнасын

түсіндіру, сол жолды жатқа айту.

ҚБ: Жарайсыңдар!


«Ой қозғау» әдісі арқылы шағын бейне жазба көрсетіледі.

Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы немесе соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіреді.

-Бейне жазба кім туралы ?

-Неліктен? Оқушылар ойын тыңдау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Нақыл сөздерді түсінесің және қолданасың.


Батыр, Ержүрек, Қайсар , Мерген деп жазылған парақшалар



интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

5-8 минут











9-13 минут
























Тыңдалым









14-25 минут














26-30 минут
























31-36 минут

  1. 1-тапсырма

(МК, Ө) Ойлан, жұптас, бөліс әдісі арқылы

«Мерген, батыр қыз, ерлік» туралы ойларын ортаға салады.

1.Ойлан. Оқушылар сөз тіркестері бойынша жеке ойланады.

2. Жұптас. Жұбына өз ойын айтады.

3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) «Мадақтау» Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

2-тапсырма

(МК, ЖЖ) автор Сағи Жиенбаев туралы түрлі дереккөздерге сүйеніп кестені толтырады.

Үлгі:

Shape2


Қосымша ақпарат: Сағи Жиенбаев (1934–1994) - 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген  1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады. 

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

3 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Поэзия минуты» әдісі арқылы «Әлия» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы және оқушыларға оқыту. Сөйлеу барысында батырлық туралы мақал-мәтелдерді қолдану.

Үлгі:

Батыр - елдің сәулеті,

Балқұрақ - көлдің сәулеті.

Батыр мың қол бастайды,

Шешен тар жерде сөз бастайды.

Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды


Сөздікпен жұмыс.

Мәрмәр – құрылыста пайдаланатын сәнді жылтыр -тас

4 - тапсырма

Топтық жұмыс «Жалғастыр...» әдісі арқылы қажетті берілген тапсырмаларды орындау. Деректерді тауып жазу, тірек сызба құрады, жазады.

1-топ. Сағи Жиенбаев туралы түрлі дереккөздерге сүйеніп кестені толтырады.

2-топ. Сағи Жиенбаев өлеңін пайдаланып, Әлияны

сипаттап өз ойларын білдіреді


3-топ. Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы сөздерге

өз ойларын білдіреді.

Shape4 Shape3

Shape8 Shape7 Shape5 Shape6

.

Ерлік

Shape9

Соғыс


Shape13 Shape12 Shape11 Shape10


4-топ. Ұлы Отан соғысына қатысты соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіреді.






Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар


  • Еліңді сүйсең ерлік істейсің

  • Ер есімі- ел есінде

  • Батыл болмай, батыр болмайсың..

  • Батыр адам өлімді жеңеді.

  • Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.

  • Қорқақ қол бастамайды.



«Саралау:
тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;

  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;

  • сауатты, қатесіз жазады.

5 - тапсырма

(ОТ, Ө)

Оқушы тәжірибесімен «Өзім үшін жазу» стратегиясы арқылы сөйлемді дәптерге жазады. Алдымен сөздерді құрастырады.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген, батыр қыз.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(ҚБ) «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-жақсартуға болады


интербелсенді тақта,









Түрлі оқулықтар, интернет желісі

Интербелсенді тақта







http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1654








Оқулықтың 73-74-беттері,

Әлия суреті

https://www.zharar.com/kz/makal/1031-batyr_hero.html





Интербелсенді тақта










түсіндірме сөздік.










жұмыс дәптері





Сабақтың соңы

37-40 минут


«Ауа райы» кері байланысын пайдалануына болады.

Күннің көзі --Жаңбыр тамшылары--Бұлт

https://yandex.kz/ima

ges

қосымша 6



Саралау


Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.


Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Баспалдақ», «Топтастыру», «Кірқыстырғыш» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.


Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Табыс ағашы», «Мадақтама» , «Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі



Дескриптор:


  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;

  • жазба жұмысының стильдік қателерін түзетеді;

  • сауатты, қатесіз жазады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


























Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Орын ауыстыру» ойыны

Қ атысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрады. Оның мақсаты: орын тауып алу. Ол ойыншы, мысалы, сақина таққандар орындарымен ауысады, әлде қара киім кигендер орындарымен ауысады. Сол кезде жүргізуші жылдам біреудің орнына отырып алу керек. Орындықсыз қалған қатысушы ойыннан шығады.

«Жапырақтар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жапырақтарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Шынжыр» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Тест.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Жеке жұмыс.

Ойқозғау.

Ұлы Отан соғысы туралы не білесің? Әлия Молдағұлова кім? Ол туралы не білетініңді айт.

Жазылым.

Түсiнiп оқы және дәптеріңе жазып ал.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

ЖК: Сауатты жазу және шапшаң аяқтау.

Тақырыпты болжау.

Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

Мақсат, күтілетін нәтиже.

Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар. Ел қорғау. Батырлық, ерлік.

Тыңдалымалды жұмыс.

Мәрмәр – құрылыста пайдаланылатын сәндi жылтыр тас.

Тыңдалым.

Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңі тыңдалады.

Айтылым.

Оқулықтағы суреттер топтамасын пайдаланып, өлеңнің авторы Сағи Жиенбаев туралы әңгімеленеді.

1-тапсырма. «Мен композитормын».

Өлеңге сай әуен таңдап, өлеңдi өз бетiңше әндетiп айтып көр.

Жазылым.

«Балық» ойыны. Нақыл сөздегi көп нүктенiң орнына қажеттi сөздердi қой.

  • ... есiмi – ел есiнде.

  • Елiңдi сүйсең – ... iстейсiң.

  • Батыл болмай, ... болмайсың.

  • ... адам өлiмдi жеңедi.

  • Тәуекелге бел буған адамды ... билемейдi.

  • ... қол бастамайды. Бағалау. Қол соғу арқылы Ойтолғау.

Кімді қорғады? (Слайдпен көрсету)

Қалыптастырушы бағалау.

  1. тапсырма. Батырлық, ерлік туралы нақыл сөздерді тауып жаз.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмала

ры.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы.








Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
















  1. Қызығушылығын ояту.

Оқушылармен амандаса отырып, оларды шеңберге тұрғызу.

Арайлап атты бүгін күн

Шаттыққа, қуанышқа толы күн

Сәттілік болсын әрдайым

Болашаққа бастар күн!

Шеңбер бойымен тұрып, күнді бір –біріне ұсыну арқылы тілек айтады.

2. Топқа бөлу

Оқушыларды қима қағаздағы суреттерді біріктіру арқылы 4 топқа бөлу

3.Жұмыс ережесін келісу

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Шынжыр» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

1-топ .Сәду Машақов «Мәншүк» өлеңін жатқа айту.

2-топ. Сәду Машақов сөздерін пайдаланып,Мәншүкті

сипаттау.

3-топ. Майданның қызу жүріп жатқанын өлеңнің қай

жолдарында байқалғанын анықтау,оқу.

4-топ. Сыр сандықта берілген сөздерді оқу,мағынасын

түсіндіру, сол жолды жатқа айту.


ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұмысты бағалайды.

4.Жаңа сабақтың тақырыбын ашубейне жазба көрсетіледі.

(проблемалық әдіс)

-МММ Қосымша ақпарат:Сағи Жиенбаев (1934–1994) - 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында дүниеге келген  1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған кенішінде мұғалім болып қызмет істеді. Сол кездері өлеңдері республикалық баспасөзде жариялана бастады. 

-«Поэзия минуты» әдісіарқылы «Әлия» өлеңінүнтаспадан тыңдату және оқушыларға оқыту. Сөйлеу барысында батырлық туралы мақал-мәтелдерді қолдану.

Үлгі:

Батыр - елдің сәулеті,

Балқұрақ - көлдің сәулеті

-Сөздікпен жұмыс. СУРЕТПЕН ЖҰМЫС

Мәрмәр – құрылыста пайдаланатын сәнді жылтыр -тас


ЖЖ «Жалғасын тап» әдісі арқылы мақалдағы жасырын сөзді табу. ТАҚТА

  • Еліңді сүйсең ерлік істейсің

  • Ер есімі- ел есінде

ҚБ « Бағдаршам» әдісі арқылы



5.Топтық жұмыс «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы қажетті берілген тапсырмаларды орындау. Деректерді тауып жазу, тірек сызба құрады, жазады.

ҚБ « От шашу» әдісі

«Нақыл сөздерді түсінемін және қолданамын» әдісі

6. ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС Батырлық, ерлік туралы нақыл сөздерді тауып жазады.

7.Сергітусәті



8.Кубизм әдісі

ЖЖ «Кубик» ойыны

Шарты: кубиктің жақтауларына жазылған сөздерге түсініктеме береді

(ҚБ)«Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-жақсартуға болады

«Ауа райы» кері байланысын пайдалануына болады.

Күннің көзі – сабақ тамаша өтті, бәрін түсіндім

Жаңбыр тамшылары- кей тұстарын түсінбедім

Бұлт- бүгінгі сабақтан ештеңе түсіне алмадым







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
3369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі