400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу «Ауыл күзі» Тайыр Жароков

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 3 сынып әдебиеттік оқу "Ауыл күзі" Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б елогор негізгі орта білім беретін мектебі










Әдебиеттік оқу

«Ауыл күзі» Тайыр Жароков

ашық сабақ














Дайындаған: Искакова Ш.С














2019-2020 оқу жылы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт


Мектеп:Белогор негізгі орта білім беретін мектебі

Күні:

18.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Искакова Шарипа Санатовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Ауыл күзі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Өз ойы мен сезімінжеткізе алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өз ойы мен көркем – бейнелі сөздерді қолдана біледі


Кейбір оқушылар орындай алады : өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізеді.

Жетістік критерийлері

  • Өз ойы мен сезімін жеткізе алды.

  • Өз ойы мен сезімін,шығарманың мазмұнын өз сөзімен жеткізеді

  • өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізе алады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика және терминология:

- Балалар, суреттерден не көріптұрсыңдар?

Суретте нелер бейнеланген?

Мәтін мазмұны бойынша оқушыларда сұрша, майға бөгіп мамырлап, теңеусөздерінің мағынасы жайында сұрақтар туындау мүмкін.

Жазылым және диалог үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері: Мәтін мазмұны бойынша оқушыларда сұрша, майға бөгіп мамырлап, теңеусөздерінің мағынасы жайында сұрақтар туындау мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Күз мезгілінің айырмашылығы?

Күз өленінің мағынасын қалай түсінеміз?

Эпитет деген не деп ойлайсың?

Күз мезгіліндегі суреттерге қандай түстер пайдалынылады?

Тайыр Жароков қай жерде дүниеге келді?

Автордың қандай шығармалары бар?


Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне жылы сөздер жазу арқылы сыйластыққа үйренеді. Табиғаттың сыйын құрметтеу, табиғат әсемдігін бағалау, еңбекке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

 Интербелсенді тақта суреттер

Бастапқы білім

Күз мезгілі туралы ойларын жеткізу. Ерекшеліктерін ажырата біледі

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың барысы

Мұғалім:

Сәлемдесу жаттығуы: «Қуанышты амандасу» .

Балалар әртүрлі халықтардың амандасу рәсімдері арқылы бір – бірімен амандасады.

Алақананын бір – біріне түйістіріп, сәл еңкею ( Қытай халқы)

Қолды маңдайға түйістіріп, сәл еңкею ( Индия халқы)

Қолды жанға жайып, сәл еңкею ( Япония халқы)

Бір – бірінің көзіне қарап, кол беру арқылы амандасу. ( Германия халқы)

Саусақтардың ұшын тигізу арқылы, қол алысу. ( Малазия халқы)

Үй тапсырмасы: «Күз » туралы өлең құрастыру және сурет салу.

I.Дескриптор:

  • Құрастырған өлеңдерін оқу

  • Салған суреттерін әңгімелеу.

  • Бір-бірін мұқият тыңдау
    ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бір-бірі бағалау


Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі







«Миға шабуыл»

Мақсаты: жазуларды оқып күз тақырыбына байланыстырып айту.

Күзгі жаңбыр

Жәндіктер

Құстар

Ағаш

Күзгі еңбек

Осы сөздер арқылы «ауыл күзі» Тайыр Жароков тақырыбын ашу.

Сабақтың мақсатын құру,талдау.

«SMART» мақсат әдісі бойынша сабақ мақсатын,яғни ақылды мақсат құру.

1.Өлеңнің басты сипаттарын білу

2.Сөйлеу барысында көркемсөзді қолдану.

3.Сабаққа белсене қатысу.

Дәптермен жұмыс

Он сегізінші қараша

Сынып жұмысы

Ауыл күзі Тайыр Жароков


Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Өлеңді тыңда.Өлең ырғағына мән бер.Мәнерлеп оқуға жаттық.

«Ауыл күзі»

Тайыр Жароков   «Ауыл күзі»

  Автор 1908 жылы Батыс Қазақстандағы Жәнібек ауданының Жетібай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы ата-анасы қазақ – орыс  бастауыш мектебіне оқуға берген.  Мектепте 3 жылдай оқыды, кейін  Орынбордағы  Қазақ халық  ағарту институтында оқыды. Ұлы Отан  соғысына қатысқан. Балаларға арналған «Күн тіл қатты», «Теңіз баласы»,  т.б жыр жинақтары бар.

A.Дескриптор:

  • Өлеңнің ырғағына мән беріп тыңдайды.

  • Мәнерлеп оқып түсінгендерін айтады.

  • Автор туралы мәлімет береді.

Кері байланыс.

  1. Өлеңнің әр шумағын оқытып , шумақтың мазмұнын ашу .

- 1- шумақта не туралы айтылған ? - Аспанда бұлт , жаңбыр жауды ,тамшы күміс моншаққа ұқсайды

- 2- шумақта не туралы айтылған ? -Қайың ,терек тің жапырақтары сарғаып , жерге түсіп,

шашылып жатыр ,жел үрсе қалтырайды .

- 3- шумақта не туралы айтылған ? - Жемістер балбырап пісіп тұр . Піскен алма албырап,

өзіне көз тартады

- 4- шумақта не туралы айтылыпты? - Беті күнге күйген балалар асыр салып ойнап жүр.

Анасындай болған мектебі қоңырауы

сылдырлап. балаларды оқуға шақыруда .

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды.

2-тапсырма.

Жұппен жұмыс . «Сиқырлы сөздер»ойыны. Әр жұп  екі шумақтан бөліп, өлеңде –дай,-дей,-тай-тей жұрнақтары кездескен сөздерді атау.

Анықтамамен жұмыс

-Ендеше оқушылар бұл сөздер теңеу сөздер болып табылады.Яғни,Теңеу де бейнелі сөзге жатады.Оның эпитеттен айырмашылығы –дай,-дей,-тай,-тей немесе сияқты,тәрізді деген сөздер арқылы жасалады.

-Эпитет анықтама беру.

Эпитет-заттың не құбылыстың айрықша белгісін,қасиетін білдіреді.Мыс:бота көз,алма мойын.

Q.Дескриптор:

  • Әр жұп өлеңді оқып отырып, -дай, -дей,-тай, -тей, жұрнақтары бар сөздерді тауып атайды.

  • Эпитет ережесіне анықтама бере алады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Айтылым

Топтық жұмыс. «Микс»әдісі

1-ж. 4-тапсырма.Кестемен жұмыс

Өлеңдегі көркемсөздерді теріп жаз. Эпитет немесе теңеу екенін анықта.

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

Эпитет

Теңеу













Маржан бидай


+






T.Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;

  • Өлеңдегі көркем сөздерді қатесіз теріп жаза алады.

  • Эпитет немесе теңеу сөздер екенін анықтай біледі.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Келіспеушілік те туындауы мүмкін, бастысы оқушының әр пікірі құнды екенін есте сақтау.

2-топ. 5-тапсырма .Кестені толтыр.

Мақал-мәтелдер

Осы ойға сәйкес келетін өлең шумағы.

1.Нөсер алдында найзағай ойнайды

Көтеріле аспандай,

Көкте сұрша бұлт көшіп

Жерге інжу шашқандай

Күміс моншақ төгіліп.

2.Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.

?

3. Көктемде түскен бір дән ,

Күзде мың дән болады.

A.Дескриптор:

  • Мақал-мәтелдерді түсініп оқиды

  • Мақал- мәтелдерге сәйкес келетін өлең шумақтарын жазады.

  • Қатесіз жазып дағдыланады.


3-ж.Берілген сызбаға сай өлең жолдарын «Күз» тақырыбына өлең жолдарын құрастыр?

Өлең жолдары

Ұйқас

... күркіреп,


... сіркіреп.


... албырап,


... балбырап


U.Дескриптор:

  • өлең тақырыбына сай

  • өлең ұйқастары сақталаған;

  • көркем сөздерді қолданған;

  • өлеңді мәнерлеп оқып берді;

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.


ҚБ:«Галлереяны шарлау арқылы» бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.

Сергіту сәті. «Кап кап кап » орыс әніне қимылдар жасап билеу










































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
2229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі