жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. Баланың айласы 3 сынып
Пән: Әдебиеттік оқу Орта мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні:9.10.2019ж Сынып: 3-сынып |
Мектеп: №14 орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Шидербаева Меруерт Мухаметкаримовна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жақсылық жасау – борышың Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин |
||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.3.1 - шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: сөйлеу кезінде иллюстрацияны сәйкестендіре алады. Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтайды. Кейбір оқушылар: шығарма бойынша көрнекіліктер мен фотосуреттерді қолданып, дәлелдейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
сөйлеу кезінде иллюстрацияны сәйкестендіре алады. негізгі ойды анықтайды. шығарма бойынша көрнекіліктер мен фотосуреттерді қолданып, дәлелдейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі , математика |
||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Жақсы деген немене, жаман деген немене? |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: « көңілді күн» әніне билету Топқа бөлу : Тапқырлар ,ойшылдар ,зеректер ( қағаздар жазылған сөздер арқылы топқа бөлініп отырады) Жұмыс ережесін келісу
Топтық тапсырма: Сіріңкенің бір шиін ауыстырып есепті шығарады
Ой қозғау Сіріңкені құрау арқылы сандарды шығардыңдар .Құрастыру кезінде қандай қиыншылыққа тап болдыңдар ? Қиыншылықтан құтылатын қандай амал ойлап таптыңдар? Немесе оңай шеше алдыңдар ма? Жағдаяттан шығу үшін тек қана жақсы жолмен шығу керек. Біреуді алдап, арбап жағдайдан шығуға болмайды. Ендеше бүгінгі сабағамыздың тақырыбы сендер сияқты баланың айласы туралы ертегімен танысамыз. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
«Көңілді күн» би Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Болжау стратегиясы ( сурет бойынша) -Суретте не көріп тұрсыңдар? Мәтін қалай өрбуі мүмкін? Айла деген не? Оқулықпен жұмыс: мәтінді тізбек бойынша оқыту Топтық тапсырма 1 топ Сенің алдыңнан ғалым мен жылан шықса, сен не айтар едің? 2 топ Осы мәтінді оқығанда сені не қуантты? Не ренжітті?
3 топ Осы мәтіннен өзіңе ұнаған жақсы жерін айтып бер. Жаманы ше?
Әр топқа І бөлім жазылған қағаз беріледі Бейне ролик көрсету : Ыбырай Алтынсарин өмірі және шығармалары Ой қозғау : -Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік? Ол кісінің қандай әңгімелерін білдік? Топтық тапсырма: 1 топ : сахналап көрініс көрсетеді 2 Сыз топ : мәтіндегі кейіпкерлерді ата ? Кейпіркерлер арқылы қандай адамның белгісін беріп тұр деп ойлайсыңдар ? 3 топ мәтінге талдау жасау
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Мәтіндегі баланың іс- әрекетіне баға бер. – Өз бойыңда осындай тапқырлық сәт болды ма? Жақсылыққа жамандық: Жамандыққа жақсылық: Жақсылыққа жақсылық: Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланысы.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылар дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||||
«Сіз құмыра сындырып алдыңыз» Үйде ешкім жоқ . Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп , анаңыздың қымбат құмырасын сындырып алдыңыз.
Тапсырма:
Осы жағдаяттан қалай шығасыңдар? Анаңыздың реакциясын көз алдыңызға еселсетіңіз. Қандай жағдай болуы мүмкін? Анаңыз не дер еді? Сендер анаңның орнында болсаңдар не дер едіңіз? Қандай іс-әрекет қолданар едіңіз ? Осы жағдайдан қалай шығуға болады?
І бөлім
Бір ғалым адам жапан далада келе жатып аяқ астындағы бір үлкен тасқа сүрініп жығылыпты. Бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп ойлайды. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан сандық шықты. Сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, ғалымға ұмтылды: «Шағамын» деді. Ғалым айтты: «Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?» Жылан айтты: «Бар». Ғалым айтты: «Олай болса, біреуге жүгінелік, төре саған тисе, шағарсың». Жылан бұл сөзге тоқтады.
- Сенің алдыңнан ғалым мен жылан шықса, сен не айтар едің?
ІІ бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау.
ІІ бөлім
Екеуі келе жатып түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өзімше қызмет етсем де, адам қай уақытта да шамамнан тысқары жүк артады, жүре алмасам, ұрып-соғып ренжітеді». Жылан мұны естіп, ғалымның мойнына бір оралады. Мұнан шығып жеміс ағашына келіп жүгінеді. Жеміс ағашы: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, менің жемісіммен қанша адам күн көріп, пайдаланып тұрса да, үзіп, жемісімді жерге түсіріп алып жейді». Жылан ғалымның мойнына тағы бір оралды. Одан кейін итке жолығады. Ит те айтты: «Жақсылыққа жамандық бар, мен иемнің күні-түні ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, ұрып, қуып жіберді».
- Ары қарай не болады деп ойлайсың?
- Осы бөлімді оқығанда сені не қуантты? Не ренжітті?
Қуантты: |
Ренжітті: |
|
|
ІІІ бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау.
ІІІ бөлім
Ғалым айтты: «Енді тағы біреуге жүгінелік, төре тағы саған тисе, шаға бер». Содан шығып, ойнап жүрген бір топ балаға келді. Ішінде бір бала ғалымға сәлем берді. Ғалым сәлемін алып, сол балаға істің жайын айтты. Бала естіп болып:
-Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдишаға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді?- дейді. Сонда жылан айтты: «Бұл сөз рас» деп. Бала: «Тіптен нанбаймын, бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмайды»,- дейді. Сонда жылан баланы нандыру үшін барды да, иіріліп манағы қобдишаға кіріп кетті. Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып, бекітті де, ғалымның қолына берді: «Апарып алған орныңызға қойыңыз»,- деді.
- Осы бөлімнің өзіңе ұнаған жақсы жерін айтып бер. Жаманы ше?
Жақсы: |
Жаман: |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген