400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу .Ж.Аймауытов "Қараторғай" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу үшін қажет деп ойлаймын.Керектеріне жарап жатса пайдаланады деп жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Ж.Аймауытов «Қараторғай» 4 сынып

Жалпы мақсаты

Құстарды қорғау, аялау.Оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты

Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, ұғындыру.

Жүсіпбек Аймауытов өмірбаяны,шығармашылығымен таныстыру. Құстардың тіршілігін баяндау.
2)Оқушыларға құстарды қорғауға, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

3)Құстарға деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық тәрбие беру.

Сілтеме

Интерактивті тақта, оқулық, оқыту әдістемесі, жоспар, видеоролик

Оқу нәтижесі

Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.Жаңа тақырыпты өз бетімен ұғыну, сұрақтарға нақты жауап беру, өз ойларын еркін айтуға үйрену.

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау-жинақтау,әңгімелеу әдістері,сахналық қойылым,диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау.

Тапсырма көздері

Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс

Сабақ түрі

сұрақ- жауап, әңгіме

Міндеттері

Құстарға қамқорлық жасау

Кейінгі тапсырма

Қараторғай туралы баяндау, альбом дайындау

Сабақтың көрнекілігі

интерактивті тақта, оқулық,құстар суреті,нақыл сөздер, тыйым сөздер, халық болжамдары,ән, видеоролик


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сәлемдесу:

Біз қазақтың баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Үлкендерді көргенде

Ізетпенен иіліп,

Біздер сәлем береміз.

ә) Кезекші мәліметі (түгендеу)

б) оқу-құралдарын дайындау

в) «Жүректен-жүрекке»

Топтар бір-біріне табиғатқа байланысты тілек тілейді.

–Көктем күні шуақты болсын!

–Бақшамыз құсқа толсын!

-Аққудай әдемі болайық!

-Ауамыз таза болсын!

-Суымыз мөлдір болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Күннің нұры сөнбесін!

-Тыныштық заман болсын!

- Бейбітшілік болсын!

-Қара бұлт шалмасын!

-Қанатымыз талмасын!

-Қарлығашқа ұқсайық!

-Бұлбұл құстай сайрайық!

-Талапты болайық!

-Мейірімді болайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 2-тапсырма 252-бет

2.Мәтін бойынша сұрақ дайындау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Топқа бөлу: Парақшаға құс аттары жазылады. Сол бойынша топтарын табады.

1-топ: Аққу

2-топ: Қарлығаш

3-топ: Көгершін

2.Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.Құс дыбысын тыңдау

3.Топтық тапсырмалар:

1-топ: Жұмбақ шешу

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін,

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)

2-топ: Ребус шешу ( құс, ара,тау,орман,ғ әрпі, ай суреттері) Шешуі:қараторғай

3-топ:Мозайка құрастыру ( қараторғай құсының суреті бөліктерге бөлінеді, қарастырып, атын табу керек.)

4.Тақырыпты ашу.

а)Жазу жұмысы (күннің жады, тақырап, автор)

ә)Ж.Аймауытов туралы мағлұмат беру.(слайд арқылы)
Ж. Аймауытов - 1889 жылы Павлодар облысында туған. Ол жазушы,драмматург, ақын, аудармашы, зерттеуші,  ғалым, қоғам қайраткері. 13-14 жасынан қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған. Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер, әңгімелер жазған. Оның «Қартқожа», «Ақбілек» тағы да басқа көптеген шығармалары бар.Ол Торғай жерінде ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болып, осы кездерде жалған жаламен айыпталып,  1931 жылы өлім жазасына кесілген.

 б) Оқулықпен жұмыс: оқушылар бір рет оқып шығады,

сөздік жұмыс жүргізіледі.

в) Сұрақ:- Құстар туралы не білеміз? Қараторғай қандай құс?

г) Толықтыру: Суреттер көрсетіледі.

Құстар–жануарлардың ең көп тараған түрі. Олардың түрлері көп.Үй құстары, жабайы құстар болып бөлінеді. Пайдасы: зиянкестермен күреседі, еті, жұмыртқасы, мамығы. Құстар - біздің досымыз. Сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген. Құстар - табиғат көркі. Оларды қорғау керек. Қажетсіз атуға,оларды ұстауға болмайды. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл – күйін көтереді.Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.

Жыл құстары дегеніміз — салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз,тырна жатады.

Қараторғай суреті көрсетіледі.

-Қараторғай-  дала құсы, ол бұлбұлдың әнінен үзінді айтып бере алатын шағын құс. Салмағы 75 грамм, дене тұрқы 23 сантиметрдей болады. Мойны қысқа, тұмсығы ұзындау, түсі металдай жарқылдаған қара, сол қара қауырсындарының арасынан ақ дақтарды кездестіруге болады.Қараторғай- жыл құсы, тек оңтүстікте ұялайтындары ғана тұрғылықты болып  табылады. Ұялайтын жерлеріне, мәселен Қазақстан аумағына наурыз айының басында келе бастайды. Ұясын ағаш пен жартастардың қуысына, шатырға немесе басқа жерлерге сала береді.Екі рет балапан басып шығарады. Күзде үлкен топ құрып, қыркүйек-қазан айларында қыстайтын жерлеріне қарай қайтады.Қараторғай зиянды насекомдарды, олардың  дернәсілдерін  көптеп жойып, ауыл шаруашылығына елеулі пайда келтіреді. Қараторғай-өзі кішкене құс, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады. Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Қараторғай келсе халық қуанады, көктем келді, енді күн жылынады деп. Ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасайды. Қараторғайды «шегіртке жегіш» деп те атайды. Көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Олар әндердің әуенін керемет дәлдікпен орындайды екен. Қараторғайды әншілер әнге қосып шырқаған.

(«Қараторғай» әнін орындап беремін.)

д) Дәптермен жұмыс. - Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін жазу. Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай.

е) Сергіту сәті: Бейнероликтен «Қарлығаш» әніне билеу

Топтық тапсырмалар: дәптерге орындалады

І-топ:Кез-келген құс атына бейнелісөз (ребус) құрастыру.
ІІ –топ:Көрініс: Аңшы мен бала

І-бөлім.

А: -Құс аулауға шығамысың?

Б:-Шығамын.

А:–Атқаныңды жығамысың?

Б:-Жығамын.

А:-Мә, мылтығым, атамысың?

Б:–Атамын.

А:-Сен атып қайт, мен демалайын.

ІІ-бөлім.

А:-Құсың қайда, қарағым-ау?

Б:–Атпадым.

А:-Тоғайдан құс таппадың ба?

Б:-Таппадым.

А:-Көп еді ғой, көлде құс.

Б:–Көп екен.

А:-Иә, неге атпадың?

Б:-Түк дәлелім жоқ екен.

А:-Атуға қимадың ба?

Б:-Қимадым.

Туған жердің құстарын да сыйладым.

Орманға бара жатқандар,

Аңшылық дәмін татқандар,

Өтінем түгел бәріңнен

Ешқашан құсты атпаңдар!

ІІІ-топ: Өлең жолдарын құрастыру

Құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді, халықтық болжамдар білесіңдер?

  • Құсты атпа!

  • Құстың ұясын бұзба!

  • Құстың жұмыртқасын алма!

  • Құсты қорға.

ІҮ. Қорытындылау: Блиц – турнир (сұраққа дұрыс, тез жауап беру)

Рефлексия: Сабақта өзіңді бағала (кестеге жазады)


сабақ

сабақта

қорытынды

қызықты болды

жұмыстандым

түсіндім

ұнады

демалдым

көп нәрсе білдім

қызықсыз болды

көмек бердім

ештеңе түсінбедім


Ү.Үйге тапсырма:

1-топ: Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу

2-топ: Құстар туралы жұмбақтар жазу

3-топ: Құстардың қалай дыбыстайтынын жазу
Ортақ тапсырма: Қараторғай мәтінін мазмұндау. Құстардың суреттерін жинап альбом дайындау

ҮІ. Бағалау. Жетондар арқылы бағалау. Тақтаға смайликтер ілінеді. Мұғалім жетондарды жапсырып, бағаларыме таныстырады.

Равнобедренный треугольник 2 Прямоугольник 1 Правильный пятиугольник 1 - 3 -4 - 5



Оқушылар сәлемдесіп, шаттық шеңбері құрылып, сыныптағы атмосфера қалыптасады.






Топ ережесімен танысады, кезекші мәліметі тыңдалады.


Шаттық шеңбері құрылып, тілектер тілейді.









Үй тапсырмасы тексеріледі.



Сынып топқа бөлінеді.





Топтан оқушылар жауап береді.

Өз ойларын ашық жеткізеді.


.

Топтық тапсырмалар беріліп, жауаптар тыңдалады.







Автормен танысып, оқулықпен жұмыстар жүргізіледі.









Құстар туралы түсінік, суреттер көрсетіледі.
























Топ болып талқылайды.



















Ән тыңдалады, көрініс тамашаланады, жазу жұмысы жүргізіледі.



Тыйым сөздер, халықтық болжамдар айтылады, өлең жолдары құрастырылып, шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Оқушылар өздерін бағалайды.





Үйге тапсырма беріліп, жетондар арқылы бағаланады.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі