400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу Жануарлар сипаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып ұстаздарына арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Мектеп: М.Мақатаев атындағы №140 гимназия

Пәні: әдебиеттік оқу

72-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың сипаты

Күні: 4.03.2020ж

Мұғалімнің есімі: Баймұханбетова Ә.А

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай алады. Шығармашылық жұмыс істей алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты таныстырылым жасап, мәтінді сахналайды.

Кейбір оқушылар: Автор туралы мәліметтерді ұсына алады.

Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды. Шығармашылық жұмыс істейді.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және табиғатты

қорғауға баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба көруде қолданды. Автор туралы мәліметтерді іздестіруде

қолданамыз.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы

білім

Қазақ елінің батырлары туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басы

0-2мин








2-10мин

Психологиялық ахауал туғызу

*Амандасу;

*Оқушыларға, қонақтарға жақсы көңіл-күй тілеу;

*Сабақ барысында жүретін бағалауды түсіндіріп кету.


Үй тапсырмасын сұрау

* Үйге берілген тапсырманың барлығын қамту мақсатында «МИКС» жаттығуын пайдалану.

1-топ: Берілген трек сөздер бойынша мәтінді қысқаша мазмұндау;

2-топ: Мәтінді сахналау;

3-топ: «Суасты балықтарына» хат жазу;

4-топ: Берілген жануарлар бойынша қызықты мәліметтер жазу;

5-топ: Мәтінге байланысты сурет салу;

6-топ: Жануарлар тіршілігіндегі қиындықтарды шешу үшін не істейсің? сұрағына жауап береді


Дескриптор:

-Мәтіннің негізгі ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді

-Негізгі кейіпкерлерін анықтайлы

-Өз ойларын нақты жеткізе алады

-Қосымша мәліметтер айта алады

-Оқиға желісін суреттей алады

-Сұраққа ойлана жауап бере алады.

Қорытынды сұрақтар қоя отырып, келесі сабақтың тақырыбын ашу:

Мақсат пен әкесі жылым жасау үшін қандай құралдар пайдаланды?

Қандай балықтар білесің?

Оттегі деген не?

Балық қандай тіршілік иесі?

Балықты сипаттайықшы...

Дескрипторы:

-Жеңіл сұрақтарға жауап береді;

-Күрделі сұраққа жауап береді;

-Балықты сипаттайды.

Слайд 1,2






Слайд 3

(Суреттер)

Топтық

жұмыс

Ортасы

10-30мин



































































Сергіту сәті

Миға шабуыл:

Тақтада көрсетілген жануарларды сипаттау арқылы сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын ашамын.

Сабағымыздың мақсаты: «Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. Шағармашылық жұмыс жасау»

Суретте көрсетілген жануарларды балаларға сипаттату, сол жануарларға байланысты ертегі, оқиғаларды еске түсіру.

Жүгіртпе сұрақтар қою арқылы «Дуадақ» мәтініне психологиялық дайындық жасау. Автормен таныстыру.

-Әлсіз деген сөзді қалай түсінесің?

-Әлсіз жануалдарға көмек көрсетіп көрдің бе?

-Ендеше, бүгін біз сенддермен Қайнекей Жарамағамбетоавтың «Дуадақ» мәтінімен танысамыз.

Қайнекей Жармағамбетов (25 тамыз 1918, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шиелі — 10 қыркүйек 1974, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шиелі) — ақын, әдебиет зерттеушісі.

  • Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы

  • Қазақстан ЛКСМ ОК-нде хатшы (1941 — 1948)

  • ҚазПИ-де аға оқытушы, директордың орынбасары (1948 — 1958)

  • 1964 — 1974 жылы шығармалар жұмыста болды.

Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дуадақдың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен белгілі. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді.

Дуадақ-дрофа – bustard

«Кинометафора» әдісі арқылы дуадақ туралы видеоролик көрсету


Дескриптор:

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады;

-Автор туралы мәлімет алады;

-Дуадақ туралы айтады.


Мәтінмен жұмыс:

-Мәтінді оқып, түсіндіру;

«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде

талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.

Даңғыл жол – бөгетсіз, кедергісіз кең жол.

Мекиен дуадақ – ұрғашы дуадақ.

Бәйек болу – жаны қалмай құрақ ұшу.

Қанатын қомдау – қанаттарын ұшуға ыңғайлау.

«Пікір білдіру» тәсілі.

Сұрақтар:

1-топ. Жазушы дуадақтың сыртқы бейнесін қалай сипаттаған? 2-топ. Құстың балапанын қорғау сәтін тауып, оқы.

3-топ. Әңгімені оқығанда өзіңде қандай сезімде болдың?

Саралау

Барлық оқушылар суреттегі дуадақ пен автордың сипаттауын сәйкестендіреді. Басым бөлігі мәтінді оқыған кездегі өз сезімдерімен бөліседі. Кейбір оқушылар жануарларды өздері қалай қорғайтындығы туралы айтады.

Тиімділігі: берілген сауалға өз ойларын нақты айтуға үйренеді.


Дескриптор:

-Мәтінді талқылайды;

-Сөздікпен жұмыс жүргізеді;

-Кейіпкерге сипаттама жасайды

-Мінез – құлқына, іс-әрекетіне баға береді.


«Ой тастау» әдісі арқылы дуадақтың іс-әрекетін кез келген «АНА» жасайтындығын түсіндіре отырып, алдымызда келе жатқан 8-наурыз халықарарлық әйелдер мерекесі, аналар мерекесімен, өмірмен байланыстыра отырып балалармен Сергіту сәтін жасау.

М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Ана сен бақыттысың» әнін оқушылармен бірге орындау.


Дәптермен жұмыс жүргізу:

1.Дуадақтың балапанын құтқару үшін жасаған әрекетін немен теңестірер едің? Сұрағына жауап жазады.

2. «Аспан айналып жерге түскендей» тіркесін түсіндіру


Дескриптор:

-Сұраққа нақты жауап жаза алады;

-Тіркесті түсіндіреді.


Слайд 4-6














Слайд 7












Сурет, видео



Сөздік














Сөздік,

Суреттер























Видео, өлең







Соңы

30-35мин

«Пікіріңді айт» айдары

Дуадақ мәшиненің артынан ұмтылмағанда балапанынан айрылуы мүмкін бе еді?

«Бағала» айдары

  • Дуадақ - қандай құс?

  • Мәтіндегі қай кейіпкерге мінездеме берер едің?

Қалыптастырушы бағалау алу:

Дуадақты сипаттайтын сөздерді қорша

Батыл мейірімді зұлым мекиен үлкен кішкентай агроном қорқақ баяу

Жинаған балапандарын санай отырып бағалау

Кері байланыс

Оқушыларды жинаған балапандары бойынша бағалау.

Сабақты қаншалықты түсінгендерін көру мақсатында балапанның 3-деңгейін пайдалана отырып, кері байланыс жасау

Үйге тапсырма:

121-123 бет мазмұндау

Қалбайға хат жазу, сұрақ қою.

Стикер арқылы кері байланыс жасау





М.Мақатаев атындағы №140 гимназия



Күні: 04.03.2020жыл









Ашық сабақ

Тақырыбы:

Жануарлардың сипаты



Мұғалім: Қанатқызы Ләззат

Сынып: 4 «Е»

Пәні: әдебиеттік оқу













Алматы 2020жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
4319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі